Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ek_teor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
741.89 Кб
Скачать

27.Тауар және оның қасиеттері. Еңбек-құн теориясы.

Тауар дегеніміз адам еңбегінің нәтижесінде өндірілетін өнім.

Тауардың негізгі қасиеттері:

  • Тұтыну құны қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру;

  • Кез келген басқа тауарға айырбастау;

Құн — тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы — экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі.

Құн заңы — нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды.

Жаңа классикалық мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне тәуелдісубъективті санат деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін экономикалық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешуге принципті жаңа көзқарасты — шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшын У.Джевонс пен А.Маршалл, австриялық К.Менгер, Ф. фон Визер, Э. фон Бм-Баверк, швейцариялық Л.Вальрас, америкалық Дж.Б. Кларк , швед К.Виксель. Мұндай көзқарас құндылық белгілі бір затқа тән нәрсе емес, ол тек заттың пайдалылығы туралы және оның біздің мұқтажымызға қаншалықты сай келетіні туралы түсінігімізді көрсетеді деген пайымдауға негізделді. Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық деп аталады.

 Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық деп аталады.

Шекті пайдалылық теориясы “жаңа классикалық экономикалық талдау” немесе саяси экономиядағы екінші классикалық жағдай деп аталды

Құн теориясын жинақтау, яғни екі құндылықты өзара бірлікте және бір мезгілде айқындау әдісін қолдану. Жаңа жүйені жақтаушылардың көзқарасы бойынша, құн шамасы рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігімен байланысты, ал тепе-теңдіктің өзі тепе-тең тәуелсіз күштер ретіндегі пайдалылық пен шығынның әрекеттестігі кезінде қалыптасады. Жалпы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айырбас құны не нәрсе деген мәселе төңірегінде болған екі ғасырлық пікірталас қазіргі заманғы жалпы бәсекелік тепе-теңдік теориясы шеңберінде құнының функциялық теориясын жасаумен аяқталды.Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының негізгі әрекетнің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]