- •Басқару әлеуметтік мектебінің қалыптасуы.
- •Тейлоризм қағидаларын талдау (тәжірибедегі қолданысы)
- •6.Портер-Лоулер моделін түсіру.
- •7.Функция түсінігі, оларды жіктеу.
- •8.Ұйымдастыру функциясы кезеңдері. Бағдарламада қойылған міндеттерді ж.А.Арналған басқару жұмыстарының түрін айқындайды. Негізгі қағидалары:
- •13.Ұйымның к.Үшті және әлсіз жақтарын басқарушылық зерттеу.
- •14.Стратегиялық жоспарлаудың мәні функциялары және тиімді жақтары.
- •16.Индикативтік жоспарлау түсінігі.
- •4.Басқару ғылымы немесе сандық ықпал.
- •18.Туристік ұйымдағы коммуникациялық процесс сызбасын түсіру.
- •20.Менеджер тәжірибесіндегі шешімдерді ұйымдастыру.
- •21.Стрестік жағдайларды басқару жолдары.
- •24.Заманауи менеджердің негізгі басқарушылық рольдері.Жағдайлық мысалда.
- •25.Ұйым жетекшісі. Билік және ықпал ету.
- •29.Лидерлік типтері: жеке қасиеттер тұрғысындағы мінез-құлықтық және ситуациялық әдістер.
- •32.Қарым қатынас құру элементтерін сипаттау.
- •38.Дельфы, «ми шабуылы» техникаларын қолдану арқылы шешім қабылдау моделін құру.
- •39.Қарым-қатынас формалары.
- •40.Ұйымдастыру жүйе ретінде.
- •45.Адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі.
- •46.Табыстау, өкілеттілік табыстау түрлері.
- •47.Нақты мысалда өз басшыңыздың беделін анықтау.
- •48.Шешім қабылдау мазмұны мен түрлері.
- •49.Басқару ғылыми мектебінің қалыптасуы.
- •50.Өзіңіздің кәсіби даму бағдарламаңызды құру.
- •51.Персоналды бағалау әдістеріне сипаттама.
- •55.Әлеуметтік-психологиялық басқару әдісі.
- •58.Менеджерге қойылатын талаптар.
- •59.Американдық және жапондық менеджмент ерекшеліктері.
- •61.«Ынталандыру» түсінігінің мағынасы мен эволюциясы.
- •65.Ресми және бейресми топтар.
- •66.Шешім қабылдау процесі, оның әдістері.
- •67.Басқарушылық шешімдер түрлерін сипаттап, жіктеу жасаңыз.
- •68.Туркәсіпорын түсінігі, оның мақсаты.
- •70.Өз басшыныңыздың басшылық стилін анықтау.Түсініктемелер беру.
- •71.Басқару деген не?
- •72.Стратегияның мәні. Оның түрлері.
- •1.Тиянацты шешім стратегиясы. Американың жэне Жапонияның
- •76.Бейресми ұйымдардың құрылуы себебін анықтау жолдары.
- •82.Бейресми топтарға кіру себептері.
- •83.«Хоторн әсері» әдісі нақты жағдайда қолдану
- •89.Ынталандырудың саяхат мотиві топтары бойынша нақты жағдайлық мысал келтіру.
- •1.Практикада қалыптасқан ескi, дəстүрлi жұмыс тəсiлдерiнiң орнына ғылыми тұрғыдан зерттеулер жүргізу. Оның ойынша басқаруда да, көпiр салу сияқты сенiмдi асқан дəлдiк керек.
- •94. Басшы деген кім? Басшының функциялары.
- •95.Жетекшіліктің автократтық, демократтық, либералдық стильдеріне салыстырма жүргізу.
- •98.Басшы мен бағынушылар билігінің балансын құру.
- •99.Менеджмент және кәсіпкерлік.
- •100.Адамдарға басшылық етудің әдістері.
- •101.Алғашқы және екінші ретті қызметтер көрсететін кәсіпорындар мысалын келтіру.
- •102.Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Ішкі ортаны бағалау және талдау.
- •104.Әртүрлі елдерде ұжымдар ішіндегі психологиялық климаттың ерекшеліктерін анықтау.
- •105.Басқарудың объекті мен субъекті. Басқарушы еңбегінің пәні, өнімі мен құралдары.
- •112.Хоманс моделі мысалдық жағдайы
- •«Менеджмент және менеджер» түсінігі
16.Индикативтік жоспарлау түсінігі.
Ұйымдарда бiр жылға өндiрiстiк жоспар, қаржы жоспары жəне маркетинг жоспары
қарастырылады.
Сонымен қатар жоспарлаудың түрлерiне индикативтiк жəне iшкi фирмалық жоспарлаужатады.
Индикативтiк жоспарлау ол мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық дамуының ғылыминегiздегi мақсатын анықтау жəне осы мақсатының жүйесi мен параметрiн жəне оған жетудiңəдiстерiн анықтайды. Индикативтiк жоспар нарық экономикасы жағдайындағы мемлекеттiк əлеуметтiк-экономикалық саясаттың орындалғандығының бағыты мен əдiстерiн негiздейдi. Ондай жоспарлау үшiн аймақтардың, мекемелердiң, өндiрiстердiң жəне барлық халықтың құқығы мен мүддесi
сақталынады. Индикативтiк жоспардың жүйесi стратегиялық, орташа тығыздық жəне ағымдық жоспарды кiргiзедi, енгiзедi.
Индикативті жоспарлау келесідей сипатталады:
1) Индикативті жоспарлау нарықтың экономика субъектілері болып өз өнімдеріне, түсімдеріне өздері қожа еркі меншік иелері есептеледі деген ұғымға негізделінеді.
2) Жоспарлары құжаттар көрсеткіштері нұсқаушылық бағыт берушілік сипатта
3) Жоспарлық көрсеткіштерді қосымша келесім шарттармен толықтырусу мүмкіндігінің болуы.
Индикативті жоспарлау мақсаттары:
1) Ұлттық мемлекеттің экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын алу, экономикалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету.
2)Әлемдік және ішкі нарық коньюктураларын бюджеттік қаржыларды мемлекеттің пайдалану, бағыттары турасында шаруашылық субъектілеріне мәліметтер жүйесін қалыптастыру.
3)Нарық субъектілеріне оларды қызықтыратын және мемлекеттік ұлттық бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштер жүйесін құру.
4) Тауар өндіруді жаңа техника технология және озық тәжірибелерді пайдалануға бағыттау.ҚР-ң индикативтік жоспар жүйесі бір-бірімен тығыз байланысқан бірнеше деңгейлі бағыттардағы жоспарлардан тұрады.
17.Менеджмент мектептері ерекшеліктері.
Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тəсілдер Ғылыми мектебітің құрылуы мен дамуы. М.Х.Мэскон, М.Альберт, Ф.Хедоури “Менеджмент негiздерi: басқарудағы ой-пiкiрдiң дамуы”
кiтабында мектептiң 4 түрiн белгiледi:
-ғылыми басқару мектебi; - əкiмшiлiк мектебi; - психология жəне адамдар қарым-қатынасының мектебi;
- басқару ғылымының мектебi (немесе сандық мектеп).
Мектептiң төртке бөлiнуiне байланысты басқару мəселелерідетөртке бөлiнедi, немесе мұнда басқару 4 түрлi көзқарасты қарастырады.
1.Ғылыми басқар мекебі.
Ғылыми менеджменттiң пайда болуы Ф. У. Тейлордың (1856-1915) есiмiмен байланысты. Оның басты еңбектерi “Фабриканы басқару”, “Ғылыми менеджмент принциптерi”, т.б. Оның зиратының басына “Ғылыми менеджмент атасы” деп жазылғаны, оның басқаруды ғылыми тұрғыға көтергендігінің куəсі іспеттес..
Тейлордың ғылыми менеджментi ұдайы бақылау, эксперименттеу жəне логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтiң көмегiмен бизнестi жандандыратын менеджмент түрi болып саналады. ”Мидвейлде”, кейiннен “Бетхелем Стилде” жұмыс iстеген кезде Ф. Тейлор ғылыми менеджменттi 4 салада дамытты: нормалау; уақыт пен мiндеттi зерттеу; ұдайы сұраныс жəне баулу; ақшалай ынталандыру.
20-шы жылдары Тейлор iлiмiнiң көрнектi зерттеушiлерi мен белсендi насихатшылары Генри Гантт,Френк Б. Гилбрет, Лиллиан Гилбрет, Хорес Хетуэй, Сенфорт, Харисон,Г. Эммерсон, Г.Форд болды.«Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Францияда, Ұлыбританияда, Швецияда жəне басқа да европалық елдерде кеңiнен мəлiм болды, мұның өзi оларда«басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбектi ғылыми ұйымдастыру» т.б. аттармен жарияланды.Егер əуелгі кезде басқару теориясының авторлары тек өндiрiс табыстарына, бизнеске қана көңiл бөлген болса, кейiннен адамдар қызметiнiң барлық саласында бiрдей қолданылатын басқаруды ұйымдастырудың «ғылыми принциптерi» концепциясы қалыптасты.
2.Басқарудың классикалық немесе əкiмшiлiк мектебi.Əкiмшiлiк басқару мектебiн француз зерттеушiсi Анри Файольдiң (1841-1925) есiмiмен тiкелей байланыстырамыз. Файоль өзiнiң негiзгi «Жалпы жəне өнеркəсiптiк əкiмшiлiк» атты еңбегiнде капиталистiң
əкiмшiлiк қызметке жалпы көзқарасын, мiндеттi принциптерiн тұжырымдайды. Басқару деп есептейдi ол, кəсiпорынды мақсатқа сай жолға қою, сөйтiп қолда бар ресурстарды пайдалана отырып барлық мүмкiндiктi пайдалану. Файольдiң пiкiрiнше, əкiмшiлiк ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бiр бөлiгi жəне де техникалық (технологиялық), коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлiк, жұмыскерлерге ықпал ету
салаларын қамтиды.
Əкiмшiлiк функцияны талдай отырып, Файоль оның 5 элементiн бөлiп көрсеттi: жоспарлау;
ұйымдастыру; басшылық ету; үйлестiру; бақылау. А.Файоль əкiмшiлiк басқарудың бiрқатар принциптерiн ойластырды, мұның өзi оның пiкiрiнше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттiң осындай əмбебап принциптерi менеджерлердiң өз қызмет мiндеттерiн қалай орындауы тиiс екендiгiн көрсетедi.
Ендi менеджерлерге арналған 14 принципiнде Файоль басқарушылардың қызмет мiндеттерiн қалай орындау керектiгi туралы айтады. 3.Адамгершiлiк қарым - қатынас мектебi. Ғылыми басқару мектебi мен классикалық мектеп, психология жаңадан дами бастаған кезден бастап жарық көрдi, сондықтан да, осы мектептiң авторлары адам факторларының маңызын мойындай тұрса да, олардың пiкiр-таласы ақыны əдiл төлеу, экономикалық ынталандыру жəне формальды қызмет қарым-қатынас жөнiндегi ұйым қозғалысының негiзгi тиiмдi элементтерi ретiнде туындаған едi. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшiлiктi шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершiлiк қарым-қатынас мектебiн кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Мари Паркер Фоскет пен Элтон Мэйо адамгершiлiк қарым-қатынас мектебiнiң жаңа бағытта дамуының негiзiн салушылар деп есептелiнедi. Мисс Фоскет менеджменттi тұңғыш рет “басқа адамдардың көмегiмен жұмыстың орындалуын қамтамасыз етушi” деп анықтама бердi.
Элтон Мэйо “Уэстерн электрик компани” фирмасымен шартқа отырып, Хотторис қаласында адам еңбегiнiң тиiмдiлiгiне психологиялық факторлардың ықпалын зерттедi. Бұл жұмыс кезiнде бүкiл АҚШ- қа
əйгiлi болған “Хоттористiк эксперимент” деп аталады.
“Адамгершiлiк қарым-қатынас” мектебiнiң көрнектi өкiлдерi - К.Аржелист, Ф.Форцберг, Р.Ликатт, Д.Макгрегор, Р.Блейк, тағы басқалар. Бұл өкiлдер басқару жүйесiнде де жұмыскерлердiң еңбегiн жетiлдiру
тəсiлдерiн iздестiруге едəуiр көңiл бөлдi. Атап айтқанда, олар ресми емес əлеуметтiк құрылымды өзгертуге ерекше көңiл бөлудi немесе ұйымның формальдi құрылымын қайта құруды ұсынды. Олар классикалық мектеп ұсынған “жоғарыдан төмен қарай ,бағыну үйлесiмдiгi” принципiн қатты сынға алып, билiктiк тек қана жоғарыдан төменге қарай жүруiн тиiмдi деп есептемедi.
