Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
216.55 Кб
Скачать

11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, т.Б.).

Б.д.д. ҮІІ антикалық рухани даму мифологиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. ІІІ ғасыр ойшылардың мәнділіктің генетикалық бастамасын,түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып,оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынын түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді -Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөлінеді. Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды.Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625-547жж.).Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген.

Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су.Бұл жерде су-мұхит (нун), Абзулардың (Апсулардың) философиялық жиынтықталған ұғым.Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол «ақыл-ой», осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді.Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс.Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді.Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-әрекеттің негізгі күші, сонымен қатар, сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде - солардың жаны.Мысалы, магниттің жаны бар, себебі, ол өзіне темірді тарта алады. Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы» (бұл еңбектің кейбір фрагменттері сақталған), «Жер картасы», «Глобус» (бұл еңбектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. апейрон бастама да, түпнегіз де. Симпликийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны генетикалық бастама ретінде де, түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі және мәңгі. Ол ешуақатта да қартаймайды, өлмейді және жойылмайды. Ол мәңгі белсенділікте және қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар - ылғал мен құрғақтық, салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі-екіден қосылып, жер (құрғақтық пен салқындық), су (ылғалдық пен жылылық),от (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да, қалғандары оны сумен, ауамен, жарықпен (от) қоршайды. Аспан отының әсерімен судың біраз бөлігі буланады да, мұхиттардан жер көріне бастайды, сөйтіп, құрлықтар пайда болады. Демек, апейрон космостың генетикалық бастамасы ретінде ондағы денелерді дүниеге әкеледі. Аспан әлемі соғыс арбасы дөңгелегінің шеңбері сияқты үш сақинадан (шығыршақ) тұрады. Бұл сақиналар көзге көрінбейді. Төменгі сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер арқылы аспандағы оттар көрініп тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар -ол Ай. Жоғары сақинада да бір тесік бар -ол Күн.Тесіктер толық, немесе аздап бітулері мүмкін, онда күн мен ай тұтылады. Сақиналар Жерді айналып жүреді, олармен қоса тесіктер де қозғалыста болады. Анаксимандр осылай жұлдыздардың, күннің, айдың қозғалыстарын түсіндіреді. Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д^Іғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа - шексіз (апейрос). Сөйтіп, Анаксимандрдің апейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді

12. Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика. Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар. Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған. Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері. Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті. V-VIII ғасырдан кейін схоластика дәуірі басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский, Петр Ивер сияқты ойшылдар өмір сүрді. IX-XV ғасырларда кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Патристика дәуіріндегі негізгі мәселелер одан әрі зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді. Схоластиканың өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский. Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Антикалық философияға көңіл бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен категориялары христиан философиясын дамытуда кеңінен қолданылады. Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ. Августинің пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға. Құдайдың әлемді жаратуын түсіндіре келіп, Августин мәңгілік және уақыт мәселесіне тоқталды. Уақыт барлық жаратылған заттардың қозғалысы мен өзгерісінің өлшемі, сол себепті заттардан бұрын болмаған. Ол құдайдың шығармашылығымен бірге қалыптасқан. Құдай өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген. Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады. Августин жалпы тарихтың христиандық тұғырнамасын дамытты, яғни тарих құдайдың алдын ала болжауымен дамып отырады деген фаталистік нанымды жақтады. Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемі мен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталады. Құдай әлемі – шынайы өмір әлемі, ал жер әлемі – күнәкәр өмір әлемі. Жер әлемінің негізі – бауырын құрдымға кетірген қанішер Каин, оған Рим тарихында Ромул сәйкес. Августин үшін Рим жер әлемінің символы болды. Мәңгілік өмір немесе нағыз болмысты сыйлайтын Құдай әлеміне ұмтылғандар Римді ысырып тастауы керек. Римнің өшуі христиан дінінің басқа бұратана халықтар арасында тарауына жағдай жасайды. Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған.  IX-XIV ғасырлар арасында схоластика дамыды. Бұл тарихи дәуірде антикалық философияның өкілдері Платон мен Аристотельдің идеяларына ерекше көңіл бөлінді. Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм. Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған. Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]