Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.85 Кб
Скачать

19.Пәндік облыстың модельдері мен әдістері. Анықтамалар

ТУЖ-не американдық ғалым Донольд Гиллистің берген анықтамасын қарастырайық. ТУЖдеп-есептеулер дұрыстығы нәтиженің логикалық корректілігіне ғана тәуелді емес. Сонымен қатар осы нәтижені алу уақытынан да тәуелді болатын жүйені айтады. Егер жүйенің уақыттық параметрлері берілген параметрлерге сәйкес болмаса,онда жүйе дұрыс жұмыс жасамайды.

Күй- объектінің басқа объектілерімен өзара әрекет етуге олардың сұраныстарын қабылдауға дейін болатын тұрақты күйі. Күймен объектінің белгілі бір іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін(мысалы,кіріс және шығыс).Күй бірнеше ішкі күйлерден құралып күрделі болуы мүмкін. –оқиға (событие)-хабарламаны қабылдау немесе таймер әрекеті уақытының аяқталуы

- әрекет (дейтвие)-хабарламаны немесе таймер жіберу, таймерді орнату, код блогы.

-тапсырманың келіп түсу уақыты-берілген тапсырманы орындау қажеттігі туатын уақыт. Тапсырманы шақыру (вызов задачи)-келіп түскен тапсырманың орындалуының баста-уы.

-Жоспарлаушы – қандай нәтиже қай уақытта есептелуі қажет екендігін анықтайтын механизм жоспарлаушы жұмысының нәтижесі кесте д.а.

-Жоспарлау (не басқару) саясаты деп жоспарлаушының келесі процесті қалай таңдайтынын орындауға берілетін процестер кезегінің қалай құралатынын және әрбір процестің орындалуына қанша уақыт бөлінетінін анықтайтын ережелер жинағын айтамыз. ТУЖ-нің спецификациясына қатысты анықтамаларды қарастырайық:

  • Масштабталатын - әрбір жекеленген функциясын жүйенің толық-функционалдығына ешбір зияны тимейтіндей етіп, динамикалық түрде өшіру, не қосуға болатын модульдіктің жоғары деңгейімен есеп-н ОЖ мұндай ОЖ шешілетін есептеріне байланысты flash-тасымалдаушысына немесе қатты дискіге орнатылуы мүмкін.

  • Микроядролық -арх-ң негізіне негізгі функцияларды жүзеге асырушы микроядро деп аталатын орындалушы кодтың арнайы бөлігі алынған ОЖ.

  • Көпқолданушылық ОЖ-бір мезгілде бірнеше қолданушымен жұмыс істеуге арналған ОЖ.

  • Көптапсырмалылық ОЖ.-бірнеше тапсырманы параллель орындауға арналған ОЖ. Шын мәнінде көптапсырмалылық ОЖ болуы үшін бірнеше микропроцессордың бар болуы қажет, дегенмен, қазіргі заманғы ОЖ-лер псевдо-параллель жұмыс істеу-ң қолайлы механизмдерімен қамтамасыз етілген.

  • Желілік ОЖ-өзіндік аппараттық қамтам-у ресурст-н ғана қолдануға емес с.қ протоколдар көмегімен қашықтағы ресурс-н өзара жұмыс істеуге арналған ОЖ.

20.Пәндік облыстың модельдері мен әдістері. Орындалу ортасы

Кез келген ОЖ-нің негізгі мақсаты-оның жұмысы кезінде компьютер ресурстарын тиімді түрде басқару ОЖ-ң қолданушы не қолданушыларымен сұхбатын ұйымдастыру үшін арналған барлық әрекеттері мынадай қарапайым әрекеттермен жүзеге асады.

  • Программалар мен қызметтер жұмысының орында-н бас-у

  • Дискіден ақпарат оқу не оған жазу

  • Желі бойынша ақпарат алмасу

Сонымен қатар, осы аталған қарапайым әрекеттер үйлесімді түрде орындалып, жүйенің жұмысы кезінде ешқандай қайшылық жағдайларды тудырмауы тиіс. Ол үшін ТУЖ-ң орындалу ортасына қойылатын талаптарды атап өтейік:

  • Жады бөліктерін алмастыра пайдалану не қажет кезінде ғана жүктеу қажеттілігін болдырмау үшін жүйені жадыға толық резиденті түрде орналасу.

  • Жүйенің барлық ресурстарын максималды түрде тиімді қолдану мүмкіндігін қамс-у үшін жүйенің көп тапсырмалығын жүзеге асыру.

  • Үзіліспен жұмыс істеуде пр-і бар ядроның болуы.

Үзіліске қатысты приоритет деп белгілі бір приоритеті бар іске қосуға дайын процестің приоритеті одан неғұрлым төмен болатын процеске қарағанда артықшылығы міндетті түрде бар болып, одан бұрын орындалуға берілетінін білдіреді.

Приоритеті жоғары болатын тапсырма келіп түскен сайын ядро оған сәйкес кез келген сервистік қызметін сақтап отырады. Бұл жүйе жұмысының алдын-ал болжана алатындығын қамтамасыз етеді.

Приоритеті бар диспетчер. Қолданбалы программаны жасаушы маманға әрбір жүктеуші модулге жүйеге тәуелсіз болатын приоритет тағайындау мүмкіндігін береді. Приоритеттерді тағайындау орындалуға дайын программаларды іске қосу кезегін анықтау үшін қолданылады. Диспетчерлік жұмыстың бұл түріне карусельдеп аталатын альтернативті диспетчерлік әдіс ұсынылады. Мұндай әрбір дайын программаға іске қосылудың бірдей мүмкіндігі беріледі. Бұл әдістің қолданылуы кезінде қай программа және қашан орындалатынына ешбір бақылау орнатылмайды. Бірақ тура уақыт ортасында мұндай жағдай болмауы тиіс.Приоритетті тағайындау принципінежәне үзіліске қатысты приоритеті бар ядросына негізделген диспетчерлік басқару қолданбалы программа жасаушы маманға жүйені толық бақылау мүмкіндігін береді. Егер приоритеті жоғарғы оқиға тағайындалатын болса, онда жүйе приоритеті төмендеу тапсырманы өңдеуді тоқтатып, жаңадан келіп түскен сұранысқа жауап береді. Аталып өткен қасиеттердің барлығы бірігіп тура уақытта орындалудың тиімді және пәрменді ортасын орнатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]