Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEU.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.23 Кб
Скачать

15 Билет

15 Билет

1.Биотикалық фактор дегеніміз не ?

15 Билет

1.Биотикалық фактор дегеніміз не ?

Биотикалык факторлар – бир организм тонирегиндеги баска организмдердин тиршилик арекеттеринин тигизетин асерлеринин жиынтыгы. Ол асерлер алуан турли сипатта болады. Бир организм екинши бир организмге корек, тиршилик ортасы болады. Ар турге жататын организдер бир-бирине озара асерин тигизеди. Мысалы, осимдиктер жануарларга кажетти оттегин болип шыгарса, жануарлар атмосферага комиркышкыл газын шыгарады. Бул газды фотосинтез аркылы осимдиктер пайдаланады.

2.Мезоклимат

Мезоклимат – бұл орманның , егіс даласының , шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклиматқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайыи салқындау және ылғалдырақ.

3.Уэбстер жүйесінің үш тұжырымын көрсет

Уэбстер бойынша жүйе дегеніміз «біртұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер». Олай болса , жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар, шекаралар жатады.

Жүйелердің 3 түрін бөліп көрсетеді

  1. Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды

  2. Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды

  3. Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат және энергия алмасуы болады. Бірақ барлық биологиялық жүйелер ашық жүйелер. Себебі олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.

16 Билет

1. Осмос тұжырымы туралы түсінік

Ерітінділердің тұздылығымен осмос құбылысы байланысты. Осмос (грек тілінен аударғанда osmos-қысым)-жасушаның жартылый өткізгіш мембранасы арқылы суда еріген заттардың бір жақты диффузиясы. Жасушалардың мембранасы арқылы су оңай өте алады да, ал жасуша шырынында еріген заттарды өткізбейді. Дененің ішкі жағы мен сыртындағы осмос қысымының айырмашылықтарына байланысты ағзаға үнемі су енеді, сондықтан тұщы сулардың гидробионттары суды суды сыртқа шығарып отыруы керек.Осыған байланысты оларда осмос реттеу процесстері жақсы дамыған

2. Эдафиттік факторлар дегеніміз экологиялық фактор ретіндегі топырақтың қасиеттері топырақ структурасымен, белгілі бір суөткізгіштігімен және аэрациялануымен сипатталады. Топырақтың жоғары қабатында өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтер – фосфор,азот,кальций,калий және т.б. шоғырланған. Топырақтағы суда газдар, ерігіш тұздар, қоректік заттар мен тірі ағзалар үшін улы заттар да болады. Топырақ ерітіндісі қышқыл, нейтралды немесе сілтілі болуы мүмкін. Топырақ ағзаларының тіршілік әрекетімен тығыз байланысты юолғандықтан, оған бірқатар биологиялық ерекшеліктер тән. Өсімдіктердің тамырлары өсу,өлу және ыдырау барысында топырақты қопсытады, да белгілі бір структураны құрайды. Сонымен қатар олар басқа ағзалардың тіршілік етуіне жағдай жасайды. Жер қазушы жануарлар топырақмассасын араластырып отырады, ал өлгеннен соң микроорганизмдер үшін органикалықзаттың көзі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]