Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУЖ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
197 Кб
Скачать

11.Қазіргі заманғы қолданылып жүрген тура уақыт жүйелері: Linux Works, Inc. Фирмасының LynxOs 4.X туж

Коммерциялық тура уақыт жүйелерінің ішінде Ресей және ТМД елдерінде сатылу көлеміне байланысты жетекші жүйелердің тобын бөліп қарауға болады. Олар VxWorks, OS9, LynxOS, QNX, pSOS, VRTX.

Төмендегі кестеде қазіргі кезде қолданылып жүрген тура уақыт жүйелері жөнінде мәліметтер және олардың ерекше сипаттамалары көрсетілген.

Linux Works фирмасының Linux OS®4.x тура уақыт жүйесі (ТУЖ-сі) кешенді құрал жабдықтар мен телекомуникациялық жабдықтарды жасаушылардың қатаң тура уақыт режимінде жұмыс істейтін кірістірілген жүйелердің программалық қамсыздандыруын жасау үшін арналған.

Lynx OS®4.x тура уақыт жүйесінің негізгі қасиеттері :

  • Көптапсырмалық және көпағындық қосымшаларды қолдайды.

  • Linux операциялық жүйесімен ABI (Application Binary Interface) деңгейінде, обьектілік файлдар форматтары, API сұраныстары , DLL динамикалық қосылатын кітапханалар, орындалу кезеңіндегі жинақтау және жүктеу деңгейлеріндегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Lynx OS жүйесінің бұл қасиеті тура уақыт жүйелері үшін ерекше және қолданушылар үшін өте пайдалы болып табылады. Жүйе сонымен қатар, Unix және Java жүйелерімен жұмыс істейді.

  • Posix.1003-1 стандартымен толығымен үйлесімді, сонымен қатар тура уақытта жұмыс істеу мен жіптермен (ағындармен) жұмыс істеу мүмкіндіктерін анықтайтын Posix.10003-1b және Posix.1003-1с бөлімшелерімен де үйлесімді.

  • Көпплатформалылық. Түрлі өндіруші фирмалардың жабдықтары үшін арналған аппараттық архитектуралардың жиынтығымен (IA-32, Power PC, MIPS, ARM, XScale, IBM) жұмыс істейді.

  • Жүйені жасау жұмысын жасау үшін арналған мақсатты жүйенің (self-hosted) өзінде де, қолдануға арналған инструменталдық компьютерде де (host) орындауға болады.

  • Жауапкершілікті талап ететін қосымшалар үшін арналған ОЖ болып табылады. «Жылдам алмастыру»/ «Жоғары қолжетімділік» (Hot Swap/ High Availability) қасиеттерімен ерекшеленетін қазіргі заманғы жүйелерді және резервтеудің коэфиценті жоғары болатын құралдарды жасау үшін қажетті барлық мүмкіндіктермен жабдықталған.

  • LynxOS-178 бұл - LynxOS жүйесінің DO-178 стандартына сәйкес сертификатталған версиясы. Ол әскери және аэрокосмостық бағытта қолданылатын мобильді жүйелердің сенімділігіне қойылатын жоғары талаптарына толық сәйкестікті білідіреді. Сонымен қатар LynxOS-178 жүйесінің медицина, атомдық кәсіпорын (промышленность) және байланыс салаларындағы жауапкершілікті талап ететін қосымшалар үшін арналған TCP/IP сертификатталған стегі бар.

  • LynxOS жүйесінің өзінің, сонымен қатар host-жүйелердің (Linux, Windows, Solaris) жасау құралдарының үлкен санымен ерекшеленеді.

Қатаң тура уақыт қосымшаларын қолдау мүмкіндіктері:

  • тапсырмалар саны шектелмеген;

  • приоритеттер саны – 256;

  • тапсырмалардың диспетчеризациясы приоритеттері бойынша ығыстыру көмегімен орындалады. Диспетчеризацияның 4 алгоритмі (FIFO, Priority Quantum, Round Robin, ығстырылмайтын) қолданылады;

  • тура уақытта диспетчеризациялаудың тиімді алгоритмін қолдану көмегімен тапсырмалар арасындағы алмасу уақытының детерминантығы.

  • тапсырмалардың өзара жұмыс жасау құралдарының POSIX стандартындағы (семафорлар, бөлінетін жады, сокеттер, сигналдар, каналдар, мьютекстер, шартты айнымалылар) және Unix systemV терминдеріндегі (хабарламалар кезектері, семафорлар, бөлінетін жады) түрлері қолданылады.

  • POSIX сағаттары мен тура уақыт таймерлерімен жұмыс істеу мүмкіндігі.

  • приоритеттердің түрлі деңгейлері үшін және таймер бірлігінің (tick) мәнін анықтау мақсатында уақыт кванттарын конфигурациялау.

  • тапсырмалардың орындалуын қорғалған режимде жүзеге асыру, MMU (Memory Management Unit) режимін толығымен қолдану.