Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

40.Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.

Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:

- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.

- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.

Несие формалары мен түрлері. Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағнан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.

Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады

- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;

- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;

- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халыкаралық тұтынушылық несиелер.

Ақша – несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құраушысы болады. Көпшілік нарықтық, экономикалық мемлекеттерде, орталық банктерде атқарушы органдардан белгілі тәуелсіздіктері бар, бұл олардың эффективті қызмет ету кепілі ретінде қарастырылады. Бірақ орталық банктің тәуелсіздік үкіметтік құрылым шеңберінде Орталық банк мемлекеттік экономикалық саясаттың құрушысы және тексерушісі ретінде қарастырылады, ол жалпы мемлекеттік басқару механизміне қосылған.

Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

  1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

  2. экспанциялық ақша-несие саясаты.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:

  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

  2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету.Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-несие саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды. Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

41.Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.

Бәсеке – ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.

Бәсеке түрлері: Ішкі салалық–бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес салааралық–түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес Бағалық бәсеке–тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Бағалық емес бәсеке–техникалық артықшылықтардың арасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен және икемділігіменсатуға негізделген.

Бәсекелестік әдістемелері: –баға бәсекесі–өндіріс шығындарын азайтып, ассортиментті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмедету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес –күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану–қаржылық қулық-сұмдықтар, құнды қағаздармен алып –сатарлық жасау, өнекәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою; –бағадан тыс бәсеке–тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшеліктерін берілу субститут–тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет,жарнама. Бәсекеле нысандары:

1.кәміл бәсеке–еркін бәсеке нарығы,нарықтың классикалық үлгісі; 2.жетілдірілмеген бәсеке–нарықтың қазіргі үлгілері;

3.монополия–тауардың бағасына ыұпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі;

4.олигополия–бірнеше ірі фирмалар билейтін нарық;

5.монополистік бәсеке–біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық;

6.жасанды;

7.кездейсоқ;

8.табиғи.

Бәсеке–нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада болады, әр түрлі жолдармен іске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]