
- •Банк маркетингінің түсінігі мен мәні
- •3)Банк қызметіндегі коммуникацияның негізгі түрі ретіндегі жеке сатулар
- •4) Маркетингтік аудитті қолдаудың ақпараттық жүйелері
- •Глава X
- •5)Шетелдік банк қызметтер рыногының заңдылықтары және Қазақстанның банк жүйесінің дамуы
- •6) Клиенттермен байланысты басқару технологиясы
- •1. Тікелей тарту
- •2. Жанама тарту
- •7) Банктегі логистика
- •9. Клиенттерге жеке менеджерлер типі бойынша қызмет көрсету технологиясы
- •1. На основе сегментации клиентской базы выявить ключевых клиентов банка, а также потенциальных клиентов, на которых в первую очередь направить усилия.
- •2. Выделить в организационной структуре банка подразделение, состоящее из персональных менеджеров, ответственных за развитие партнерских отношений.
- •3. Закрепить персональных менеджеров за группой клиентов, руководствуясь следующими принципами.
- •4. Сформировать и постоянно пополнять информационно-аналитическую базу по ключевым клиентам.
- •5. Четко определить для персональных менеджеров их цели, задачи, функции.
- •6. Установить систему полномочий менеджера для оперативного принятия решений при ведении переговоров но продаже продуктов и оказании услуг приоритетным клиентам.
- •7. Осуществлять разработку перспективных (на год) и текущих (на неделю) планов работы менеджера с клиентами для достижения поставленных целей и задач.
- •8. Проводить оперативный и последующий контроль за деятельностью персональных менеджеров, за выполнением плана работах (функции руководителя клиентского отдела).
- •10) Стратегиялық жоспарлау мен банк маркетингінің өзара байланысы
- •1. Қаржылық есеп аудиті, ол бухгалтерлік есептің бекітілген ережелеріне сəйкес құрастырылу дұрыстылығын анықтау мақсатымен жүргізіледі.
- •2. Бекітілген талаптарға сəйкестігінің аудиті.
- •3. Шаруашылық қызмет аудиті (жұмыс тиімділігінің немесе əкімшілік басқарманың аудиті), оның мақсаты кəсіпорын экономикасын немесе оның жекелей қызмет түрін жүйелік жəне жан-жақты талдау.
- •1. Жалпы банк.
- •2. Маркетинг бөлімшесі.
- •3. Сыртқы бақылау.
- •13) 27) Банк қызметтер рыногындағы Қазақстанның ірі банктерінің бәсеке қабілеттілігі
- •14) Банк саласының микроортасы
- •15) Банктің бәсекелестермен қарым-қатынас жасауы
- •16) Банк миссиясы, мақсаттары және стратегиялық талдау
- •17) Банк өнім саясатының мәні
- •18) Клиенттік базаны талдау және оны сегменттеу принциптері
- •1. Тікелей тарту
- •2. Жанама тарту
- •20) Брендинг банктің маркетингтік коммуникациясын құрудағы негіз ретінде
- •21) Банк өнімдерін жеткізу саясаты
- •26) Банк қызметінің өмір сүру моделі
- •19. Банк өнімінің даму стратегиясы
- •2 Этапа на первом этапе оптимизируется структура услуг с точки зрения их пренадлежности к различным этапам жизненного цикла банковского продукта, на втором разрабатоваются новинки
- •28) Маркетингтік ақпарат көздері
- •29. Банктердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау критерилері.
- •2. Резиденттер мен резидент еместер уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарды ҰлттықБанктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен ашады, жүргiзедi және жабады.
- •Тысячи казахстанских вкладчиков ждут новостей от ликвидационных комиссий, которые должны вернуть деньги населения потерянные после банкротства финансовых организации
10) Стратегиялық жоспарлау мен банк маркетингінің өзара байланысы
«Стратегиялық жоспарлау» түсінігі екі категориядан тұрады:
стратегия жəне жоспарлау. Стратегия – бұл рынокта мінез-құлық теориясымен тəжірибесін қамтитын кəсіпорынды басқарудағы өнердің жоғарғысаласы. Жоспарлау – бұл белгісіздікті жою құралы болып табылады. Яғнибіріншісі стратегия таңдайды, екіншісі сол стратегияны жүзеге асырады,олсыз стратегиялық мақсатқа жету мүмкін емес.Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты фирмалардыңконцептуалды дамуын қамтамасыз ететін балама стратегиялық мінез-құлқын жасау болып табылады, ал стратегиялық жоспарлаудың пəні –ұйымның қызмет етуінде оңтайлы нұсқасын таңдау.Сонымен стратегиялық жоспарлау – бұл болашақты болжаубойынша кезеңдік жұмысты қажет ететін тұрақты үрдіс.Банк маркетингі анықтамасындағы бастысы банк стратегиясыболып табылады, бұл өз кезегінде стратегиялық жоспарлаудыңмаркетингтегі орнын анықтайды. Банктің таңдалған дам стратегиясынанқаржылық қызметті басқару, құрылымдық бөлімшелерінің қызметі, кадрсаясаты, ағымдағы жоспарлау жəне т.б. байланысты. Банк қызметінде бұл факторлардың оңтайлы есебі үшін маркетинг қағидаларын қолдану қажет.
Сондықтан стратегиялық жоспарлау банк маркетингінің негізгі факторыболып табылады. Жоспарлаудың қажет болу себебі банктің ұйымдастыруқұрылымы мен тұтынушылық сұраныстың дамуы болып табылады.Басқару сапасы мен сенімділігін жоғарылатуда, банктің қызметінбасқаруда стратегиялық жоспарлаудың ролі тек жауапты ғана емес,сонымен бірге банктің өмір сүру қабілеттілігін де анықтайды.
Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлаудың мəні маркетинг-миксті жоспарлаудың қажетті көзі болып табылады. Басты стратегияны анықтап банк тікелей маркетинг кешенін жоспарлауға өтеді. Басқа жағынан стратегиялық жоспарлау үрдісінде маңызды рольді маркетинг алады. Маркетолог стратегиялық жоспарлау үрдісіне маңыздыүлес қоса отырып кəсіпорындардың мақсатын анықтауға жауап тартады;қоршаған бизенс ортасының жағдайын, рыноктық жағдай мен бəсекедеңгейін талдайды; рынок, өнім номенклатурасын белгілейді жəне сапажоспарын жүзеге асырады.
Стратегиялық жоспарлау жүйелік үрдістердің қызмет етуқағидалары бойынша дамитын маркетинг-менеджменттің глобалдыжүйесінің жүйе астысы болып табылады. Стратегиялық жоспарлауүрдісінің байланысы неғұрлым жақсы ұйымдастырылған болса соғұрлыммаркетинг-менеджмент жүйесінің тиімділігі жоғары жəне маркетинг-менеджмент жүйесі неғұрлым жақсы болса стратегиялық жоспарлаудыңтиімділігі соғұрлым жоғары болады. Бұл жағдайлар стратегиялықжоспарлау жүйесінің табысты қызмет етуі үшін міндетті болып табылады. Сонымен маркетинг пен стратегиялық жоспарлау бұл бизнес үрдістің екіміндетті элементі.Банк қызметін стратегиялық жоспарлау банктің ұзақ мерзімдеөмір сүруін жəне оның бəсекелестік күресте жетістікке жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін орталық звеносы болып табылады.
****Коммерциялық банкте стратегиялық жоспарлау проблемасы келесідей сипатталады:
• міндеттердің көлемділігі;
• көп критерилігі;
• талдау жасау мен шешім қабылдаудағы шектеулі уақыт;
• талдау жəне шешім қабылдау кезінде қолданылатын ақпараттың болмауы жəне сенімсіздігі;
• стратегия жасау кезінде түрлі топтардың қарама-қайшы талаптары мен мүдделерін есепке алу талап етіледі;
• банк қызметінің мүмкін болатын баламалар санының көп болуы мақсаттар мен шектеулердің нақты болмауын тудырады;
• шешім қабылдайтын тұлғаларға жəне стратегияны жасаушыларға жоғыра талаптардың қойылуы;
• стратегияны бағалау банк қызметінің барлық жағын бір уақытта есептеу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Маркетингтің стратегиялық жоспарлауының қажетті деңгейлері анық. Біріншіден, ірі коммерциялық банкте жүйелендірілген тəсілден басқабанктің тұтастығына қажетті бақылаумен қамтамасыз ете алмайды.Екіншіден, шамадан тыс жоспарлау оның нақты мақсаты туралы түсініксізболжам нəтижесіне əкелуі мүмкін. Үшіншіден, көлемнің жоғарылауынанмаркетингтің стратегиялық жоспарлау үрдісінің формализация дəрежесі де жоғарылауы керек. банкте барлық стратегиялық жоспарды жасау үрдісін екі негізгі бөлікке бөлуге болады: банк стратегиясын жасау жəне стратегияны жүзегеасыру тактикасын анықтау. Банк стратегиясын жасау - стратегиялық ұзақ мерзімді жоспарлау, стратегияны жүзеге асыру тактикасын анықтау – тактикалық қысқа мерзімді жоспарлау.
Банк стратегиясы – бұл банктің мақсатқа жету тəсілдері мен басты мақсат жүйесі болып табылады. Банк стратегиясын жасау – бұл оның қызметінің жалпы бағыттарын анықтау деген сөз. Стратегилық жоспарлау ұзақ кезеңге есептелген.
Тактикалық жоспарлау – бұл стратегиялық мақсаттарға жету үшін нақты шешім қабылдау.
Стратегиялық жəне тактикалық жоспарлаудың негізгі айырмашылығы егер стратегиялық жоспарлау болашақта банк неге қол жеткізгісі келеді деген сұраққа жауап берсе, онда тактикалық – бұған банк қалай қол жеткізу керек деген сұраққа жауап береді.
**** Жоспарлау үрдісі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Сыртқы жəне ішкі ортаны зерттеу. Банк сыртқы орта жағдайының болашағын болжамын құрады, осы ортадағы қазіргі жəне болашақтағы жағдайына баға береді. Банк өзі үшін маңызы бар ұйымдастыру ортасының компоненттерін анықтайды.
2. Миссия таңдау. Банк өзінің даму артықшылықтарын белгілейді жəне қалыптастырады: мақсат кешенін, миссиясын, көрінісін.
3. Стратегиялық талдау. Банк сыртқы жəне ішкі ортаның зерттеу факторларының қорытындысы мен таңдалған мақсаттарды салыстырады, олардың арасындағы айырылысты анықтайды. Стратегиялық талдаудың əдістерін қолдана отырып стратегияның əр түрлі нұсқауларын жасайды.
4. Стратегия таңдау. Банк балама стратегиялардың бірін таңдайды.
5. Стратегиялық жоспар құру. Банк қызметінің соңғы стратегиялық жоспары дайындалады.
6. Қысқа мерзімді жоспар құру. Қысқа мерзімді жылдық жоспар мен жобалар жасалады. Бұл кезеңде банктің жылдық бюджеті жасалады.
7. Жоспарларды жүзеге асыру. Банк стратегиялық даму жоспарына сүйене отырып өзінің қызметінде алдына қойған мақсаттарға жетеді жəне қойылған міндеттерді шешеді.
8. Нəтижелерді бақылау. Банк қызметінің үрдісінде ағымдағы жəне белгіленген кезең аяқталған соң стратегиялық жоспарды орындаудың қорытынды бақылауы жасалады.
11) Банктегі маркетингтік аудит
Тұтынушының психологиясын жəне экономикалық үрдістердің заңдылықтарын біле отырып, маркетинг рыноктық ортаға əсер ете алады.Рыноктық мəселелерді табысты шешу үшін маркетингтік бағдарламаларды жүзеге асырудың механизмін жетік түсіну қажет, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайын ескеру қажет. Маркетингтік бағдарламалардың жүргізілу сапасын бағалау үшін маркетингтік бағалаудың түрлі əдістері, соның ішінде ағымды, оперативті жəне стратегиялық əдістер қолданылады. Осылардың ішіндегі стратегиялық бағалаудың мəні банктің жоспарлау жəне қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделу іс-əрекетін жасау барысындағы банктің мүмкіндіктері бағаланады. Стратегиялық маркетингтік бақылаудың мұндай түрі аудиторлық бақылауға тəн. Кейбір авторлар мұны ревизия немесе маркетингтік аудит деп қарастырады.
Аудит – бұл рынок жағдайындағы тəуелсіз өндірушілердің қызмет етуіне жəне ережелеріне қатысты мəліметтерді жинаумен жəне бағалаумен байланысты іс-əрекет түрі.
Аудит ішкі жəне сыртқы болуы мүмкін. Əдетте үш түрлі аудиторлық тексерулерді бөліп көрсетуге болады: