Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу

2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу

3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу

Шындықтан алған әсерлерінің негізінде адам жаңа сезімдік бейнелер ойлап табуы мүмкін, яғни онда қиялдау қабілеті қалыптасады. Сезім органдарының көмегімен біз заттардың сапалары мен қасиеттерінің көп жақтылығын бейнелейміз. Ұғым – жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау. Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір – заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді. Пікір туралы жан – жақты мәліметтерді логика пәнінен алуға болады. Ой – тұжырым деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді. Ойдан ой туады – деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған. Интуиция дегеніміз – адамның зерттеу нысанын тікелей, бірден толық тану мүмкіндігі. Таным объектісін зерттеу немесе анықтау процесінде адамның оның мәнін, заңдылығын кенеттен тани кетуі. Интуиция – ерекше қабілет, оны дәстүрлі тәсідермен түсіндіру қиын.

46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, конептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.

Ақиқат танымның негізгі мақсаты. Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі.

Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқАбсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады.

Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Салыстырмалы акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — бұлжымайтьш білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін жокка шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. И.Ньютонның классикалык механикасы танымның одан өрі даму барысында колданылудың шектеулі аясында ғана акикат, демек, салыстырмалы екендігі белгілі болды. Оның орнын, уакыт өте келе, күрделі теориялар — кванттык механика мен катыстылық теориясы басты. Солай болса да, классикалык механика адаскандык емес, абсолюттік акикаттың "ұрығы" бар акикат болып табылады. Ол нағыздыктың түрлі салаларында (аспан механикасы және техника) казір де табыспен қолданылады. Таным үдерісінде адамдар абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Әрине, ақиқаттың өзі үдеріс болуына орай, танылған арсеналдың ішінде абсолюттік шындык көп емес және абсолюттік ақиқат сол арсеналдың екі полюсіне шоғырлануы сипат алған. Абсолютті ақикат салыстырмалы ақиқаттардың косындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің карапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз.

Сәйкестік принципі бойынша ақиқат қоғамдық адам санасында шын дүниенің практика арқылы берілген белгілі бір жағының бейнелену процесі. Сонымен, ақиқаттың диалектикалық материалистік теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді:

  1. Ақиқат - әлеуметтік прцес;

  2. Обьективті ақиқатты мойындау- абсолютті ақиқатты мойындау.

  3. Ақиқат барлық жағдайда нақты

  4. практика ақиқаттың жалпы өлшемі.

  5. Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

47. Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.

Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.

Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар.

Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады.

Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі. Бұл ғылым заңдары.

Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.

Диалектиканың негізгі принциптері:

- Жалпы байланыс принципі

- Жүйелік принципі

- Себеп – салдарлық байланыс принципі

- Тарихилық принципі

Жалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір – бірімен тығыз байланыстығын білдіреді.

Байланыстар сыртқы және ішкі, тікелей және жанама, генетикалық және функционалдық, кеңістік және уақыттық, кездейсоқ және қажетті болуы мүмкін.

Ең көп тараған байланыс – сыртқы және ішкі байланыстар. Мысалы, адамның ішкі байланыстары биологиялық түр ретіндегі ішкі ағзалық өзгерістер, сыртқы байланыстар адамның әлеуметтік жүйенің мүшесі ретіндегі байланыстары.

Жүйелілік айналадағы көп байланыстардың арасында реттілік, өзара бір – біріне бағынушылық бар екендігін көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте өмір сүреді. 

Себеп – салдарлық байланыс біреуі екіншісін тудыратынына меңзейді. Заттар мен құбылыстар өзінен - өзі пайда болмайды, олардың әрқайсысының не ішкі не сыртқы себептері бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]