Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК шпор 21-30.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
46.08 Кб
Скачать

28. Компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлығы мен ұйымдық мәдениетіне әсер етуші халықаралық ортаның факторлары

Әлемдік экон-ң жаһандануы, ұйымдардың әртүрлі нысанда халықаралық корпорацияға қатысуы, кәсіпорындардың өз қызмет аясын кеңейтуге ұмтылуы ж/е ірі мультиұлттық корпорацияларға айналуы мәдениеттің айырмашылығымен байл/ты ұйымдастырушылық мінез-құлықтың жаңа бастамаларын белгілейді. Халықаралық бизнестің тиімділігі көбінесе басқа мемлекеттердің мәдениетін түсінумен, ұлттардың арасындағы мәдениеттің айырмашылықтарына ж/е оларға бейімделу қабілетіне байланысты болғаны айқын.

Мультиұлттық компания – бұл әртүрлі елдерде кәсіпорындары бар ж/е де әрқайсысы салыстырмалы түрде дербес болып қалатын көпұлтты ұйым.

Халықаралық бизнеспен айналысатын компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлқына ж/е ұйымдық мәдениетіне әр елдің ұлттық, әлеуметтік, экон-қ, саяси, заңды, этникалық ерекшеліктері әсер етеді.

Әлеуметтік факторлар сол н/е басқа елдегі адами ресурстарды дамытудың түрлі деңгейін сипаттайды. Халықаралық компанияға өндіріс персоналы, сондай-ақ төменгі ж/е ішінара орташа сатыдағы менеджерлер жергілікті деңгейде алынады. Бұл д/з, ұйымдық мәдениетке кез келген нақты адами ресурстардың білім деңгейі, біліктілігі, кәсіби құрылымы, демографиялық сипаттамасы секілді ұлттық жұмысшы күшінің ерекшеліктері әсер етеді.

Этникалық факторлар компанияның өызметкерлері арасындағы өзара қарым қатынаспен мінез-құлық нормаларына елеулі әсер ететін әр түрлі елдегі қызметкерлердің еңбек этикасының айырмашылықтарын, ұйымдағы әйелдерге, әлеу-к топтарға ж/е азшылыққа қатынасты сипаттайды.

Заң факторлары құқықтық жүйенің өзіндік ерекшеліктерін, ең алдымен жұмыспен қамту ж/е бизнесті жүргізу әдістері туралы заңдарда айқындайды. Халықаралық кооперация шеңберіндегі компаниялар қызметі едәуір олар жұмыс істейтін елдің заңнамаларымен анықталады.

Саяси факторларына мемлекеттік биліктің тұрақтылық деңгейі, ұлттық қозғалыстың болуы, басқарма режимі ж/е т.б. жатады.

Экономикалық факторлар елдің экон-қ өсу қарқынын халықтың жан басына шаққандағы табыстарды, инфляция қарқынын, сатып алу қабілетін,қызметкерлердің еңбек ақысы мен мотивациясында айқындалатын жергілікті жұмысшы күшінің құнын анықтайды.

Ұлттық факторлар елдің ұлттық мәдениетін айқындайды ж/е тілде, дінде, тарихта, ғұрыпта, дәстүрде, мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормаларында, бизнесті жүргізу ережелерінде көрініс табады. Ұлттық мәдени құндылықтар көбінесе жұмысшылардың мінез-құлқын анықтайды ж/е ұйымдық мәдениетке қатты әсерін тигізеді.

Ұлттық мәдениетті нақты елде қабылданған ж/е сол елдің көпшілік тұрғандарымен қолданатын құндылықтар, ұстанымдар, сенім мен нормалардың жиынтығы ретынде анықтауға болады. Ұлттық іскерлік мәдениет іскерлік этикет, іскерлік этика, бизнесті жүргізу ережелері мен нормаларын қамтиды әрі ұлттық мәдениеттің құрымдыс бөлігі б.т.

Компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлқы мен ұйымдық мәдениетіне әсер етуші ұлттық мәдениеттің аспектілері:

  1. Табиғатқа қатынасы

  2. Уақытқа қатынасы

  3. Адамдар арасындағы қатынас

  4. Ресмилік қатынас

  5. Дін

  6. Әлеуметтік ж/е жеке кеңістік

  7. Басқа да факторлар

Табиғатқа,уақытқа қатынас,адамдар арасындағы қатынас секілді параметрлер халықаралық мәдени айырмашылықтар моделін салыстыру үшін колд.

Ресмилік қатынас. Әртүрлі мәдениетте бизнесті жүргізу мен, салтанатпен, салт-дәстүрмен байланысты ресмилікті сақтауға әртүрлі қарайды.

Дін. Көптеген мәдениетте дін басым факторға жатады ж/е компания жұмысшыларының іскерлік байланыстарының ерекшелігі мен мазмұнына,жұмыс кестесіне,сыртқы келбеті мен этикалық ұстанымдарына елеулі әсер ете алады.

Тіл. Тілдер басқа елдегі іскерлік қатынаста кедергілерді,компанияның қызметінде,коммуникациясында мәселелерді жиі туындатады.

Әлеуметтік ж/е жеке кеңістік. Кейбір ұлттық мәдениеттері әлеуметтік кеңістікті қолданғанды көтермелейді,ал басқаларда жеке кеңістікке артықшылық беріледі. Шығыс мәдениеті неғұрлым әлеуметтік кеңістікке бағдарланған.

Әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы іскерлік қатынаста алынуы тиіс басқа факторлардан вербальсыз коммуникацияның құралдарын бөліп көрсетуге болады,олар жиі түсінбеушіліктің себебі болып табылады ж/е қатынас үдерісін қиындатады.

29. Мәдениетаралық айырмашылықтар үлгілері және компанияларды басқаруда олардың ролі

Мәдениетаралық айырмашылықтарды талдау үшін танымал келесі модельдер қолданылады: 1) А.Клукхон мен Ф.Стродбектің құндылықтық бағдарлану моделі; 2) Г.Хофстеденің мәдени құндылықтарды зерттеу моделі; 3) мәдени құндылықтардың ұқсастық белгісі б/ша елдер топтарын ерекшелеу.

  1. А.Клукхон мен Ф.Стродбектің құндылықтық бағдарлану моделі. Мәдениетаралық айырмашылықтарды анықтау үшін атақты антропологтар А.Клукхон мен Ф.Стродбек өздерінің моделінде 5параметрді қолдануға ұсынды:

  1. Адамдардың табиғатқа қатынасы. Әртүрлі ұлттық мәдениетте табиғатқа әртүрлі қатынас бар. Бұл табиғатқа үстемдік, гармония н/е оған бағынышты болуы мүмкін. Кейбір елдерде адамдар өзін табиғатқа қарсы қойып ж/е одан өзінің артықшылығын сезініп, қоршаған ортаны өзіне бағынышты қылуға, табиғатты бағындыруға тырысады. Бұл елдердің қатарында Қазақстанда бар.

  2. Уақытқа қатынас. Түрлі мәдениет өкілдері уақытқа әртүрлі қарайды, түрлі мезгілдік бағдарлауды иеленеді: өткенге, қазірге ж/е болашаққа. Көптеген елдерде адамдар уақытты шектеулі ресурс ретінде санайды.

  3. Дарашылдық ж/е ұжымшылдық. Кейбір елдерде, мысалы АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда дарашылдық ұлттық мәдениеттің бір қыры ретінде көрінеді. Ол тұлғаға тәуелсіздікті, өзіндікті, өзінің қылықтарына жауапкершілікті қамтамасыз етеді деп есептелінеді.

  4. Адамның табиғаты. Әртүрлі ұлттық мәдениетте қайрымдылық пен зұлымдылықты алып жүруші ретінде адманың табиғаты туралы әртүрлі түсініктер бар. Бірқатар елдерде адамды кесірдің көзі ретінде есептейді ж/е ережелердің қатаң жүйесін, адамдардың мінез-құлқына бақылау, бекітілген жалпы қоғамдық нормаларды бұзу үшін санкцияларды қолданады.

  5. Өмірге ж/е қызметке қатынас. Адамдардың белсенді қызметпен айналысуға қажеттілігі, мақсаткерлігі, прагматикалық көзқарасы, нәтижеге жету талабы айқын көрінетін елдер бар. Қоғымның белсенді қызметке мұндай бағдарлануының мысалы ретінде АҚШ-ты алуға болады. Басқа елдер өмірдің барлық көріністеріне бағдарланған. Адамдар мінездерінің қызбалығымен, еркіндігімен, сезімдерін еркін көрсетумен ерекшеленеді.

  1. Г.Хофстеденің мәдени құндылықтарды зерттеу моделі. 1990ж. Герц Хофстеде жүргізген әлемнің 64 елінде «Ай-Би-Эм» корпорациясының елшілес компаниялары қызметінде ұлттық мәдени айырмашылықтарын зерттеуде 4параметр салыстырылды: билік дистанциясы, еркектік-әйелдік, дарашылдық-ұжымшылдық, белгісіздікті қабылдамау. Оның кейінгі 1991ж.23 елдегі М.Бондпен бірігіп жүргізген зерттеуі осы моделдің бесінші параметрін – ұзақ мерзімді бағдарлауды анықтауға мүмкіндік берді. Параметрлер келесідей:

  1. Билік дистанциясы. Ол қоғам мүшелері бөлек адамдардың алатын орны мен мәртебесінде айырмашылықты қалай қабылдайтынын анықтайды.

  2. Дарашылдық-ұжымшылдық. Дарашылдық жеке мақсаттарға, сұранысқа ж/е жетістіктерге жетуге күш салады. Ұжымшылдықта топтардың сұранысы, қанағаттанарлығы мен нәтижелігіне көңіл бөлінеді.

  3. Еркектік-әйелдік. Бұл параметр қоғамда еркектер мен әйелдердің арасындағы рөлдерді бөлуді ж/е мәселелерді шешу әдістерін сипаттайды.

  4. Белгісіздік қабылдамау. Бұл параметр адамдар келешекті нақты болжай алмайтын белгісіз жағдайларда өздерін қалай сезінетіндерін көрсетеді.

  5. Ұзақ мерзімді-қысқы мерзімді бағдарлау. Ұлттық мәдениетте ұзақ мерзімді бағдарлаудың басымды болуы қоғамның болашақ үшін өмір сүруге дайындығын көрсетеді.

Қысқы мерзімді бағдарлауда өткен кез жоғары бағаланады ж/е қазіргі кезге көңіл бөлінеді.

  1. мәдени құндылықтардың ұқсастық белгісі б/ша елдер топтарын ерекшелеу. Мәдениеттің бірлік қағидасы б/ша елдерді топтастыру бір топқа кіретін елдердің негізгі мәдени құндылықтары өзара ұқсас ж/е адамдардың мінез-құлқы көп бірлікке ие болатыны туралы топтамаға негізделеді. Модельдердің синтезі негізінде өнеркәсіптік дамыған елдердің келесідей әлеу-к мәдени топтарын ерекшелеуге болады:

  • англо тілді: АҚШ, Ұлыбритания, Канада,Австралия;

  • скандинавиялық:Норвегия, Финляндия, Дания

  • германиялық: Германия, Австрия, Швейцария;

  • таяу шығыстық: Греция, Иран, Түркия.