Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

Экономикалық  өсу – адамзат қоғамының үдемелі  дамуын бейнелейтін ең маңызды  үдерістерінің  бірі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: - қолданылатын ресурстар сапасының өсуі; - ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту. 2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: - жұмыс күшінің санының өсуі; - капиталдың көлемі өсуі. 3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.

Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:

- еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;

- негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;

- өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;

- табиғи ресурстардың айналымының сандық және сапасының артуы;

- қоғамдық кәсiпкерлiк қызметтiң дамуы.

Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:

- нарықты монополизациялаудың төмендеуi,

- өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,

- пайдаға салықтың төмендеуi,

- несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т.б.

Негізгі факторлары:

  • Жетілдірілген ғылыми-техникалық жаңалықтар;

  • Негізгі және айналым қорларын тиімді пайдалану;

  • Шаруашылық қызметті тиімді пайдалану.

37.Нарықтық баға және оның функциялары.

Нарықтық баға – нарық жағдаятының, сұраныс пен ұсыныс заңдарының, бәсекенің ықпалымен қалыптасатын еркін баға. Нарықтық баға өзіндік құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша қосымша құн салығын, сатылым салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты мөлшері келісілген бағаның деңгейіне байланысты. Нарықтық баға шарттарда, бағаны келісу хаттамаларында немесе құжаттарда тиянақталады.

Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:

  • Сұраныс және ұсыныс қатынасы;

  • Әлеуметтік факторлар;

  • Мода және тауар болашағы факторлары;

  • Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары

Нарықтық экономикада баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын атқарады.

Өлшеу функциясы. Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.

Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді. Баға қоғам үшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты еңбек күші, материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын анықтайды.

Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра ұсыныс мен сұранысты теңестіреді.

Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.

Үлестіруші функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіру және қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.

Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі ретіндегі баға функциясы . Бұл функция келесіде сипатта айқындалады: жоғары пайданы алу үшін баға механизмі арқылы экономиканың бір секторынан екінші секторына және ең жоғары пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының құйылуы. Капиталдарды қайта үлестіру сұраныс және ұсыныс заңдарымен, бәсеке әсерінен жүзеге асады. Капиталдардың мұндай құйылуы бәсеке және сұраным ықпалымен кәсіпорындар, фирмалармен жүзеге асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]