Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.85 Кб
Скачать

36.Тура уақыт жүйелерінде қолданылатын технологиялар: Параллель қосымшалар.

Есептеуіш техниканың алғашқы даму кезеңінде компьютерлік қосымшалар негізінен пакеттік тапсырмалар болып табылады. Программалар тізбектей орындалып, автономды режимде жұмыс істейді. Тізбектей қосылатын программалық барлық әрекеттері қатаң күрделі кезекпен орындалады. Қазіргі кезде пайда болған интерактивтік программалардың үлкен саны және таратылған микропроцессорлық жүйелерге өту тенденциясы айқындала бастаған кезде көптеген қосымшалардың параллель жұмыс істейтіні олардың белгіленген әрекеттері, логикалық бір мезгілде орындалатындығы анықталады. Мұндай параллелизмнің тізбектей жұмыс істейтін программаның құрылымының күрделенуіне әкеледі. Оны болдырмау үшін әрбір әрекетке жеке тапсырма тағайындап қойған жөн. Мұндағы ұқсас тапсырмалар бір мезгілде орындалып, бір-бірімен өзара қатынаста болып, ақпарат алмасады және өз жұмыстарын синхрондайды.

Қазіргі кезде таратылған және тура уақыт жүйелердің көп саны параллелизмді қолданады. Параллельдік қосымша үшін бір мезгілде орындалатын бірнеше тапсырма тән. Мұнда сыртқы оқиғалардың келіп түсуі айқын болмағандықтан оларды өңдеу периодтары да бір-бірімен қатар жүреді. Мысалы, көп қолданушылық интерактивті жүйемен бір мезгілде бірнеше адам жұмыс істейді және олардың қайсысы келесі өткізу әрекетін орындайтынын алдын ала айту мүмкін емес.

Тізбектей жұмыс істейтін қосымша пассивті объектілер мен басқарудың жалғыз бір ағыны бар тізбекті программа болып табылады. Бір объект екінші объектінің операциясын шақырған кезде басқару шақырушы операциядан шақырылған операцияға беріледі. Шақырылған операция өзінің орындалуын аяқтаған соң басқару шақырған операцияға қайта оралады. Тізбектей жұмыс істейтін қосымшада хабарламаларды жіберудің тек синхронды түрі ғана қолданылады.

Параллель жұмыс істейтін қосымшаларда бірнеше белсенді объект бар болып, олардың әрқайсысының басқару ағыны болады. Бұл жағдайда хабарламаларды жіберудің асинхронды әдісі қолданылады. Яғни белсенді жіберуші объект асинхронды хабарламаны белсенді қабылдаушы объектіге жібереді де ақпараттың адресатқа жетіп жетпеуіне байланыссыз жұмысын жалғастыра береді. Егер қабылдаушы объект хабарламаның келіп түсуі кезінде басқа жұмыспен айналысып бос болмаса, онда хабарлама кезекке қойылады.

Параллель жұмыс істеудің мұндай концепциясы операциялық жүйелерді, деректер қорын, тура уақыт жүйелерін интерактивті және таратылған жүйелерді жобалау кезінде кеңінен қолданады. Мұндағы кездесетін ең негізгі қиындық – қосымшаны параллель орындалатын тапсырмаларға бөлу және олардың арасында ақпарат алмасу құралдарын ұйымдастыру және тапсырмалардың бір-бірімен синхронды жұмыс істеуінде болып отыр.

37.Тура уақыт жүйелерінде қолданылатын технологиялар: Программалаудың объектілік - оқиғалық моделі

Соңғы кезде программалық қамсыздандыруды жасаудың ақпараттық жүйелер және басқарушы тура уақыт жүйелері деп аталатын екі ауқымды облыстарының біріктірілу тенденциясы байқалады. Үлкен ақпараттық жүйелерді клиенттердің көп санына қызмет етуде программалық қамсыздандырудың реакция беру адекваттылығы мәселесі пайда болады. Басқарушы тура уақыт жүйелері қандайда бір арнайы жабдықтарды басқарып қана қоймай, дерек қорында жұмыс істейді. Мұндай қосымшаны жасау үшін объектілерге бейімделген конфигурацияларды параллель өңдеу әдістерімен біріктіру керек.

Тура уақыт жүйелерінің негізгі құрылымдық бірлігі объект болып табылады. Объекттер бір-бірімен өзара байланыста болады. Объектілер таратылған жағдайда әрқайсысы өзіне тән басқалардан ерекше жеке жағдайды қалыпты ұстайды. Объектілер параллель орналасқан жағдайда әрқайсысы потенциалды түрде басқалармен параллель әрекет ете алады. Объектілер байланысқан жағдайда олардың әрқайсысы басқаларына байланысу желілері арқылы хабарлама жібере алады. Аталған 3 сипаттаманы қамтамасыз ететін жүйені жасау ең қиын инженерлік есептердің бірі болып табылады.

38.Тура уақыт жүйелерінде қолданылатын технологиялар: таратылған жүйелер және қосымшалар.

Таратылған қосымша деп географиялық тұрғыда әр жерде орналасқан бірнеше тораптардан құралатын ортада орындалатын параллель қосымшаны айтамыз. Тораптардың әрқайсысы жекелеген есептеуіш жүйесін құрап, жүйелердің өздері локальды немесе глобальды желімен байланысты. Таратылған қосымшаларға қажетті программалық қамсыздандыру өте күрделі және алуан түрлі болған таратылған жүйе терминімен әдетте: таратылған операциялық жүйелер, таратылған файл жүйелері, басқарудың микроконтроллерлік жүйелері, таратылатын дерек қорлары және т.б. білдіреді.

Таратылған түрдегі өңдеудің мынандай жетістіктері бар:

  1. Жоғарғы деңгейдегі қол жетімділік; Егер кейбір тораптар уақытша өолжетімсіз болып қалса, онда операция жеңілдетілген конфигурацияда орындалады. Қайтарудың жалпы нүктесі болмайды;

  2. Икемді конфигурация; Бір қосымшаны әр түрлі әдістермен тораптардың түрлі сандары көмегімен конфигурациялауға болады;

  3. Жүйені кеңейту мүмкіндігі; жаңа тораптарды қосу есебінен жүйені жеңіл түрде кеңейтуге болады;

  4. Шығындарды азайту