Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері.

Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталадыымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес.Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін мі ндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады. Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау

Ақша дегеніміз тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын жалпылама тауар.

Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.

Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады: Ақшаның металдық теориясы; Ақшаның номиналистік теориясы; Ақшаның сандық теориясы.

Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.

Ақшаның номиналистік теориясы құл иеленушілік құрылыс тұсында пайда болды. Бұл теория қазынаның табысын ұлғайту мақсатында монеталарды бұзылуын ақтау үшін, ақшаның ішкі құнының болуын теріске шығарды.

Ақшаның сандық теориясының өкілдерінің, пікірінше тауарлар бағасы мен ақша құнының деңгейі олардың айналыстағы санымен анықталады дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]