
- •2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
- •4. Буддизм философиясы.
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы.
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
- •8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
- •10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.Б.).
- •13. А.Августин мен ф.Аквинскийдің діни философиясы.
- •14. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
- •16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.Б.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.
- •19. Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі.
- •20. «Неміс классикалық философиясы». И.Кант философиясы.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
- •22. Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
- •23. Л.Файербахтың антропологиялық философиясы.
- •24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
- •25. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.
- •26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
- •28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
- •31. XIX ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.
- •32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. (қара сөздерінен қараңдар)
- •33. XX ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36. Марксизм философиясы.
- •В.И. Ленин, т.Б. Бастаған төңкерісшіл бағыт.
- •Э.Бернштейн, т.Б. Бастаған реформашылдық бағыт.
- •37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы.
- •38. Гуссерельдің феноменологиясы.
- •39. Сана және бейсаналық: з.Фрейдтің психоаналитикалық философиясы.
- •40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері.
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
- •42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде.
- •43. Таным және оның түрлері.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
- •2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
- •3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
- •46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
- •48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
- •49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
- •52. Қоғамды философиялық талдаудың негіздері
- •53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59.Философиядағы адам мәселесі.
- •60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері.
- •1) Индустриалдық қоғамнан сервистік қоғамға өту;
- •2) Технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық білімнің шешуші мәні;
- •3) Жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының негізгі құралына айналдыру.
58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі.
Адам керемет ерекшелігі бар құбылыс. Оның кереметтігі - әлеуметтік мәні мен биологиялық қасиеттерінің ерекше бірігуінде. Сонымен қатар, өзі мен қоршаған ортаның өзара байланысын ұйымдастыратын, басқаратын заттық – практикалық іс - әрекеті бар. Адам – бір жағынан, биологилық негіздері бар, екінші жағынан, терең абстрактілі ойлауға қабілетті, рухани мүмкіндігі жоғары тіршілік иесі. Философия тарихында адамның мәнін түсіндіруге тырысқан көптеген ізденістер болған. Әр философ өзінің мүмкіндігінше тәжірибесіне, қызығушылық нысанына байланысты адамды түсіндіруге тырысқан. Адам табиғатының үш маңызды қыры ашылады.
- табиғи – биологиялық (материалды) қасиеттері;
- психологиялық, әлеуметтік қасиеттері;
- рухани мәні мен қасиеттері.
С.Оспанов әлеуметтік философияның соңғы жылдары тереңдетіп дәлелдеген «личность» туралы ең басты тұжырымдарына тоқталады.
«Личность» болудың басты шарттарының бірі – ол адамның әрекеттерінің, өмірлік, мақсат мүдделерінің, имандылықтың шарттары негізінде өлшенуі, солармен салыстырылуы. Бұл «личность» - тың тікелей әлеуметтік және жеке адамның, нағыз азаматтың мәнісін ашады. Бірақ бұнда нақтылап бір айта кететін нәрсе: бұл адамның айтылған қасиеттері тек қана жоғары саналықты ғана көрсетуі емес. Көп адамдар тек «әдеттегідей қатардағыдай» адамдар ғана, ал кейде тіпті нашар, имансыздық, қылмыстық істерге дейін баратын адамдарда бар. Оған өмірдің өзі дәлел. Бірақ бұдан олар «азаматтар» қатарына жатпайды деген аікір туындамайды. Себебі, кез келген адамда, егер оның ақыл – есі ауысып кетпеген болса, әрқашан имандылықтың, әдептіліктің белгілі бір деңгейі болады, яғни, белгілі бір «азаматтық келбетсіз» адам болмайды. Тек ол біреуде жоғары, біреуде төмен, бір адамның өзінде де белгілі бір кезеңде жақсы, екінші бір кезеңде нашар, ал үшінші бір жағдайда, «имансыздың» шегінде де болуы мүмкін».
«Индивид» ұғымы жеке адамды білдіреді деп жүрміз. Бұл жерде де С.Оспановпен келісуге болатын сияқты өйткені «жеке адамды» орысшаға аударсақ «отдельный человек» деген мағына береді ғой.
«Пенде» ұғымы – индивид ұғымына сай келеді. Пенде қатардағы тірі жан, көптің бірі болып «жарық дүниеде өмір сүруші». Пенде, пендешілік біздің сана – сезімізде жағымсыз мінездің, ұсақтылықтың синонимі болып қалыптасып кеткендіктен, оған бірден үйреніп кету оңай емес. Бірақ бұдан былай «пенде» ұғымы төңірегінде ойланып, ізденіс жасау артық емес.
«Тұлға» деген сөзді І.Кеңесбаев қазақ тілінде батырлықты, ел қорғаны, басқаның сүйеніші, таянышы болғанды белгілейтін ұғым деп анықтаған.
«Азамат» ұғымын пайдалана отырып, философия адамның тәрбие, өзіндік тәрбие, рухани – практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік қасиеттерін түсіндіреді.
Адам болу мүмкіндігі әр уақытта өзін дәріптеуден емес, қайта басқалар әлеміне көңіл қою мен түсіндіруден басталады және жалғасады.
Өзіндегі дара, жеке индивидуалдық болмысына қарамай, шындық қисынына сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне сүйене отырып, адам өзін - өзі қалыптастыру қабілетіне ие бола алады, өзін ерікті, шығармашылық сипатта қайта құра алады, қалыптастырады, жетілдіреді.