Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
313 Кб
Скачать

36.Еуропадағы рекреациялық туризм.

Рекреациялық туризмнің ең ірі нарығы Еуропада қалыптасқан, негізінен оның екі аймағында – Батыс жəне Оңтүстік. Осы екі аймаққа Еуропаға келушілердің 60% тиеді. Еуропада жəне əлемде туристерді ең көп қабылдайтын ел – Франция. Францияда туристер мынандай объектілерді əзірлейді: 1) халықаралық көрме өткізу үшін 1889 ж. инженер Эйфельмен құрылған «Эйфель мұнарасы». Жыл сайын 5 млн-нан аса туристер келіп тұрады; 2) əлемдегі ең ірі мұражай – Лувр, 30 мың-нан аса адамдар келеді; 3) Версаль – француз сарайы, шамамен 3 млн адамды қабылдайды. Жəне Францияның жағажайлары: Француз Ривьерасы, Лазур жағажайы. Франциядан басқа, Еуропаның қабылдаушы елдеріне Испания мен Италия жатады. Олар жыл сайын 80 млн-нан аса рекреациялық мақсатпен келушілерді қабылдайды. Еуропа елдерінен шетел сапарына шығатындар жалпы əлем көлемінің 70% құрайды. Бұл елдердің ішінде Германия – 1-ші орында болса, Ұлыбритания – 2-ші орынды алады. Соңғы жылдардағы Орталық жəне Шығыс Еуропа елдеріндегі демократизациялық процестері туристік сұраныстың географиясына елеулі өзгерістер енгізді. Тоталитарлық режимнің күйреуімен бұл елдердің тұрғындары əртүрлі мақсатпен сапарға шығуға мүмкіндік алды. Польша, Румыния, Чехияда шетелге шығу нарқы кеңейе түсті.

37.Америкадағы рекреациялық туризм.

Еуропадан кейін əлем бойынша туристерді Америка аймағы қабылдайды. Кіру туристік ағымдар 4 аймаққа бағытталады: Солтүстік Америка, аралдағы мемлекеттер мен Кариб бассейні, Оңтүстік Америка, Орталық Америка. Америка аймағында сапардың 10-нан 7 Солтүстік Америкаға тиеді. Еуропада сияқты, Америкада туристік ағымдардың басым бөлігі аймақ ішінде шоғырланады. Ең қарқынды туристік алмасу процесі Солтүстік Американың үш елінің арасында жүреді: АҚШ, Канада жəне Мексика. Əсіресе, АҚШ-тан Мексикаға туристік ағым ДТҰ бойынша əлемде ең ірі болып саналады. Аймақаралық алмасудың басты бағыты – бұл: 1) Еуропа – АҚШ-тан туристік ағымдар Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Испанияға бағытталады; 2) ШАТА – АҚШ-тан Қытай, Жапония, Корея, Сингапурға. Өзге туристік аймақтар – Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия американдармен нашар игерілген.

38.Шата-дағы рекреациялық туризм.

ШАТА-дағы халықаралық туризм ХХ ғ. 80-ші жж. дами бастады. ШАТА-ның кіру нарығын Еуропа мен Америка құрайды. Олардың үлесіне 18% тиеді, ал Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия - 3% алады. Негізгі туристік ағымдар Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азияға бағытталады. Бірге олар туристік келушілердің 90% құрайды. Əйгілі туристік елдер: Қытай, Таиланд, Корея,Гонконг, Сингапур,Индонезия, Тайвань.ШАТа-ның шығу нарығын Жапония құрайды. ШАТА-дан шығы сапарлардың 1/3 бөлігі Жапонияға тиеді. Жыл сайын жапондар 30 млн сапар жасап тұрады. Жапондар АҚШ, Италия, Гонконг, Корея, Таиланд, Австралияға барады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]