Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерліктің түрлері

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

  2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

  3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

  4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.

Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады.

51.Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.

Экон-қ цикл дег-бұл экон-да қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мунтипликатор әсерінің әлсіреуі және тұтыну мен инвестиция арасындағы  ауытқудың болуы. Экон-қ цикл теориясы, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экон-қ динамика теорияларына жатады. К.Маркс экон-қ цикл мәселесіне көп көңіл бөлген. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырады:. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Құлдырау тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы арқылы көрінеді. бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді; банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға  және экон-ң  басқа сфераларындағы кәсіпорын-ң банкрот болуына әкеледі. Құлдырау тоқыраумен алмасады. өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы онша емес. Проценттік норма барынша төиендейді. Бірақ бірте-бірте өсу нүктелері пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорын тауардың өндірісін көбейтеді жаңа өндірістік құбылыс өседі, пайда, қарыз проценті , жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. өсу құлдыраудың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады. Қазіргі жағдайда экон-қ циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол, біріншіден, экон-қ белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының  неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапазонының қысқаруы; үшіншіден экон-қ циклға рыноктың монополиялық құрылымының, Ғылыми техникалық процестің, өндірістің ғаламдануының, экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]