Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.

Бұл тақырыпты біз әлеуметтік философияның не екеніне тоқталған дұрыс деп ойлаймын. Әлеуметтік философияның пәнің негіздеуден бұрын «әлеуметтік» деген ұғымның мән-мағынасын анықтап алайық. Қазіргі заманғы философиялық әдебиеттерде бұл ұғым тар және кең мағынасында қолданыс тауып жүр. Тар мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым қоғамның әлеуметтік саласын құрайтын қоғамдық құбылыстардың ерекше бір жүйесін сипаттайды. Бұл салада адамдардың тиісті мүддесіне сай белгілі бір мәселелер қатары қарастырылып, шешімін табады. Кең мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым «қоғамдық» деген ұғымның синонимі ретінде қолданыс тапқан болатын.

әлеуметтік философияның пәні – біртұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам, оның дамуы мен қызмет ету заңдары. Бұл дегеніміз, әлеуметтік философия сан алуан қоғамдық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде, яғни бүкіл қоғам деңгейінде қарастырады. Оны ең алдымен қызықтыратыны әлгі қоғамдық құбылыстардың арнайы ерекшеліктері емес, керісінше олардың қоғамның біртұтас құрамындағы алатын орны мен оның дамуы мен қызмет етуіндегі атқаратын рөлі. Сонымен бірге әлеуметтік философия қоғамдардың бір-бірімен өзарабайланысын да зерттейді. Бүкіл адамзаттың дамуын сипаттайтын қоғамдық процестер мен үрдістерде оның назарында. Бұл сәтте оның зерттеу объектісі ретінде біртұтас тарихи процесс, ондағы субъективтік және объективтік шарттардың өзарабайланысы, даму заңдылықтары есептеледі. Адамдардың практикалық іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарыда әлеуметтік философияның назарында деуге болады. Өйткені өздерінің сан алуан практикалық іс-әрекеттері барысында адамдар өздеріне қажетті рухани және материалдық игіліктерді өндіреді, табиғатты түрлендіріп, өзгертеді, қажетті рухани жағдай мен әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастырады. Адамдар бірлесіп еңбек ету барысында өздерінің қоғамдық өміріне қатысты проблемаларын шешу үшін бір-бірімен әр түрлі қатынаста болады. Бұл қоғамдық қатынастардың өзара бірлігінен қоғам құрылады. Өйткені қоғам дегеніміз – бір-бірімен қоғамдық қатынаста болатын адамдар деп жазылған.

Әлеуметтік философия адамдардың іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарының субъективтік және объективтік жақтарын да зерттейді. Адамдарды еңбек етуге итермелейтің объективтік қозғаушы күштерін зерттейді, мұндай қозғаушы күш ретінде олардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделерін және олардың санасына тән мотивтер мен мақсаттарды есептейміз. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысады және диалектикалық қатынаста болады. Сонда әлеуметтік философия қоғамның біртұтас даму бейнесін береді. Осыған байланысты әлеуметтік философия қоғамға қатысты көптеген жалпыға ортақ мәселелерді шешеді. Мәселен, кез-келген мәні мен болмысы, оның негізгі салалары мен әлеуметтік институттарының өзарабайланысы, тарихи процестің қозғаушы күштері т.б. Жекелеген қоғамдық ғылымдар (тарих, саяси экономия, әлеуметтану, саясаттану, әлеуметтік психология, құқық, этика т.б.) өз зерттеулерін жүргізгенде бұл ортақ проблемалармен үнемі кездесіп отырады. Әлеуметтік философияның тұжырымдамаларына сүйену бұл қоғамдық ғылымдарға өздерінің жекелеген мәселелерін біршама толық шешуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, әлеуметтік философия қоғамдық ғылымдардың методологиясы болып рөл атқарады, олардың қоғамның тиісті жақтарын зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар береді, зерттеу амалдары мен принциптерін белгілейді. Бұл қалай мүмкін десек, өйткені әлеуметтік философия бұл қоғамдық ғылымдардың өкілдеріне өздері зерттеутін құбылыстардың жалпы қоғамда алатын орнын, басқа әлеуметтік процестермен байланысын, олардың дамуындағы заңдылық пен кездейсоқтықтың ара қатынасын т.б. зерттейді. Бұл методологиялық көмектің тиімділігі ең алдымен әлеуметтік философияның мазмұнына, қоғамның ішкі мәнің ашып беруіне байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]