Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

9.Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктері

Экономикалық категориялар экономикалық ғылымда қолданылатын қоғамдағы экономикалық қатынастарды анықтайтын түсініктер немесе терминдер. Мысалы: тауар, құн, баға, ақша, капитал, пайда, сұраныс, ұсыныс, бәсеке және т.б.

Экономикалық заңдар қоғам дамуының әр түрлі сатыларында өңдеу, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну қатынастарын анықтап және басқарып отыратын ереже.

Экономикалық заңдардың түрлері:

  • Құндану заңы;

  • Сұраныс заңы;

  • Ұсыныс заңы;

  • Уақыт үнемдеу заңы.

Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-әрекетінен тәуелсіз емес.

Экономикалық зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезенде туындап, өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық зандарға орын береді. Әрдайым ескеретін жайт - ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды, тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз әрекетін тоқтатады.

10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.

Капитал дегеніміз:

  1. Өндіріс факторы

  2. Қызметтер мен тауарлар өндірісінде қолданылатын өндіріс құралдары және ақша қорлары

  3. Латын сөзінен аударғанда “бас” деген сөзден шыққан, яғни байлық көзін анықтайды.

Капитал айналымы қозғалыс процесінде әр түрлі қызмет атқарып, бастапқа формасына жоғарылаған көлемде қайтарылатын капитал.

Капиталдың ауыспалы айналымы үш сатыдан тұрады:

  • Ақшаны тауарға айналдыру және өндіріс құрал-жабдықтар мен жұмыс күшін сатып алу.

  • Сатып алған тауарды өндіріс процесінде пайдалану.

  • Өндірілген таурады ақшаға айналдыру.

Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді.

Капитал қорлануының факторлары:

  • Қосымша құнның нормасы;

  • Қызмет атқаратын капитал мөлшері;

  • Еңбек өнімділігінің артуы;

  • Қосымша құн бөлігінің қорлану және тұтыну арасындағы прапорция.

11.Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.

Капитал дегеніміз:

  1. Өндіріс факторы

  2. Қызметтер мен тауарлар өндірісінде қолданылатын өндіріс құралдары және ақша қорлары

  3. Латын сөзінен аударғанда “бас” деген сөзден шыққан, яғни байлық көзін анықтайды.

Капитал айналымы қозғалыс процесінде әр түрлі қызмет атқарып, бастапқа формасына жоғарылаған көлемде қайтарылатын капитал.

Капиталдың ауыспалы айналымы үш сатыдан тұрады:

  • Ақшаны тауарға айналдыру және өндіріс құрал-жабдықтар мен жұмыс күшін сатып алу.

  • Сатып алған тауарды өндіріс процесінде пайдалану.

  • Өндірілген таурады ақшаға айналдыру.

Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурс­тар­дың өндіріс пен айналыс сфераларынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.

Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бір уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:

N = O/t

Мұнда:

n - бір жылдағы айналым саны;

о - қабылдаған уақыт өлшемі (бір жыл);

t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық, түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық қорға айналуын - аммортизация деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]