Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

12.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.

Жалақы дегеніміз жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы экономикалық қатынасты көрсетеді.

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы, рыноктық факторлар - сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2.Жалақы жұмыс күші- тауардың қүнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жүмыс күшінің құны), рыноктық факторлар - сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жүмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Жалақы номиналды және нақты жалақы ұғымдары болып бөлінеді.Номиналды жалақы деп жұмысшыға өзінің еңбегі үшін төленетін ақша сомасы аталады.Нақты жалақы дегеніміз алынған ақша сомасына толып жатқан өмірлік игіліктер мен қызметтерді иемдену мөлшерімен өлшенеді. Ол номиналды жалақымен тікелей байланыста және тауар мен қызметтерге баға деңгейіне кері байланысты тұр.Жалақы екі формада болады: мерзімді және кесімді.Мерзімді жалақы жұмыс ұзақтығымен анықталады. Оның өлшемі еңбекті сағатына төлем болып табылады.Кесімді төлемде жалақы өндірілген өнім көлеміне байланысты болады. Оның мөлшері бір бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады.Нарық процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда- еңбек күмәніз, ал жалақы- жұмыскердің еңбегін пайдалану бағасы деп есептеледі. Еңбек пен тараптан қаралып, пайда алушының қандайы болмасын, ол соның іс-әрекеті деп түсініледі. Осы бағыттан қарағанда, елдің ұлттық табысының көлеміндегі жалақының үлесі елеулі болады. Жалақының жалпы дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты жіктеліп дараланады. Бұған жалақының кең деңгейлі әр түрлі нақты ставкалары жатады. Осымен қатар еңьбек нарығындағы бәсекенің әртүрлі факторлары, кәсіподақтарының ықпалы, мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты, кәсіпкердің жұмыскер жалдауға жұмсайтын шығындары, қолданылып жүрген еңбекақы жүйесінің ерекшеліктері әсер етеді.

13.Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.

Өндіріс процесінде ресурстар пайдаланылады. Ресурстар –материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Ресурстардың бес түрін ажыратуға болады:

1.Табиғи ресурстар –бұл адамның тіршілік етуінің табиғи жағдайларының барлық жиынтығының бір бөлігі, өндіріс процесінде пайдаланылатын қоршаған ортаның ең маңызды құрамдас бөліктері (топырақ, су ресурстары, пайдалы қазбалар);

2.Еңбек ресурстары –еңбекке жарамды жастағы халық, жұмыс күшіне ие адамдар;

3.Өндіріс құралдары (машиналар, жабдықдыр) және қоғам өндірістік процес үшін бөлетін ақшалай қаражат түріндегі капитал;

4.Ақпараттық ресурстар –автоматтандырылған өндірістің қызмет етуіне және оны компьютерлік техника көмегімен басқару үшін қажетті мәліметтер;

5.Кәсіпкерлік қабілет –басқа ресурстардың барлығын игіліктер мен қызметтер жасау мақсатында үйлестіру мен құрамдастыру бойынша әрекет түрінде көрінген адамдар капиталының айрықша түрі.

Ресурстардың абсолютті жәнее салыстырмалы шектеулігі ажыратылып жүр. Абсолютті шектеулік ретінде өндірістік ресурстардың қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін айтады. Егер қажеттіліктер шеңберін тарылтса, онда қажеттіліктердің абсолюттік шектеулігі салыстырмалы болады, өйткені кажеттіліктердің шектеулі шеңбері үшін ресурстар салыстырмалы түрде шексіз болмақ. Өндіріс процесінде ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады. Ресурстар өндіріс факторлары, өнім жасау факторлары ретінде көрінеді. Әрбір адамның өндірілуіне қажетті өзінің факторлар жиынтығы бар. Факторлар былай жіктеледі:

  1. Өндіріс процесінде жүзеге асатын еңбекке деген қабілеттіліг бар адам ресурстары;

  2. Табиғи ресурстар және адамдардың бүкіл қызметінің нәтижесінде өзгеретін, олардан жасалатын материалдар еңбек заттары ретінде көрінеді;

  3. Адамдар олар арқылы еңбек процесінде заттарға әсер ететін еңбек қызметінің жинақталған ресурстары (еңбек құралдары, жабдықтар) еңбек құралдары ретінде көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]