Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Management_100_ball_33_33_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
299.17 Кб
Скачать

102.Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Ішкі ортаны бағалау және талдау.

Стратегиялық жоспарлау. “Стратегия” ұғымы ежелгi грек елiндегi ауқымды өкiлеттiлiкке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында “генерал шеберлiгi” дегендi бередi. Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегi басшылықтың қабылдаған, кешендi жан- жақты шешiмдер жиынтығын айтады. Басқару қызметiн жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберiнде төмендегі əрекеттері

орындалады;

- ресурстарды бөлу‚ барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен байланысты;

- сыртқы ортаға бейiмделу‚ басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы

экономикалық‚ саяси‚ əлеуметтік-мəдени‚ техникалық факторлардың əсерінде болады;

- iшкi үйлесiмдiлiктi орындау -стратегияны іс жүзіне асырудағы ұйымның ішкі

мүмкіндіктерін‚ жетістіктермен əлсіз тұстарын басқарушының зерттеу‚ бағалау арқылы

мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ету;

- ұйымдық стратегияны ұғыну‚ басқарудағы осыған дейінгі орын алған тəжірибе‚ кешенді

жоспарлар мен деректерге сүйене отырып‚ дамудың бағытын белгілеуді ұсынады.

Кəсiпорын деңгейiндегi стратегия:

1. өндiрiс стратегиясы;

2. қаржы стратегиясы;

3. маркетинг стратегиясы;

4. қызметкерлер стратегиясы;

5. мəдениет стратегиясы.

Стратегиялық жоспарлау дегенiмiз - бұл кəсiпорын басшылығымен қабылданатын əрекеттер жəне шешiмдер жиынтығын көрсетедi, ол ұйымның өзiнiң мақсаттарына жетуге көмектесу үшiн арналған арнаулы

стратегияларды дайындауға əкеледi.

Стратегиялық жоспарлау процессi басқару шешiмдерiн қабылдауға көмектесетiн, құрал болады. Оның мiндетi - ұйымдағы жеткiлiктi дəрежедегi жақсылықтар мен өзгерiстердi қамтамасыз ету.

Ұйымның жалпы мақсатының негiзi ол ұйымның мiндеттi iсiн анықтау. Мақсаты: Ол осы мiндеттi iстi жүзеге асыру үшiн жасалынады.

Ұйымның жетiстiгiне шын үлес қосу үшiн мақсаттың əртүрлi сипаттамасы болу керек.

1. Мақсат нақты жəне өлшемдi болуы керек.

2. Мақсат уақытқа бағытталуы керек. Сол үшiн ол үшке бөлiнедi:

- ұзақ мерзiмдi;

- орта мерзiмдi;

- қысқы мерзiмдi мақсат.

Ұзақ мерзiмдi мақсаттың жоспарлау деңгейi 5 жылға тең. Ұйымдар бұл мақсатты ең алдымен тұжырымдайды;

Орта мерзiмдi мақсаттың жоспарлау деңгейi 1-5 жыл аралығында;

Қысқа мерзiмдi мақсаттың жоспарлау деңгейi 1 жылға дейiн.

3. Мақсат қол жетерлiк болу керек.

4. Соңынан, ұйымның көптеген мақсаттары тиiмдi болу үшiн олар бiр-бiрiне үйлесуi керек, яғни бiр мақсаттың орындалуына кедергi болмауы керек.

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

103.Туристік ұйымның жұмысын ұйымдастыру тәсілдері.

Туристік объект 3 негізгі компоненттен тұрады: 1. Тур.аудан(орын) – тур.шара өткізетін белгілі бір орын немесе ауданның туристпен қолданылуы. Оның негізгі факторы – тартымдылығы. Бұл аудан немесе орынның шекарасы шектелмеген. 2. Тур.ұйымдар(мемлекеттік – туристік саясатпен айналысады; жеке меншік). 3. Туристік кәсіпорындар. Тур.кәсіпорындар өз кезегінде бірінші реттік қызметтер ұсынатын кәсіпорындар(туроператорлар, турделдалдар, арнайы тағайындалған көлік мекемелері, түнеу орындары, басқа да мекемелер) және екінші қызметтер ұсынатын кәсіпорындар(кредиттік немесе банктік, жалға алу мекемелері немесе спорттық, жарнамалық, сақтандыру мекемелері) болып бөлінеді. Туроператорлар көлеміне байланысты бөлінеді: а.ірі(150000); в.орта(30000-50000); с.шағын(30000 дейін). Көрсетілетін аймағы бойынша ұлттық, аймақаралық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі болып, тур.бағдарламаның тереңдігі мен кеңдігіне байланысты және мақсатына байланысты коммерциялық, коммерциялық емес болып бөлінеді. Турделдалдар мынадай критерийлерге бөлінеді: ассортименті бойынша, құқықтық-экономикалық статусы, көлеміне байланысты. Басқа да мекемелер: кредиттік немесе банктік; жалға алу мекемелері немесе спорттық; жарнамалық; сақтандыру мекемелері.

Туристік өнімді өндіретін және оны жылжытатын негізгі туристік кәсіпорын туроператор мен турагент. Туроператор топтық туризмге кешенді өнімді ұйымдастыру қызметін атқарады. Ал турагент өнімді өткізетін делдал қызметіндегі жеке және заңды тұлға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]