Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.

Платон ірге философиялық еңбектердің авторы: «Сократ апологиясы», «Парменид», «Горгий», «Федон», «Мемлекет», «Заңдар» шығармаларының көпшілігі сұхбат түрінде жазылған.

Платон философиясының негізгі қағадалары мынадай: - материалдық заттар өзгермелі, тұрақты емес, уақыт өткен сайын құрдымға кетеді; - айналадағы қоршаған орта да өзгермелі, уақытша, дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды; - шын мәнінде тек таза идеялар ғана бар; - таза идеялар мәңгі және тұрақты; кез келген зат пен құбылыс сол зат туралы алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана; Материалды әлем идеялар әлемінің бейнесі болғандықтан, таным процесіннің негізгі объектісі таза идеялар бола алады. Таза идеяларды сезімдер арқылы тануға болмайды, оларды тек ақылдың көмегімен тануға болады. Платон – бір тұтас, жүйелі философиялық ілім жасаған алғашқы грек философы. Оның құрамында әлем, адам, оның жаны және қоғам мен мемлекет туралы көзқарастар бар. Платонның пікірінше, әлем үшқабаттан тұрады. Ең жоғарғы және негізгі қабат – идеялар әлемі, екіншісі – адамдар тұратын материалдық әлем, ал үшіншісі түнек, яғни идеяның күйреуі. Ойшыл құрметтеген негізгі идеялар қатарына, этикалық сипаттағы Ақиқат, Игілік, Әдемілік және Әділеттілік идеялары жатады. Платон өз идеяларын екі немесе одан көп тыңдаушылар қатысатын сұхбат түрінде баяндаған. Олардың біреуі әруақытта Сократ болған, Сократ авторлық идеяны жеткізуші, түсіндіруші.Сұхбат ерекше көтеріңкі, поэтикалық түрде өрбіген. Қажет уақытында автор философиялық сипаттағы мифтік шығармашылықты да кеңінен пайдаланған. Мәселен, Платон үңгір туралы мифте материалдық әлемдегі адам санасының кейпін бейнелейді. Өзіңіз көз алдыңызда елестетіңізші: бір үңгірде оның қабырғасын ғана көре алатындай етіп байланған тұтқын отыр. Үңгірге кіре берісте қолына шырақ ұстаған адамдар әрі бері қозғалып жүр, жанған оттар көрінеді. Тұтқын үңгірдің қабырғасынан не көре алады? Бұлыңғыр, ары бері қозғалып жүрген көлеңкені ғана көреді. Үңгірдің сыртында не болып жатқанын ол біле алмайды. Адам әлемде болып жатқан оқиғаларды білетін сияқты, ол шын мәнінде ол шындықтың көлеңкесін ғана біле алады, яғни идеяның жарық түсіруін ғана сезе алады. Платон өз шығармашылығында мемлекет мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттің бірнеше түрлерін анықтайды:

Монархия – бір адамның әділетті билігі. Тирания – бір адамның әділетсіз билігі. Аристократия – азшылықтың әділетті билігі.Олигархия – азшылықтың әділетсіз билігі. Демократия – көпшіліктің әділетті билігі. Тимократия – көпшіліктің әділетсіз билігі. Платон мемлекеттік құрылымның өзіндік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша: мемлекеттің барлық халқы үш сословиеге – философтар, әскерлер, жұмысшылар – бөлінеді; жұмысшылар ауыр қара жұмыспен айналысып, материалдық игіліктерді жасайды, аз көлемде меншік иесі бола алады; әскерлер ұдайы өзін - өзі шынықтырады, жетілдіреді, қоғамда тәртіп пен реттілікті қамтамасыз етіп отырады. философтар әлемді таниды, мемлекетті басқаруды үйретеді, философиялық теориялар жасайды. Философтар мен әскерлер жеке меншік иесі бола алмайды. - мемлекет тұрғындары бос уақыттарын бірге өткізеді, бірге тамақ ішеді, бірге демалады. Платон философиясының тарихи маңызы мынада: бірінші рет философ іргелі философиялық туындыларды дүниеге келтіреді; идеализм бағытына негіз болды; бірінші рет тек табиғат қана емес, қоғам мен мемлекет мәселелері жан – жақты талқыланды; ұғымдық ойлаудың негізі қаланды; философиялық мектеп – Академия пайда болды. Платон Академиясы – Афина қаласының маңында 387 жылы құрылған діни – философиялық мектеп болды. Оның ең атақты шәкірттері:

  • Аристотель

  • Ксенокрит

  • Кратет

  • Аркесилай

Академия 529 жылы Византия императоры Юстинианның бұйрығымен жабылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]