Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.85 Кб
Скачать

42.Тура уақыт жүйелерінде тапсырмаларды басқару әдістері: edf әдісі

Бұл динамикалық әдіс.Бұл әдісте приоритеттердің тапсырмаларға тағайындалуы олардың ағымдағы уақыт моментіне орындалуының шектік мерзімі ескеріледі.Бұл жағдайда шектік мерзімі жақын болатын тапсырманың приоритеті де жоғары болады.Егер приоритеттері белгіленген тапсырмалар жиыны үшін орындалу кестесін анықтау мүмкін болса, онда осы әдістің көмегімен орындалуы мүмкін болып табылатын кестені анықтау мүмкіндігі керек уақытта жүзеге асады.Сол себепті бұл әдісті тиімді санайды.Дегенмен бұл әдіс жүйенің асыра жүктелуі кезінде қиындықтар туғызады.Жүйенің асыра жүктелуі кезінде қажетсіз әрекеттерді орындауы қауіпті деп санайды.Дегенмен қатаң ТУЖ жүйенің асыра жүктелуіне жол берілмейді.Себебі,бұндай нәтиже қауіпті қорытындыға әкелуі мүмкін.Сондықтан мұндай жүйелер үшін іске қосылған барлық тапсырмалар ,,, барлық шектеулері есепке алынатындай етіп қарастырылады

43.Тура уақыт жүйелерінде тапсырмаларды басқару әдістері: Rate monotonic (rm) әдісі.

Тапсырмалардың периодтарына негізделе отырып статикалық приоритеттер тағайындайды.Бұл әдісте приоритеттер мына түрде анықталады:периоды ең аз тапсырма ең жоғарғы приоритетке ие болады.Бұл әдіс қолданылатын статикалық барлық алгоритмдерінің ішінде ең тиімдісі б.т.Аталған RM тұрғыда қарастыру мынадай шектеулермен анықталады

  • Барлық тапсырмалар бір*бірінен тәуелсіз болуы тиіс.Яғни олардың арасында ортақ ресурс не қатынас болмауы тиіс.

  • Барлық тапсырмалар периодты болуы тиіс

  • Барлық тапсырмалар орындалуы кезінде приоритеті жоғары тапсырмамен тоқтатыла алынуы тиіс.Дегенмен тапсырманың ешқайсысы сыртқы оқиғаларды күту кезінде тоқтап қалмауы тиіс.

  • Орындалу уақыты тұрақты болуы тиіс

  • Барлық тапсырмалар олардың орындалуына эквивалентті шектік болуы тиіс.

  • 44.Тура уақыт жүйелерінде тапсырмаларды басқару әдістері: Кідірісті болдыратын сервер (ds) және приоритеттермен алмасу алгоритмі.

Бұл әдістер апериодты тапсырмаға бастапқыда бөлінген жүйе ресурстарын қолжетімді түрде сақтайды.Бұл әдістер жүйенің жауап қайтару орташа уақытын жақсартады.Приоритеттермен алмасу алгоритмдері жоғары приоритеттік периодты серверлік жұмысы үшін бөлінген уақытты апериодты тапсырмалар үшін қажет болған кезде басқа приоритеті төмен периодты тапсырмаларға бөліп береді.Ал кідірісті болдыратын сервер әдісі апериодты тапсырмалар болмаған жағдайда олардың орындалу уақытын басқаларға бермейді.Оның орнына орындалу уақытын апериодты тапсырма келіп түскенге дейін сақтайды.Бұл әдіс жүзеге асыруда қарапайым , ал орындалуда жақсы нәтиже әкеледі.

45.Тура уақыт жүйелерінде тапсырмаларды басқару әдістерінің классификациясы

Қазіргі кезде тапсырмаларды басқарудың алуан түрлі әдістерінің көптеген түрі бар.Олардың әрқайсысы жүйелердің белгілі бір класында қолдануға арналған және шектеулердің белгіленген жиынтығына негізделді.Тапсырмаларды басқару әдістерін мынадай тұрғыда қарастырады:

  • Статикалық жоспарлау

  • Динамикалық жоспарлау

  • Уақытқа негізделген жоспарлау

  • Апериодтық тапсырмаларды жоспарлау

  • Приоритеттермен басқарылатын жоспарлау

Статикалық жоспарлау.Қолданып жүрген әдістердің көбісі статикалық жоспарлауға жатады.Мұнда тапсырмалардың жұмыс кестесі жүйе жұмысының басталуына дейін құрастырылып , оның жұмыс кезінде тұрақты болады.Жүйе циклды түрде қайталанып отырады.Сонымен қатар жүйеде жұмыс істеудің бірінен бірі тәуелсіз режимдері бар болып , олардың бірінен екіншісіне өту, алдын-ала белгіленген уақыттан бұрын орындалуы мүмкін.Сондықтан әдетте нақты жұмыс кезінде басталғанға дейін түрлі жағдайларға арналған бірнеше кесте құрылады.Мұннан кейін жүйенің жүзеге асырылуы кезінде кестелер ауыстырылып отырады.Бұл әрекет белгіленбеген кездейсоқ уақытта немесе алдын-ала белгіленген уақытта жұмыс істеу режимін алмастыру қажет болған жағдайда орындалады.

Динамикалық жоспарлау. Кезінде жоспарлаушы әрбір уақыт моментіндегі ағымдағы тапсырмалар жиыны жөнінде толық ақпартқа ие болады.Тапсырмалардың берілген жиынын жоспарлау кезінде оның алдағы уақытта п.б. тапсырмалары жөнінде ешқандай мәліметтері болмайды.Сондықтан уақыттың өзгеруімен байланысты кесте өзгеріп отырады.Жоспарлаудың динамикалық алгоритмдерінің саны статикалық түрінен қарағанда аз қолданылады.

Уақытқа негізделген жоспарлау кезінде жүйенің статикалық талдануы орындалып,қандай тапсырма қашан басталатынын анықтайтын кесте құрастырылады.Бұл кестеде көрсетілегн әрбір тапсырманың түріне сәйкес анықталатын басталу уақыты орындалудың ең нашар жағдайына сәйкес немесе тапсырмалар арасындағы барлық өзара тәуелділіктерді ескере отырып негізделеді.Мұннан кейін бұл кесте өзгертіле алады.Жоспарлаушының тапсырманың барлық түрлері жөнінде толық қосымша мәліметтері болуы мүмкін.Тапсырмалардың көптеген алуан түрлі өзіндік шектеулері болатындығына сәйкес нақты түрде орынладытн кестені анықтау үшін түрлі әдістер(мыс мат прог-ң әдісі) қолданылады.Көп жағдайда тармақтар және шекаралар әдістері қолданылады.

Апериодты тапсырмаларды жоспарлау. Жоғарыда аталған периодты тапсырмаларды жоспарлаудың принциптерін апериодты тапсырмаларды жоспарлауға да қолдануға болады.Мұнда олар жұмыс барысында жоспарланады.Бастапқыда тапсырмалардың барлығының шектік мерзімдері реттеліп ,содан соң кесте бірнеше жұмыс интервалдарына бөлінеді.Содан соң осы интервалдар үшін жаңадан п.б. апериодты тапсырмаларды жоспарлауда қажет болуы мүмкін қосымша уақыт аралықтары анықталады.Сонымен қатар мұндай тапсырмаларды жоспарлаудың басқада әдісін қолдануға болады.Оны қолданылуы кезінде тапсырманың орындалуын, тапсырманың барлық уақыттық шектеулері ескерілетіндей етіп ,уақыт бойынша солға не оңға жылжытып отырады.Бұл жағдайларда тапсырмалар үзілісті болады.

Приоритеттермен жоспарлау кезіндестатикалық жоспарлау жүргізіледі.Бірақ мұнда кесте құрастырылмайды.Тек барлық тапсырмалардың приоритеттері орындалады.Жұмыс істеу кезінде приоритеттері ең жоғары бірнеше тапсырма іске қосылады.Егер бұл кезде приоритеті төменірек тапсырма орындалып жатса онда оның жұмысы бірден тоқтатылып процессор приоритеті жоғары тапсырмаға ауысады.Приоритеттер тапсырмалардың уақыттық шектеулеріне байланысты орындалады.