Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

32.Инфляция: мәні, себептері, түрлері.

Инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасады. Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз. Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты да жіктеуге болады:

Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:

  • ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

  • жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;

  • инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.

Таралу орнына қарай:

  • локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

  • дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

  • Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

  • Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

  • Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.

  • Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

  • Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

33.Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Ұсыныс дегеніміз – тауар өндірушілердің нарықта сатуға дайын , бағасы белгіленген тауарлар жиынтығы. Әрбір сәтте өз тауарларын нарыққа ұсынушы өндірушілердің жағдайлары әрқилы болып келеді. Олардың бір бөлігі тауарды көп өндіріп, нарыққа көп әкеледі, басқалары аз өндіріп, аз әкеледі. Олардың бәрі де өз тауарларын мейлінше жоғары бағамен сатуға тырысады. Оның өзінде тауарларының бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым белсенді түрде көбірек сатуға, яғни оның ұсынысын ұлғайтуға тырсады. Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады.

Ұсыныс икемділігіне ықпал ететін факторлар:

  1. Ұзақ сақтауға қабілет пен сақтау құны. Ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін емес тауарлар үшін, ұсыныс икемділігі төмен болады.

  2. Өндірістік үдерістің ерекшелігі. Өндіруші тауар баға өскенде өндірісті кеңейтуі мүмкін немесе өндіруші бағаның төмендеуі кезінде басқа өнімді шығара бастауы мүмкін, онда бұл тауардың ұсынысы икемді болады.

  3. Уақыт факторы. Өндіруші бағаның өзгерісіне лезде жауап қайтара алмайды, құрал, шикізат және қосымша жұмыс күшін жалдауға белгілі бір уақыт қажет немесе жұмысшыларды қысқартып, банк кредитімен есептесу қажет және т.б.

Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.

Эконмистер ұсыныстың өзгеру себептеріне ұсыныстың бағадан тыс факторларын жатқызады: басқа тауарлардың бағасы, ресурстар бағасы, технологиялар, салық пен дотация, нарықтағы сатушылар саны, алдағы уақыттан күту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]