Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_marketingini_1187_t_1199_sinigi_men_m_1241...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
358.46 Кб
Скачать

3)Банк қызметіндегі коммуникацияның негізгі түрі ретіндегі жеке сатулар

Банк өнімін таратудың басты əдісі — жеке сатулар, оның барысында банк менеджері клиентті сол банктің қызметтерін тұтынуға сендіруі тиіс. Персоналды менеджерлер клиенттермен сенімді байланыс орнатуы тиіс.Ол клиенттермен ұзақ жəне тез байланыс болуы арқылы, нақты жəнеуақтылы берген уəделерін орындау арқылы, сондай-ақ пайда болғанмəселелерді тез жəне тиімді шешу арқылы мүмкін болады. Бұл жағдайда менеджерге ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялар саласындағы қол жетістіктер көмектеседі. Клиентпен жеке қарым-қатынас жасау арқылы табысқа жетуге болады, себебі ол клиенттің қажеттіліктерін анықтауға, оның психологиясын ескеруге жəне алынған ақпаратқа сəйкес өзінің мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік береді.

Іскерлік этикеттің негізгі ережелері мен элементтері

Этикет — адамның қоғамдағы мінез-құлқы мəдениетін реттейтін

нормалар мен салттар. Бұл түсінікке адамның қоғамда өзін өзі қалай ұстайтындығымен, сыртқы киіну тəртібімен, əнгімелесу немесе хат алысу дұрыстығымен, өз ойын дұрыс мазмұндаумен, тамақтану мəдениетімен байланысты ережелер жиынтығы жатады. Бизнеске қатысты іскерлік этикет — бұл бизнес аясындағы бекітілген мінез-құлық тəртібі.

Іскерлік əнгімелесу.

Əңгімелесу барысында ең негізгі тəртіп бұл əлбетте əңгімешіні

құрметтеу қажет. Көп жағдайларда əнгімелесудің жақсы мəнеріне ақша жағдайларын, дене кемістіктерін, əңгімешінің ауруын əңгімелеуге болмайды. ңгіме жанындағы адамдар туралы болмау керек, себебі олар кейін сізді өсек таратуда кінəлауы мүмкін.

Əнгімелесу барысында дауыс көтеруге, тақырыптан, сұрақтан ауытқуға болмайды. Сондай-ақ əңгімешіге сынай қарауға, айтқан сөздерін бағалауға болмайды, сонымен қатар əңгімешінің кез келген айтқан сөздерімен əр уақытта тез келісе салуғада болмайды. Тыңдай білу қоғамда жоғары бағаланады. Əңгімешілер ортасын жаңартып тұруға тырысыңыз, əңімелесу тақырыптарын жаңартып тұрыңыз, оларға қызықты тақырыптар табыңыз, себебі сізді мылжың екен деп қалуы мүмкін. Созылып кеткен əңгімені стаканға су құю, ыдыстағы тамақты жаңарту арқылы немесе телефонмен қоңырау соғу арқылы тоқта ен, дақсыз, көйлек — таза, аяқ-қиім — таза жəне өкшесі бұзылмаған болуы тиіс. Киім мен қосалқы аксессуар элементтері бір біріне түсі бойынша сəйкес болуы тиіс. Сонымен іскерлік киімдерге қаталдық сипаты тəн болуы керек. Яғни оның жарқыраған түстері болмауы керек. Іс адамына байсалды тондар мен фасондар таңдау қажет. Əдетте жаз мезгілінде жəне күндіз ашық түсті костюмдер, қыста жəне кешкі отырыстарда қара костюмдер киіледі.

4) Маркетингтік аудитті қолдаудың ақпараттық жүйелері

Маркетингтік аудит барысындағы іс-əрекет көлемі сəйкесінше

ақпараттық қамсыздануды талап етеді, аудиторлық тексерудің бастапқы қадамы қажетті ақпарат көздерін анықтау болып табылады. Қазіргі кезедегі банктер автоматтандырылған ақпарат жүйелерінсіз жұмыс жасай алмайды. Қаржылық аудитте Audit Expert атты автоматтандырылған ақпараттық жүйе кеңінен таралған. Ол банктің қаржылық жағдайын аудиторлық тексеру барысында қолданылады. Audit Expert жүйесінің негізінде бір қатар уақыт мерзіміндегі бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттарға сай бір ортақ түрге келтіру жатады. Осының негізінде Audit Expert жұмысының нəтижелерін бүкіл дүние жүзі бойынша түсінікті етеді. Банкті маркетингтік басқару тез өзгеріп отырған макро жəне микро орта жағдайларында болашағы зор көзқарас болып табылады. Банкті маркетингтік басқару барысында көптеген мəселелерді шешу үшін кең көлемде ақпараттық база қажет, оларды сақтау жəне талдау қажет. Осыған орай қаржылық есептен басқа маркетингтік талдауға қажетті ақпараттарды жинауы тиіс.

Кең масштабты ақпараттық-талдау маркетинг жүйесінің негізі болып Marketing Audit атты ақпараттық-талдау кешені болуы мүмкін, оған Marketing Analytic, Marketing GEO бағдарламалары енеді, олар өз кезегінде Marketing Expert жүйесін толықтырады. Маркетингтің ақпараттық-талдау жүйесінің құрылымы келесі суретте берілген.

Маркетингтің ақпараттыө-талдау жүйесінің құрылымы

Marketing Analytic

Ішкі есеп

Сатулардың есебі, маркетинг саласындағы қызмет есебі

Сыртқы талдау

Рынокты талдау

Ішкі талдау

Сегменттік талдау, маркетингті ұйымдастыруды

Жоспарлау

Внешний учет

Рынок мониторингісі

Marketing Geo

Marketing Expert

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]