Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

5.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.

Ақша дегеніміз тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын тауар. Капитал– кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яғни қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік. Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады. Жұмыс күші тауар құнының төменгі шекарасы болып жұмысшы өмір сүруге және еңбек етуіне қажетті өмір жабдығының құны жатады. Өмір сүруі үшін жұмысшы еңбек рыногында өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның жұмыс күші құнынан асып түседі, міне осы қосымша құн болып табылады. Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+ДА, ал ДА – ақша өсімі.

6.Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары.

Өндірістік шығындар тауарлар мен қызметтерді өндіруге байланысты кәсіпорынның жұмсаған ақшалай қаражаттары.

Экономикалық қызметіне байланысты шығындар екіге бөлінеді:

  • Айқын шығындар. Ішкі жабдықтаушылар арқылы өндіріс факторларына жұмсалған ақшалай төлемдер. Бұл шығындар нақты ақша қозғалысын көрсетеді. Сондықтан бухгалтерлік шығындар деп те аталады. Бұған жататындар еңбекақыға кеткен шығын, шикізат материалға кеткен шығын, амортизацияға кеткен шығын, арендалық төлем.

  • Айқын емес шығындар. Кәсіпорынның өзіне тиесілі меншігін тиімді пайдалану арқылы табатын мүмкін табыстар. Айқын емес шығындар кәсіпорынның бір бөлігін өндіріске пайдаланбай жалға беру арқылы қалыптасады.

Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты:

  • Қысқа мерзімді шығындар. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір өндіріс факторларының тұрақты болуы.

  • Ұзақ мерзімді шығындар. Өндірістің барлық факторларының өзгеруімен қатысты шығындар.

Өнім көлеміне тәуелділігіне байланысты байланысты шығындар:

  • Тұрақты шығындар. Өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелсіз бірқалыпты деңгейде сақталатын шығындар. Бұл шығындар өндіру процесі басталмастан бұрын пайда болады және ешнарсе өндірілмеген уақытта да төленеді. Түрлері: арендалық төлемдер, сақтандыру жарналары, жылжымайтын мүлікке төленетін салықтар, ғимарттар мен жабдықтардың амортизациясына бөлінетін қаржылар.

  • Айнымалы шығындар. Өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді және өнім шығарылмаған уақытта нөлге тең болатын шығындар. Түрлері: шикізат материалдарына, еңбек ресурстарына, отынға, электр қуатына, көлік қызметіне кеткен шығындар.

  • Шекті шығын. Қосымша өнім бірлігіне жұмсалған шығын.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

  • ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

  • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]