
- •1 Билет
- •1.Абиотикалық факторлар дегеніміз не ?
- •3.Бергман ережесі туралы түсінік ?
- •2 Билет
- •1.Биотикалық факторлар дегеніміз не?
- •2.Аллен ережесі туралы түсінік ?
- •3.А.Лотканың жасаған тұжырымы ?
- •5 Билет
- •1.Экологиялықваленттілік дегеніміз не ?
- •3.Климакс ұғымы нені білдіреді және оны кім енгізген ?
- •1.Альбедо дегеніміз не?
- •3. Биосфера туралы түсінік және оны еңгізген ғалым ?
- •8 Билет
- •9 Билет
- •2.Оттегінің циклі?
- •11 Билет
- •1.Агрожүйе дегеніміз не ?
- •2.Тірі затқа тән қасиеттер ?
- •Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)
- •Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы
- •Тірі организмдердің көбеюі
- •Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы
- •Тірі организмдердің өзгергіштігі
- •Тірі организмдердің өсуі мен дамуы
- •Тірі организмдердің тітіркенгіштігі
- •Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі
- •3.Оңтүстік Қазақстанның су ресурстары
- •2. Экологиялық білім беру дегеніміз не ?
- •3.Альбедо туралы түсінік
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •3.Уэбстер жүйесінің үш тұжырымын көрсет
- •16 Билет
- •3.А. Хопкинс зерттеуі туралы қысқаша мәлімет
- •17 Билет
- •17 Билет
- •2.Рекреациялық ормандарға жасалатын зақымдануды кеміту үшін қандай іс шаралар жүргізіледі ?
- •3.Экологияның негізгі қызметі
- •18 Билет
- •1. Қазақстанның қазба байлықтары туралы қысқаша мәлімет
- •2. Каспий аумағының экологиялық жағдайлары.
- •3.Фотопериодизм
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •2.Экология ғылымы туралы мәлімет
- •22 Билет
- •2.Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды қандай экожүйелерге бөледі?
- •23 Билет
- •24 Билет.
- •25 Билет
2. Экологиялық білім беру дегеніміз не ?
Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
3.Альбедо туралы түсінік
Альбедо (көне лат. albedo — ақ) — дене бетінің өзіне түскен электр магниттік сәуле не бөлшектер ағынын шағылыстыру қасиетін сипаттайтын шама. Ол дене бетінен шағылған ағынның оның бетіне түскен ағынға қатынасы арқылы анықталады. Альбедо — Күн жүйесіндегі планеталардың т.б. денелердің маңызды сипаттамасын білдіретін шама.[1]
Альбедо (лат. аіЬесіо — аппақтық) — қандай да бір дененің немесе беттің шағылдыру қабілетін сипаттайтын шама. Беттің немесе дененің шағылған радиациялық ағынының түсетін радиация ағынына қатынасымен анықталады;
Альбедоның мәні: ылғал топырақ — 5—10%, орман — 5—20%, шөп жамылгысы — 20—25%, жаңа жауған қар - 70—90%. Альбедометрмен өлшенеді.
13 Билет
1. Атмосфера[1] — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын,жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.
Осмостық қысымды түсіндіру үшін алдымен ерітінділердегі диффузияны қарастырайық. Мысалы, көк түсті мыс сульфатынын бетіне жайлап айдалған су қоссақ, су молекулалары төменгі қабатқа, ал мыс сульфатының молекулалары жоғары қабатқа өтіп, бүкіл көлемде ерітіндінің қоюлығы (концентрациясы) теңескенге дейін диффузия құбылысы жүреді. Әрине бүл құбылыс еріген зат молекулаларының жылулық қозғалысының нәтижесінде энтропиялық фактордың әсерінен өздігінен жүреді.Ерітіндінің барлық жерінде химиялық потенциялы теңескенге дейін яғни ерітінді көлемінде олардың құрамдас бөліктерінің бірдей болып таралуына дейін құрамдас бөліктер химиялық потенциал көп жерден аз жеріне қарай диффузияланады.
Енді жүйенің бір бөлігі екінші бөлігінен жартылай өткізгіш мембрана арқылы бөлінетін жағдайды , қарастырайық. Жартылай өткізгіш мембранаданерітіндінің бір құрамдас бөлігі өте алады (мысалы, су), ал екінші бір құрамдас бөлігі (мысалы, еріген зат) өтпейтін болғандықтан, бір бағытта жүретін яғни еріткіштіңерітіндіге қарай жүретін диффузияны байқауға болады. Міне осы бір бағытты диффузияны осмос деп, ал оны болдыратын мембрананың бірлік ауданына түсетін күштіосмос қысымы деп атайды.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтыларэталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.