Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

16.Ренталық қатынас теориясы.

Табиғат ресурстары рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына және жердің орналасуына байланысты болады

Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.

- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.

- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.

Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.

Жерді иемдену - жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер теліміне құқығын мойын-дау. Негізінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемдігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайда-лану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тэртіпке сай жерді пай-далану. Жерді пайдаланушының жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сэйкес емес.

Жаңа классикалық мектеп өкілдері ресурстың сатылатындығы өте тиімді, қолайлы деген көзқарасты қолдайды. Өндірістің эртүрлі факторының баға дэрежелерін салыстыру өндірушіге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде еңбек пен капиталдың үйлесімділігі, шығындар мен тиімділік туралы маңызды мәліметтер береді.

Жер рентасына байланысты ренталық қатынастар туындайды, ол: біріншіден, қоғам мен жер иелерінің, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жерді пайдалану жөніндегі қатынастар; екіншіден, жер иелері мен жерді жалға алушылар арасындағы өндіріс жэне жер рентасын бөлу жөніндегі қатынастар; үшіншіден, жер иелері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жер өнімдерінің бөтенсуі жөніндегі қатынастар.

Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып отырған мэселелер:

- жер рентасының нақты сандық анықталуы;

- жер рентасын қоғамдық мүқтаждықтар үшін пайдаланудың жэне алудың қағидаларын негіздеу;

- жер рентасын жер салығы жэне жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;

- жер учаскелеріне бағаны анықтаудың әдістемесін негіздеу.

17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.

Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары: -қосымша құнның нормасы; -қызмет атқаратын капитал мөлшері -еңбек өнімділігінің артуы; -қосымша құн бөлігінің қорлануы немесе тұтыну арасындағы пропорция; Осы аталған факторлардың барлығы да бір мезгілде жүзеге асады. Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша құрылымы өзгереді. Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады: капиталдың шоғырлануы, капиталдың орталықтануы. Капиталдың орталықтануы бұл қосымша құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың оталықтану дегеніміз капиталың бірігу жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте барлық капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады. Капиталдың орталықтануының бір түрі акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы өндщірітің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барыгша өнідіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыру. Практикада қорлану күрделі қаржыны тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен қайта жабдықтауға, мәдениет тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция немістің investition деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капиал мөлерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделоі қаржыға қарағанда ең мағына береді. Инвестицияның қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау жатады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]