
- •Банк маркетингінің түсінігі мен мәні
- •3)Банк қызметіндегі коммуникацияның негізгі түрі ретіндегі жеке сатулар
- •4) Маркетингтік аудитті қолдаудың ақпараттық жүйелері
- •Глава X
- •5)Шетелдік банк қызметтер рыногының заңдылықтары және Қазақстанның банк жүйесінің дамуы
- •6) Клиенттермен байланысты басқару технологиясы
- •1. Тікелей тарту
- •2. Жанама тарту
- •7) Банктегі логистика
- •9. Клиенттерге жеке менеджерлер типі бойынша қызмет көрсету технологиясы
- •1. На основе сегментации клиентской базы выявить ключевых клиентов банка, а также потенциальных клиентов, на которых в первую очередь направить усилия.
- •2. Выделить в организационной структуре банка подразделение, состоящее из персональных менеджеров, ответственных за развитие партнерских отношений.
- •3. Закрепить персональных менеджеров за группой клиентов, руководствуясь следующими принципами.
- •4. Сформировать и постоянно пополнять информационно-аналитическую базу по ключевым клиентам.
- •5. Четко определить для персональных менеджеров их цели, задачи, функции.
- •6. Установить систему полномочий менеджера для оперативного принятия решений при ведении переговоров но продаже продуктов и оказании услуг приоритетным клиентам.
- •7. Осуществлять разработку перспективных (на год) и текущих (на неделю) планов работы менеджера с клиентами для достижения поставленных целей и задач.
- •8. Проводить оперативный и последующий контроль за деятельностью персональных менеджеров, за выполнением плана работах (функции руководителя клиентского отдела).
- •10) Стратегиялық жоспарлау мен банк маркетингінің өзара байланысы
- •1. Қаржылық есеп аудиті, ол бухгалтерлік есептің бекітілген ережелеріне сəйкес құрастырылу дұрыстылығын анықтау мақсатымен жүргізіледі.
- •2. Бекітілген талаптарға сəйкестігінің аудиті.
- •3. Шаруашылық қызмет аудиті (жұмыс тиімділігінің немесе əкімшілік басқарманың аудиті), оның мақсаты кəсіпорын экономикасын немесе оның жекелей қызмет түрін жүйелік жəне жан-жақты талдау.
- •1. Жалпы банк.
- •2. Маркетинг бөлімшесі.
- •3. Сыртқы бақылау.
- •13) 27) Банк қызметтер рыногындағы Қазақстанның ірі банктерінің бәсеке қабілеттілігі
- •14) Банк саласының микроортасы
- •15) Банктің бәсекелестермен қарым-қатынас жасауы
- •16) Банк миссиясы, мақсаттары және стратегиялық талдау
- •17) Банк өнім саясатының мәні
- •18) Клиенттік базаны талдау және оны сегменттеу принциптері
- •1. Тікелей тарту
- •2. Жанама тарту
- •20) Брендинг банктің маркетингтік коммуникациясын құрудағы негіз ретінде
- •21) Банк өнімдерін жеткізу саясаты
- •26) Банк қызметінің өмір сүру моделі
- •19. Банк өнімінің даму стратегиясы
- •2 Этапа на первом этапе оптимизируется структура услуг с точки зрения их пренадлежности к различным этапам жизненного цикла банковского продукта, на втором разрабатоваются новинки
- •28) Маркетингтік ақпарат көздері
- •29. Банктердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау критерилері.
- •2. Резиденттер мен резидент еместер уәкiлеттi банктердегi банктiк есепшоттарды ҰлттықБанктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен ашады, жүргiзедi және жабады.
- •Тысячи казахстанских вкладчиков ждут новостей от ликвидационных комиссий, которые должны вернуть деньги населения потерянные после банкротства финансовых организации
Глава X
Жаңа технологиялар мен рыноктардың дамуы банктердің экономикалық өсуін прогрессивті білім мен қазіргі заманға сай шешімдері бар өнім жəне құрал-жабдықтар үлесімен анықталуына алып келді.
М. Хаммер, "реинжиниринг" термининінің авторы, шаруашылық үрдістер реинжинирингінің пайда болуын экономикадағы революция деп түсінеді.
Реинжиниринг – бұл бизнес үрдісті толығымен қайта ұйымдастыру. Бұл қайта ұйымдастырудың мəні қазіргі жаңа бəсекелестік орта мен технологиялық даму жұмысты жүргізудің жаңа əдістерін талап етеді. Банктердің барлық күш-жігері де осыған бағытталған. Банк реинжинирингінің концепциясы – бұл барлық қызметкерлерді қатаң уақыт талабына сай қоятын өте ауыр үрдіс. Дегенмен бұл үрдісті басқаруға болады. Басқа басқару əдістерінің арасындағы қазіргі реинжинирингтің орынын анықтайық: тəжірибеде ұйымдастыру үрдістерін жəне жалпы ұйымды дамыту стратегияларын қалыптастырудың көптеген əдістері бар:
Интенсификация – жоғары деңгейдегі тиімділікке жету мақсатында үрдістерді жетілдіру.
Кеңею - өткізудің жаңа рыноктарына шығудың ең күшті үрдістерін пайдалану.
Өсім – клиенттерге кең ауқымды қызмет көрсету үшін үрдістерді дамыту.
Конверсия – басқа экономикалық субъектілерге қызмет көрсету үшін ең тиімді үрдісті қолдану.
Инновация – жаңа қызметтерді жасау үшін жəне оларды ұсыну үшін ең тиімді үрдістерді қолдану.
Диверсификация – жаңа қызметтер үшін жаңа үрдістер құру.
Банктердің реинжинирингке жүгінудің үш жағдайы бар: 1) банктер қиын жағдайда тұр (рынок үлесінің жоғалуы, пайданың төмендеуі, жоғары шығындар жəне т.б.); 2) банктер қиын жағдайда емес, бірақ оның болашақта болуын сезіп тұр; 3) банктер өз тиімділігінің шыңында тұр.
Бірінші жағдайда жүйелік реинжинирингті қолданған жөн, екінші жағдайда – шаруашылық үрдістер реинжинирингі, ал үшінші жағдайда – екі стратегияны бірге қолданған жөн.
Реинжинирингтің басты мақсаты жүйені, оның үрдістерін жəне оның бөліктерін тиімділікті арттыру үшін түпкілікті өзгерту.
Реинжиниринг ұйымдастырудың барлық «ауруларына» ем емес. Ол тек қана ұйым мақсатына жету құралы, белгілі бір өзгерістер мен жақсартуларға жетуге ықпал етуші құрал
5)Шетелдік банк қызметтер рыногының заңдылықтары және Қазақстанның банк жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелдік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық еңсесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары бірінші деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінің Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Қазақстан егемендікке ие болған кезде, Мемлекеттік банк базасында нарықтық экономикасы дамыған елдерде қабылданған тұжырымдамалар негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік банкі құрылды.
Банкілік реформаның екінші кезеңінің барысында банкілердің құрылымы қайта құрылып қана қойған жоқ, сонымен қатар банк қызметін жүзеге асыруда терең өзгерістер орын алып, оның жаңа әдістері мен нысандары бекітілді. Нәтижесінде, Қазақстанда іс жүзінде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты: бірінші деңгей — Қазақстан Республикасының орталық банкі, екінші деңгей — коммерциялық банктер және жекелеген несиелік операцияларды жүргізетін өзге де несиелік мекемелер.
Екі деңгейлі банк жүйесінің ұйымдық-құқықтық ресімделуі ҚазКСР-нің 1990 жылғы 7 желтоқсандағы «Қаз КСР-ғы банктер және біліктілік қызмет туралы» заңның қабылдануымен жүзеге асты. Банк жүйесін ары қарайғы жетілдіру және қайта құру 1993 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы Банктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын ҚР-сы Президентінің 1995 жылғы 15 ақпанындағы № 2044 «Қазақстандағы банк жүйесі 1995 жылғы реформалаудың Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысын, ҚР Президентінің заң күші бар 1995жылғы 30 наурыздағы «ҚР Ұлттық банкі туралы» Жарлығын, 1995 жылғы 31 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банкілік қызметі туралы» заңын қабылдауымен жалғасты (Қазақстан Республикасы Президентінің № 1270 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Жарлығы 31 желтоқсан, 2003 жыл). Банк жүйесін реформалау үрдісі әлі аяқтала қойған жоқ және жалғасын табуда. Оған дәлел, 2001 жылғы 25 сәуірде № 3178-2 Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Даму Банкі туралы» заңының, 2003 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 1270 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Жарлығының, 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474 Қазақстан Республикасының «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» заңының, 2004 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік басқармасының № 197«Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу — касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік, ірі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы» қаулысының және т.б- бірқатар заң актілерінің қабылдануы болды.
Біздің республикамыздың банк жүйесінің қалыптасу проблемасына толығырақ тоқталайық. Қаржы нарығының (ақша нарығы) қызмет атқаруынын ажырамас құрамдас бөлігі меншік иелерінің жинақ салымдары болып табылады: заңды және жеке тұлғалар және дамыған банк жүйесі. Басқа қаржы делдалдарымен қатар банктер тұрғындар жинақ қаражаттары, оларды ұтымды пайдалану әдістерін табатын қарыз алушы фирмалар және кәсіпорындарға бағыттайды.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарық шаруашылығы жағдайында көптеген жинақ салымдары жеке тұлғалармен жүргізіледі де, ал шығындар негізінен кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
Капитал өндіріс қорлары бір саладан екіншісіне ауыса алмайды. Меншік иелері жинақтарынын қарыз алушыларға тікелей ауысуы тіке және жанама қаржыландыру әдісімен жүзеге асырылады. Тіке қаржыландыру бұл фирманың ақша қаражаттарын алып орнына инвестициялық жүзеге асыру үшін осы фирма меншігіне үлестік қатысу құқын беру, мүліктерін иелену, билік ету және баскару құқын жаңа ережелер дайындау.
Банктер тұрғындарға сыйақы сомаларын төлеу арқылы инвестициялық, зейнетақы және сақтандыру шоттарын ашу жіне дивидиенттер мен проценттерді капиталға айналдыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы қызметтік кен спектрін ұсыну да, банктердегі тұрғындардың жинақ салымының ұлғайғанына ықпал жасайды.