Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

48.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

  1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

  2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

  3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекті үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чембирлин, Дж. Робинсон, Дж. Хинс және басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.

Нақты жағдайда тек таза немесе жетілмеген бәсекелі "таза" монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.

Монополияны талдауда "монополия" ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан шығару дұрыс емес. Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма — тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе.

Монополист деген жақын субституттарда (яғни, өзара алмастыратын тауарлар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы жоғарыда айтылды. Монополист — сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. Өйткені үйреншікті түсінікте монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты.

Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.

Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы көбейте алады.

Жетілмеген бәсекелік жағдайында монополистің бағаға белгілі бір билігі бар. Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына байланысты әр түрлі. Бірақ бастысы — монополист саналы түрде пайда ең жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұндайда сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайды деп болжанады.

49.Ақша жүйесі және оның элементтері.

Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

  1. ақша бірлігі, яғни елде қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар және т.б.);

  1. баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен оның құрамындағы ақша металының салмақ мөлшері (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г. алтынға теңестірілді);

  1. эмиссиялық жүйе, яғни ақша мен бағалы қағаздарды жасап шығаратын мекемелер (мысалы, Қазақстан Республикасында - Ұлттық банк, Ресейде - Орталық банк және т.б,);

  2. ақша рәміздерінің түрлері, яғни айналымда заңды төлем құралы болып саналатын - несие қағаз ақшалар, айырбас монеталар жүйесі;

  3. ақша жүйесінің ұйымдары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Ақша айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік даму процесі болып табылады.

Айналыстағы ақшалардың міндеті - алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.

Алтынның несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.

Несие карточкалардың төлем құралы ретінде ақша қызметін атқаратын түрлері:

1. Қайта жаңартылатын карточкалар. Бұлар дүкен-дерде, мейрамханаларда және т.б. жерде қолданылады. Қарызды өтеген соң, бұл карточкалар қайта жаңартылады.

2. Бір айлық карточкалар, олар туристік фирмалармен есеп айырысу үшін пайдаланылады. Фирмалық карточ-калар әр айдың қарыздарын міндетті түрде төлеуі тиіс.

3. Фирмалық карточкаларды байланыстың әр-түрлі шығындарын төлеу үшін түрлі фирмалар шығарады.

4. Сыйға тарту, немесе «алтын», несие карточкаларын тек қана жылдық табыстары жоғары клиенттер үшін арнайы шығарады. Қазіргі таңда ақша эволюциясына электрондық ақша жүйесі тән, олардың көмегімен - банк шотынан ақшаны алу, салымдарды, төлемдерді қабыл-дау, чек кітапшаларын, дебет-карточкларын беру және т.б. сияқты ақша операциялары жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]