Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

67. Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі (эссе).

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы — жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.

Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.

Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендету барысын жеңу.

Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмінің экономикаға және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жа¬ғынан, қаржы механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешу¬ге және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан, шаруа¬шылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қарамағында құралатын және қо¬ғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы қорлары арқылы жүзеге асырылады.

Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді.

68. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары (эссе).

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз ең алдымен жұмыс күшіне сұранымОл жұмыс күші нарығында және оның қоғамдық өндірісте пайдалануын да қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбек ақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу айқындалады. Бүгінгі еңбек мәселесіне келетін болсақ, біздің Республи-камызда еңбек нарығы әлі де күрделі және толық жетілмеген нарық түрі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселеге аса көңіл аударылады. Еңбек нарығының толық шешілмеген басты мәселесі деп жұмыссыздықты атап айту қажет.  Ғылыми жаңашылдығы мен қолданбалық маңызы. Осы мәселе туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақының 50% кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерден жоғары және өмр сүру минимумынан төмен болмайтын, жәрдем ақша беруге кепілдік береді. Олармен бірге мемлекет, жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны шектеу, шетел жұмысшыларының репартациясын ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімнен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыс қамту саясатын жүргізеді.

Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп, жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар жұмыссыз болатындарға үнемі жәрдем көрсетеді. Еңбек нарығын реттеудің құқықтық механизмі жұмыспен қамту және әлеуметік-экономикалық қатынастарды реттеу бойынша заң және нормативтік актілерді шығару жүзеге асырып келеді. Осы орайда ауыл жағдайын жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу, ауылға позитивті өзгеріс енгізу мақсатында ел басының «Дипломмен ауылға» атты бағдарламасы алғаш қадам аттады. Бұл да өз алдына оқуды аяқтаған жас мамандарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. 2009 жылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінен арнайы шаралар қабылданды. Жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қосымша 140 миллиард теңге бөлінді, ал жергілікті бюджеттер тағы да 51 миллиард теңге бөлді. Осының барлығы Үкімет тарапынан жасалып отырған халыққа деген қолдау. 

Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалықнарық. Сондықтан, еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды. Қазіргі кезде еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс арасында теңдестік жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]