
- •2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
- •4. Буддизм философиясы.
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы.
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
- •8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
- •10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.Б.).
- •13. А.Августин мен ф.Аквинскийдің діни философиясы.
- •14. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
- •16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.Б.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19. Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі.
- •20. «Неміс классикалық философиясы». И.Кант философиясы.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
- •22. Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
- •23. Л.Файербахтың антропологиялық философиясы.
- •24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.
- •26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
- •28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
- •31. XIX ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.
- •32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. (қара сөздерінен қараңдар)
- •33. XX ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36. Марксизм философиясы.
- •В.И. Ленин, т.Б. Бастаған төңкерісшіл бағыт.
- •Э.Бернштейн, т.Б. Бастаған реформашылдық бағыт.
- •37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38. Гуссерельдің феноменологиясы.
- •39. Сана және бейсаналық: з.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы.
- •40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
- •42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.
- •43. Таным және оның түрлері.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
- •2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
- •3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
- •46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
- •48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
- •49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
- •52. Қоғамды философиялық талдаудың негіздері
- •53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59.Философиядағы адам мәселесі.
- •60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.
- •1) Индустриалдық қоғамнан сервистік қоғамға өту;
- •2) Технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық білімнің шешуші мәні;
- •3) Жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының негізгі құралына айналдыру.
59.Философиядағы адам мәселесі.
Адам –табиғилықтан және қоғамдықтың бірлігі.Бұл орайда олардың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын атап көрсету қажет.Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өзінің кіші бауырларының,яғни жан-жануарлар мен хайуанаттардың тағдырын бөліседі.:туады,ауырады,ішіп-жеуге қажеттілікті басынан өткізеді,соңынан ұрпақ қалдырады,өледі.Адам бойындағы биологиялық жағдай оны хайуан бабаларымен жақындастырып,туыстырып қана қоймайтынымен бірге оның жана,жетілген биологиялық жағдайының сол жан-жануарлардан айырмашылығын да білдіретіне назар аудару қажет.Адамның қоғамдық өміріне ықпал ететін оның төмендегі тұқымдық организмі ерекшеліктерін көрсете кетуге болады:анатомиялық ерекшклігі ретінде және қоршаған орта жағдайларын жақсы көруіне қолайлы тік жүруі,икемді саусақтары бар ебдейлі қолдары,үш өлшемді көріп ,кеңістікте бағытты дұрыс ұстауға жәрдемдесетін және екі жаққа емес,қарсы алдына тура біткен қырағы көзжанары,психикалық жағынан алғырлыққа бастайтын үлкен миы мен күрделі жүйке-жүйесі,дауыс ырғақтарының алуан механизмі,тілді дамытуа жасайтын көмейі мен ернінің орналасуы.
Адам проблемасы философия тарихында.Бұл мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып келеді.Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік проблемасын қарастырды.Оның ілімінің негізгі этикалық қағидасы:<Өзіңе тілемейтін нәрсені өзгеге жасама!>болды. Будизмді өмір қайғы-қасіретке толы,алайда оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі де өзіне байланысты деп түсіндірілді.Аристотель адамды <ажалды құдайдай > деп түсініп,адамның биік мақсаты –бақыт деп тұжырымдады.Бақыт пен жоғарғы игілік адамға тән,ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда,яғни белсенділіктің арқасында жетеді.Демек,жай ғана өмір сүрумен тынбау керек,себебі өсімдіктер де тіршілік етеді,ал сана белсенділігі – адамға тән мақсат. Материалдық игіліктердің молдығы өз-өзінен бақыт жасай алмайды,ал олардың жоқтығы бақыттың беделін әбден түсіруі де ықтимал. Ортағасырлық томизм ілімінде кез-келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің дұрыстығы айтылды:еркек пен әйелдің одағы,бала өсіріп-тәрбиелеу –игілік,өйткені табиғат заңдылығы солай.рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп,ақиқатқа ұмтылу жазылған. Гуманист,философ математик,сәулетші Л.Альберти- «Адам өліп,шіріп кету үшін емес,өндіру үшін туады.Адам далақдап бос жүру үшін емес,өзі қуана алатындай ұлы және даңқты істерге ұмтылу үшін,сондай-ақ жетілген қайырымдылығын пайдаланып,бақыт табу үшін туады.Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске тез жетеді.Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға дағдыланғандар ғана төзеді»
Ренессанс дәуіріндегі,адамды «табиғат кереметі» деп есептеді.Ф.Бэкон,Р.Декарт,Б.Спиноза адам бақыты оның өз қолында деп санады.Адам Б.Франклинше еңбек құралын жасайтын хайуан. «Адамдық қасиет оған тек туғанға берілген ерекшеліктермен емес,оның өзі жасаған құндылықтары арқылы өлшенеді» деп жазды Гете адам туралы.Марс бойынша: «Адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деген.
60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.
Жаңа өркениетке өтуге байланысты адамзаттың тарихи тағдырларындағы түбірлі өзгерістер болып жатқан жаңалықтарды пайымдау қажеттілігін тудырды. 20-жылдардың өзінде-ақ мұны алғаш сезінген О.Шпенглер өзінің атақты “Европаның дағдарысы” еңбегінде бүгінгі индустриалды өркениеттің ақырының жалпы нобайын трагедиялық формада белгіледі.
Әсіресе, өзінің “Ақпараттық қоғамның әлеуметтік шеңбері” деген еңбегінде Д.Белл қоғамның негізгі салаларын жан-жақты қарастыра отырып, индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту барысында қазіргі қоғамның қандай өзгерістерге ұшырайтынын сипаттап жазады. Д.Беллдің индустриалдық қоғамға тән үш сипаттамалық белгіні анықтайды: