Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУЖ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
197 Кб
Скачать

46.Тура уақыт жүйелеріндегі тапсырмалардың периодтылығы бойынша жіктелуі. Мысалдар

47.Тура уақыт жүйелерінің жіктелуі (уақыттық шектеулер қатаңдығы бойынша, жұмыс жылдамдығы бойынша, арнайы программалық қамсыздандыруды қолдануды қажет ететін және қажет етпейтін белгілері бойынша)

48.Тура уақыт жүйелерінің құрылымдық мінездеушілері бойынша классификациясы

Төмендегі суретте жүйелердің үш түрлі белгісі бойынша классификациясы көрсетілген:

  • класс (тура уақыттың ескерілмеуі, жұмсақ және қатаң тура уақыт)

  • күрделілігі (бір адрестік кеңістік, көп адрестік/қорғалған)

  • стандарттау (дербес шешім, POSIX жиынтығы, тек POSIX, UNIX және POSIX)

Құрылымдық мінездеушілері бойынша классификация

Динамикалық дамып отырған кез келген сала секілді тура уақыт операциялық жүйелер саласында қатаң теория қалыптаса қоймаған. Дегенмен мұндай жүйелерді жасауды бірнеше түрлі тұрғыдан қарастырады.

Құрылымдық мінездеушілері бойынша тура уақыт операциялық жүйелерін мынадай етіп жіктейміз:

  • орындалушы тура уақыт жүйелері

  • тура уақыт ядросы

  • тура уақыт UNIX-тері

Орындалушы тура уақыт жүйелерінің негізгі белгісі – жүйені жасау және орындаудың түрлі платформалық болуы. Тура уақыт программалық қосымшасы жүйені жасаушы host-компьютерде жасалып ядромен біріктіріледі де орындалуы үшін мақсатты жүйеге енгізіледі. Әдетте тура уақыт қосымшасы параллелизмі threads – нити – «жіп» көмегімен жүзеге асырылатын бір тапсырма болып табылады.

Мұндай типті жүйелердің бірқатар жетістіктері бар, олардың ішіндегі негізгілері – жүйенің жылдамдылығы және реактивтілігі. Бұл типті жүйелердің жоғары реактивтілігінің басты себебі - тек «жіптердің», яғни ағындардың (наличие потоков) бар болуы. Нәтижесінде олардың арасында бірінен-біріне процестермен салыстырғанда аз уақытта өзара тез алмасуы. Бұл басты жетістікпен бірнеше кемшіліктер де байланысты болады. Мысалы, «жіптің» тоқтауы жүйенің толық тоқтауына әкелуі, жаңа қосымшаларды динамикалық түрде іске қосудың мәселелері. Сонымен қатар, мұндай типті жүйелер аса жоғары қымбаттылығымен ерекшеленеді (шамамен 20 мың доллар). Дегенмен, жүйелерді жасаудың мұндай кластың сапасы мен функционалдығы жақсы бағаланады. Бұл кластың әйгілі өкілі ретінде VxWorks операциялық жүйесін атауға болады. Оның қолданылу облысы – реакция берудің жақсы уақытымен қамсыздандырылған кішігірім тура уақыт жүйелері.

Тура уақыт ядросы класына тура уақыт механизмдерін толық жүзеге асыруға болатын монолитті ядросы бар жүйелер енеді. Мұндай типті жүйелер бастапқы кезден бастап-ақ жақсы жобаланған. Орындалушы тура уақыт жүйелері мен тура уақыт UNIX-терімен салыстырғанда мұндай операциялық жүйелерді жасаушылар жеткілікті уақыт мерзімімен және барлық қажетті құралдармен жабдықталды. Мысалы, Microware фирмасы OS-9 жүйесінің алғашқы вариантын жасау үшін 3 жыл жұмсады.

Мұндай операциялық жүйелердің ерекшеліктерінің бірі – жоғары деңгейде масштабтала алатындығында. Олардың негізінде кішігірім көлемді тура уақыт жүйелерін де, серверлік кластың үлкен жүйелерін де жасауға болады. Тура уақыт ядроларын жасаудың екі – жылдам және орнықты (кроссовую и резидентную) түрлері қолданылады. Бұл класқа енетін жүйелер модульді түрде жақсы құрылымданған және тура уақыт арнайы механизмдерінің жетілдірілген жиынтығымен қамсыздандырылған, сонымен қатар шағын әрі алдын-ала болжамды. Бұл класқа енетін кеңінен таралған OS-9 және QNX жүйелерін атауға болады.

Тура уақыт UNIX-тері

Тура уақыт жүйелері UNIX операциялық жүйесінің жасалу және даму кезеңімен сәйкес келді. Сол себепті олардың көбісі UNIX операциялық жүйесінің концепциясын пайдаланған. Тура уақыт жүйелерін жасаушы мамандар тобының бір бөлігі UNIX операциялық жүйесінің ядросын көшіріп алып, қолданушының жүйемен жұмыс істеуші интерфейсін толығымен сақтаған. Мұндай идеяның жүзеге асырылуы ядроның бастапқы текстін қолдану мүмкіндігіне шектеу болмағанына байланысты аса күрделі болмай, нәтижесінде сапалы жүйелер пайда болды. Мұнда тура уақыт та ескеріліп, компиляторлар, пакеттер, түрлі инструменталдық жүйелер сияқты қолданушы қосымшаларының барлық жиынтығы қарастырылған.

Дегенмен, тура уақыт UNIX жүйелерінің де кемшіліктері бар. Олардың тура уақыт жүйелері жеткілікті түрде үлкен болып, бастапқы екі класс жүйелерімен салыстырғанда реактивтілігі төмендеу болды. Бұл класқа енетін танымал операциялық жүйе ретінде Lynx OS жүйесін атауға болады.