Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

34.Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.

     

 Экономикалық  циклдарды зерттеушілердін бірі — А. Шпитгоф. Ол 1905 жылы экономикалык циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А. Шпитгоф эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп, циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін, өйткені мұндай зерттеулер кездейсоқ, абстрактылы қорытындыларға емес, нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіңдік беретінін дәлелдеді.

Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі К.Маркс берген индустриялық қоғамның макроэкономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. "Капиталистік ұдайы өндіріс циклі" маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары циклдер болып саналады.

Дағдарыс - жиынтық сұраныс, тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс "күшпен" тепе-тендікке келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына өтеді.

Тоқырау - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай-күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі денгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып, екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады; өндірістік капиталдый негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жанарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін кұрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу кайтадан дағдарысқа түсу процестері болады.

Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс аукымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге әсерін тигізеді.

Көтерілу деңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылық жоғары сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен, тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.

Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді. Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныспен бетпе-бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.

35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Бұларды өндірістің жүзеге асуына байланысты бөледі.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды шаруашылық - әртүрлі тауарлар ішкі тұтыну үшін және өндірушінің өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріледі.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалды өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналды. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және  өндірушіелердегі артық өнімнің құрылуына  алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды.

Тауарлы шаруашылық дегеніміз - өнім айырбас және сату үшін , яғни қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндіріледі. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.

Натуралды және тауарлы шаруашылық ерекшеліктері:

 

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]