
- •21. Ұйымдағы өзгерістер. Ұйымда өзгерісті жүргізу стилдері
- •22. Ұйымда өзгерістерге қарсылықтарды білдіруді жеңу. Стрессті басқару әдістері
- •23. Жеке тұлғаның ұйымның толық құқықтық мүшесі болу үдерісі
- •24. Ұйымдағы девианттық мінез-құлық
- •25. Қызметкердің мансабын басқару. Мансаптың тиімділігі
- •27.Клиенттерге қатысты ұйым қызметкерлері мінез-құлығының тиімділігі. Ұйым ішінде индивидтің мінез-құлығын қалыптастыру сатылары
- •28. Компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлығы мен ұйымдық мәдениетіне әсер етуші халықаралық ортаның факторлары
- •30.Ұйымдастырушылық мінез- құлықта мәдениет-аралық ортада ұйымға бейімделу.
30.Ұйымдастырушылық мінез- құлықта мәдениет-аралық ортада ұйымға бейімделу.
Халықаралық бизнестің дамуы көп ұлттық компаниялардың жақындасу үдерісіне, олардың ұйымдастырушылық мінез-құлқының мәдени ұқсастығы пайда болуына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде түрлі ұлттық мәдениетті байланыстыратын құндылықтың халықаралық жүйесі-космополитенген ұйымдық мәдениет туындайды. Бұл әртүрлі елдің компаниялары мәдениетінде өзара сіңісу, жалыпылық қалыптасу үдерісі ұйымдық мәдениеттің интернационализациясы д.а.
Интернационализация бәрінен бұрын іскерлік мәдениеттің өзгерісінде көрінеді. Оның көптеген элементтері әртүрлі елдердің компаниялары үшін жалпы ж/е тіпті стандартты болып қалыптаса бастады. Келіссөздерді жүргізу, кездесулерді ұйымдастыру, мәжілісхат, презентациялар ж/е іскерлік мәдениеттің басқада атрибуттары бір-біріне ұқсас бола бастайды, тіпті бір-бірінен ерекшеленбейді.
Мультимәдениеттілік екі н/е оданда көп мәдениетке жататын қызметкерлердің бір-бірімен тұрақты негізде өзара әрекеттесетін ұйымдарда мультиұлттық мәдениеттің қалыптасуын білдіреді.
Бас компания елінен ж/е үшінші елдерден шыққан, сонымен қатар жергілікті тұрғындар шетелдік бөлімшенің менеджерлері бола алады. Менеджер экспатриант-бұл фирманың бас кеңсесі орналасқан елден басқа елге бағыт алған менеджер. Экспатрианттар 3-шң елден шығушы болуы мүмкін. Қабылдаушы елдің азаматтары – компанияның жергілікті халық қатарындағы қызметкерлері. Бас компания елінің азаматтары компанияның құрылтайшы мемлекет азаматтары болып табылатын бас кеңсе орн/н елден бағытталған қызметкерлер. 3-ші елдің азаматтары-компанияның штаб пәтері н/е филиалы орналаспаған басқа елден шақырылған тұлғалар.
Мәдени бейімделуге қарсы әрекет ететін ж/е осы үдерісті күрделілендіретін көптеген факторлардың арасында анағұрлым маңыздыларын ерекшелеп көрсетуге болады: мәдени айырмашылық, ұйымдастырушылық мәдениет түрі, қабылдау ерекшеліктері, этноорталық, мәдени талықсытпасы.
Мәдени бейімделуді қолдайтын ж/е кері әсер ететін факторлар:
Мәдени айырмашылық. Өзге мәдени ортадағы жұмыс менеджерлерден елдер арасындағы мәдени айырмашылықты ж/е олардың әлеу-к жүйесінің өзгелік деңгейін танып –білуді талап етеді. Әдетінше, мәдениет аралық айырмашылық елеулі жерлерге қарағанда мәдени құндылықтары ұқсас елдерде бейімделу жеңіл өтеді.
Әртүрлі елдерге белгілі бір ұйымдастырушылық мәдениет түрі сәйкес келеді. Оның айрықша белгілері мен сипаттамалары болады. Мысалы, ресми ж/е бейресми, дарашылдық-қжымшылдық, ұзақ-қысқы мерзімді бағдарлаудың әртүрлі арақатынастары.
Ұйымдастырушылық мінез-құлықтың халықаралық түп мәтініде қабылдаудың ерекшеліктері арасынан, ең алдымен, көз қарастарының тарлығын, сонымен қатар басқа елдерге қатысты қалыптасқан мінез-құлықтық ж/е әлеу-к стереотиптерді атап кеткен жөн. Олар бөтен мәдениетті қабылдауда негативті рөл атқарады ж/е мәдени бейімделу үдерісінде қиындықтар тудырады.
Өзге мәдениетке бейімделудің маңызды кедергілерінің бірі этноорталықтандыру б.т., яғни адамдардың өз мәдениетінің шарттарын қалаулырақ деп пайымдаулары; өз елдерінің мәдени құндылықтары мен дәстүрлері басқа құндылықтардан жоғары тұрады деген сенімділік.
Мәдени талықсытпа-өзге мәдениеттің құндылықтар жүйесін түсінбеушіліктен туындаған сасқалақтау, қауіп-қатер,үрей, әлсіздік сезімдері. Мәдени сілкіністі тудыратын себептер көп. Ол тілде, сыпайылық таныту нысанында, дәстүрлерде, тұрмыстық жағдайларды, климатта, ас тағамдардың сапасы мен алуан түрлілігінде, ақша жүйесінің ерекшеліктерінде, іскерлік этикеттегі айырмашылыққа әсер ретінде туындайды.