Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

38.Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістері.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны - қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді.

Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.

Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:

- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық

аумағындағы саясат;

- ақша саясаты;

- табыстарды реттеу саясаты;

- әлеуметтік саясаты;

- баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;

- сыртқы экономикалық реттеу;

Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша-кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

Негізгі экономикалық құралдар:

- есепке алу мөлшерін реттеу;

- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;

-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

Жалпы әдістер қатарына, мұны реттеу әдіснамасы деуге де болады, таным әдістері, жүйелілік әдісі, қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы т.б кіреді.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекелеген әдістеріне статистикалық, экономикалық математикалық т.б әдістер жатады. Көптүрлі статистикалық әдістердің ішінде реттеу ісіне қолдануға қолайлы келесі әдістерді атап көрсетуге болады. Олар:

  • Экстраполяция әдісі;

  • Экономикалық топтастыру әдісі;

  • Индекстік әдіс;

  • Бюджеттік әдіс.

39.Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып салу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Тұтынушылардың әр түрлі тауарларға деген сұраныстары көптеген факторларға байланысты:

  • Тауардың бағасы;

  • Басқа тауарлардың бағасы;

  • Тұтынушының табысы;

  • Тұтынушының тұрмыс деңгейі;

  • Тұтынушының талғамдары мен ұнатуы;

  • Өз перспективасы туралы тұынушының пікірі;

  • Тауар қанағаттандыратын қажеттіліктің маусымдылығы;

  • Үкіметтің экономикалық саясаты.

Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері төуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды.

Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:

  1. сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.

  2. кемитін шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады, демек, оларға баға кеміген жағдайда алынады.

  3. кіріс әсері және ауысу әсерімен. Кіріс әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда толық қаралады.

Экономистер сұраныстың өзгеру себептеріне мынадай сұраныстың бағалық емес факторларын(детерминанттарды) жатқызады:

  • нарықтағы сатып алушылардың саны,

  • сатып алушылардың табысы,

  • сатып алушылардың талғамы мен не нәрсеге ілтипат білдіретіндігі,

  • өзара байланысты тауарлардың бағасы,

  • тұтынушылардың алда не күтетіндігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]