Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУЖ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
197 Кб
Скачать
☆

39.Тура уақыт жүйелерінде қолданылатын технологиялар: тура уақыт жүйелері.

Тура уақыт жүйелері - уақыттық шектеулері бар параллель жүйелер болып табылады. Олар коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік қосымшаларда кеңінен таратылған.

«Тура уақыт жүйесі» деп аталатын термин әдетте құрамына тура уақыт қосымшасы, тура уақыт операциялық жүйесі, тура уақыт енгізу-шығару ішкі жүйесі, сонымен қатар арнайы құрылғылардың драйверлері мен сол құрылғылардың датчиктері (енгізу құрылғыларынан) және механизмдері (шығару құрылғыларынан) енетін жалпы жүйеге қатысты айтылады.

Тура уақыт жүйелері әдетте өте күрделі болады. Себебі олардың жұмысы бір-бірімен тәуелсіз енуші оқиғалардың үлкен көлемімен және түрлі шығыс ақпаратын жасаумен байланысты. Келіп түсетін оқиғалардың жиілігі әдетте алдын ала белгісіз, дегенмен, программаға қойылатын талаптардағы уақыттық шектеулерді бұзбау үшін оларға реакция беру жеткілікті түрде жылдам орындалуы тиіс. Келіп түсетін оқиғаның ретін де алдын ала болжау мүмкін емес. Сонымен қатар, ақпараттың ену көлемі кездейсоқ түрде және айтарлықтай болып өзгеріп отыруы мүмкін.

Сурет1.Тура уақыт жүйесі

40.Тура уақыт жүйелерінде тапсырмаларды басқару әдістері. Апериодты тапсырмаларды жоспарлауға сәйкес әдістер.

Фонды түрде орындау әдісі. Бұл әдіс апериодты тапсырмаларды өңдеудің ең қарапайым әдісі болып табылады. Ол апериодты тапсырмаларды процессордың периодты тапсырмаларды орындауынан босаған кезде іске қосылады.

Сұрау әдісі .Апериодты тапсырмалардың орындалуын қолдау үшін приоритеті жоғары жеке периодты тапсырманы қолдайды. Бұл екі әдіс апериодты тапсырмалардың орындалу жауабын алу уақыты маңызды болған жағдайда тиімсіз болады.

Кезек күттірмейтін сервер алгоритмі. Мұнда приоритеті жоғары болатын және периоды міндетті түрде қысқа емес, периодты серверді қолдайды. Бұл сервер апериодьы тапсырма келіп түскен жағдайда іске қосылып, болмаған жағдайда жұмысын уақытша тоқтатып отырады.

Соңғы мүмкіндік әдісі. Бұл алгоритм апериодты тапсырмаға жауап берудің минимальды уақытын қамтамасыз ететіндігімен барлық мүмкін әдістер ішіндегі ең тиімдісі. Бұл әдіспен жоспарлау кезінде , егер орындалуы тиіс апериодты тапсырма бар болса, келесі периодты болатын тапсырма өзінің соңғы мүмкіндігіне дейін , соңғы іске қосылу уақыт моменті туылғанға дейін іске қосылуын тоқтатады. Бұл әдіс периодты тапсырмалардың өз мезетінде орындалуын қамтамасыз етіп, апериодты тапсырмаларға жауапты тапсырмаларға жауапты реакцияны жоғарылатады. Бұл әдістің қолданылуы кезінде бастапқы жүйе жұмысы басталғанға дейін периодты тапсырмаларды жоспарлау үшін арналған приоритеттері белгіленген кез келген алгоритм қолдана алады. Барлық периодты тапсырмалардың приоритеті апериодты тапсырмаларға қарағанда жоғары болады.

41.Тура уақыт жүйелерінде тапсырмаларды басқару әдістері: Deadline monotonic (dm) әдісі.

Бұл әдіс шектік мерзімдері аз немесепериодтары тең болатын тапсырмаларды жоспарлау үшін қолданыла алады.Жоспарлау схемасында шектік шамасына қойылатын қатаң шектеуді жеңілдетеді.Бұл жағдайда тапсырмаға дайындалған приоритет оның шектік шамасына кері пропорционалды болады.Яғни шектік мерзімі ең қысқа болатын тапсырма оның периодына тәуелсіз ең жоғары приоритетке ие болады.Егер 2 тапсырманың шектік мерзімдері бірдей болатын болса, онда олар бір-біріне қатысты қараған да тағайындалатын приоритет кездейсоқ алынуы мүмкін.Приоритеттерді тағайындаудың бұл әдісі тиімді болуы үшін мынадай шарттар орындалуы тиіс:

  • Тапсырмалар жиыны қатаң тапсырмалардың белгіленген жиынынан тұруы керек

  • Тап-ң периодты, периодты емес болуы мүмкін

  • Тапсырмалар үшін олардың орындалуының ең нашар жағдайына сәйкес уақытын білдіретін уақыт моменті анықталуы тиіс