Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Management_100_ball_33_33_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
299.17 Кб
Скачать

6.Портер-Лоулер моделін түсіру.

Бұл модель күту теориясы элементтері мен әділеттілік теориясы элементерінен тұрады. Портер Лоулер моделі бес компененттен тұрады. 1. Шығындалған күш 2. Қатысу 3. Алынған нәтиже 4. Марапаттау 5. Қанағатандырылу дәрежесі.

Кез келген қол жеткізілген нәтиже шығындалған күшке тәуелді. Ал шығындалған күш марапаттау және қанағаттандырылу дәрежесімен өлшенеді. Портер лоулер теориясында марапаттау мен нәтиже арасында ерекше байланыс орнайды яғни адам қол жеткізген нәтижесі негізінде алған марапаттауы арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Портер Лоулер теориясының маңызды бір қорытындыларының бірі - нәтижелі жұмыс қанағаттандырылуға әкелінеді дейді.

7.Функция түсінігі, оларды жіктеу.

Функция деп - обьективті қажетті, тұрақты қайталанатын іс-әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы біріктірілген жиынтық.

Қызметі бойынша функциялар жіктеледі:

Коммерциялық,Техникалық,Қаржылық,Сатып алу және логистика,Әкімшілік функция. Ал Файоль болса оны келесідей бөледі: Техникалық,Коммерциялық (сатып алу және сату),Есеп қызметі,Қаржылық,Қауіпсіздікті қамт. ету,әкімшілік. Ең соңғы функциядан бес негізгі функ.туындады: алдын-ала болжау, ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, бақылау.

Функцияларды екінші жіктеу. Бұл іскерлік басқарудың функциялары не классикалық жіктеу д.а. Бұларға: даму, маркетинг, өндіріс, басқару жатады.

8.Ұйымдастыру функциясы кезеңдері. Бағдарламада қойылған міндеттерді ж.А.Арналған басқару жұмыстарының түрін айқындайды. Негізгі қағидалары:

  • жоспарда анықт.фирма мақсаттарын анықтау және бөлшектеу

  • қызмет түрлерін бөлу

  • міндеттерді жекелей бөлу (еңбек бөлінісі) және топ не бөлімшелерге біріктіру

  • әртүрлі қызмет түрлерін үйлестіру

  • мақсат бірлігі

  • бақылау аумағы;

Жұмысты ұйымдастыру үш кезеңге бөлінеді:

  • жұмысты шағын бөліктерге (бір адам) бөлу.

  • Міндеттерді қисынды блоктарга бөлу(екі оданда көп мамандық топ)

  • Жұмысты үйлестіру.ол дау жанжалды болдырмауға, реттеуге, фирма құрылымын нығайтуға көмекс.

Ұйымдастырудағы табыстау (делегирование) басқару теориясында міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайтын тұлғаға міндеттер мен өкілеттіліктерді беруді білдіреді. Барлығын бір басшы орындай алмайды. Менеджмент классигі Мэри Паркер Фоллет басқарудың бірі «жұмысты басқалардың орындауына жете» білуден тұратынын өте маңызды деп байқаған болатын. Табыстауды қалайша тиімді ж.а.терең түсіну үшін осымен байланысты жауапкершілік тұжырымдамасы мен ұйымдастырушылық өкілеттіліктерді түсіну керек.

Табыстау деп:

  • тапсырма, билік, жауапкершілік беру

  • Біреудің алдына мақсат қою, сонымен бірге бір уақытта оған қорытынды сапасына жауапкершілік, мақсатқа жету үшін құралдар ұсыну

  • Басқарушыны артық жұмыстан құтқару

  • Басқарылу үшін қосымша жұмысты зорлап міндеттемелеу.

Табыстау ережелері:

  • Атқару мен талап етілген іс әрекет деңгейін анық айқындау

  • Нәтижелер туралы есеп уақытын анықтау

  • Табысталатын билікке қатысты ұжымды хабардар ету;

Яғни, табыстау арқылы басшының бағыныштыларға өз жұмыының біразын тапсыра алуға жәрдемдесетін құралы б.т.

Өкілеттілікті сәтті табыстау жауапкершілік (белгілі бір шешім, мәселе шешуде құқық беру), өкілеттілік (шешім қабылдауда билік ьеру), және есеп берушілік (бағынушы өз ісіне жауапкершілік алады) жүйесіндегі тепе теңдікті талап етеді.

Өкілеттілікті табыстау мынадай болады:

  • Толық (бағынышты орындайды, жауапкершілік алады, басшы тартылмайды)

  • Шектеулі (бірлесе орынд, жауапкершілік алады)

  • Нолдік (орындайды, бірақ жауапкерш алм.)

  • Керісінше табыстау (бағынышты жұмысты басшыға қарай ауытырады).

9.Іскерлік жиылыстар жіктемесін келтіріңіз.

Іскерлік жиылыстар – белгілі бір міндеттерді ойластырудың және көпшілік болып қабылдаудың кең тараған тәсілі. Өткізу стиліне қарай іскерлік жиылыстар мынадай түрлерге бөлінеді: проблемалық жиылыс – басқаруға қолайлы шешім іздестіру; нұсқаулық жиылыс – жоғарыдан төменне қарай басқару схемасы бойынша жарлық беру, қажетті байланыстар орнату, оларды жеделді орындату; жедел жиылыс – басты өндірістегі күнделікті істің жайы туралы мәлімет алу болып саналады.

10. Шешімдерді қабылдау: процесс, шешімдердің типтері, шешімдер қабылдаудың үлгілері мен әдістері.

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау - басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез- келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорындардың, ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижешесі басшының дер кезінде шеім қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуін, ал оның жеделдігі мен дұрыстығын басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны, адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиын болмайды.

Шешім қабылдау процесі-

1.Мәселені анықтау үшін ой өрісі көзқарасы қажет.

2.Ақпараттың талқылануы және қоғамдық көзқарас

3.Мәселені бағалау

4.Шектеулерді айқындау және баламаларды анықтау

1.Шешім қабылдау (ең дұрысын таңдап алу)

2.Шешімнің жүзеге асырылуын қарасытыру

3.Қабылданған шешімді бақылау

Шешім қабылдау әдістері:

1.Бейресми әдіс- басшының қабылдаған шешімі. Жылдам шешімдер қабылданады. Бірақ кері әсері болуы мүмкін

2.Ұжымдық әдіс- қатысушылардың шеңберін анықтау арқылы уақытша топ құру арқылы жүзеге асады. Ұжымдық әдісте топ құрылудың басты критерилері: - шығармашылық қабілетінің жоғары болуы:-берілген тапсырмаларды жылдам оырндау;- қарым-қатынастың жақсы болуы;- жан – жақтылығы;Ұжымдық әдісте топтық жұмыстың әртүрлі формалары бар: - кеңес беру,- алқалық жиналыстар; - коммисиялық жұмыс;Кейбір ұжымдық әдіс түрлері:Ми шабуылы әдісі-; дельфий әдісі Ким ги се әдісі.

1.Сандық әдіс – математикалық типіне байланысты сандық әдістер бөлінеді: - сызықтық моделдеу; - динамикалық жоспарлау; -ықтималдылық және статистикалық модел

2.Ойын теориясы

3.Имитациялық модел

11.Норма және нормативтер түсінігі.

Норма термині латын тілінен аударғанда жетекшілік, бастама, ереже, үлгі, міндетті болып саналатын тәртіп, бекітілген өлшем, орташа шаманы білдіреді. Норматив – кәсіпорын шаруашылық қызметін жоспарлауды, еңбекті нормалауды, пайдаланылатын материалды ақшалай ресурстарды жұмыс уақытты шығынның есептік шамасы. Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде ғылыми техникалық жаңа жетістіктерінтехникалық өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін кәсіпорынның өндірістік қуатын қолдану және алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибені есепке алу қажет.

Норма дегеніміз - нақты өндіріс- техникалық шарттарда экономикалық ресурстардың шығыстарының ғылыми негізделген шамасы. Норматив іртүрлі өндірістік экономикалық ресурстарды тұтыну, пайдаланудың жалпылама шамасы.

Нормалар мен нормативтер - өздерінің мәні болатын абсолютті және қатысты жалпы және жеке, жоспарлы және фактілік перспективті және ағымдық, макро және микроэкономикалық, сандық және сапалық б.к .

Нормативтер мен нормалар келесі топтық белгілер бойынша жоспарлы нормативтің жүйесін құрады:

    1. ресурстардың түрлері бойынша : өндіріс қорлары, еңбек құралдары, жұмысшы күші, жұмыстар мен қызмет көрсету шығынның шамасын реттейтін нормалар мен нормативтер кәсіпорындағы әртүрлі өндірістік ресурстарды пайдалану норматив пен коэффиценттері.

    2. өндіріс сатысы бойынша: ағындық сақтандыру , техникалық өндіріс, көлік материалдар қорлары, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы ұйымдар және дайын, өнімді шығаратын нормативтер олардың өлшемі мен динамикасы материалдарды ресурстардың дайын тауар, қызмет түрлеріне айналу процесін сипаттайды.

    3. орындалған қызметтер бойынша: жоспарлы, экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, еңбек, экология, басқарушылық, құқықтық т.б болып бөлінеді.

    4. іс-әрекет ету уақыты бойынша: перспективті, ағындық, шартты тұрақты және уақытша, бір реттік және маусымдық болып бөлінеді.

    5. тарату сферасы бойынша: сала аралық, салалық, ішкі өндірістік, халықаралық, республикалық, аймақтық және жергілікті болып бөлінеді.

    6. тағайындалу әдісі бойынша: есептік, аналитикалық,эксперементалды, ғылыми аналитикалық зерттеу, статистикалық болып бөлінеді.

    7. мәндерінің анықталу нысаны бойынша: кестелік және аналитикалық болып бөлінеді.

    8. детальді дәрежесі бойынша: индивидуальды, топтық, бөлшектік, үлкейтілген, жеке және жалпы спецификалық және жиынтықты

    9. сандық мәні бойынша: оптималды мүмкін, масимум, минимум және орташа

    10. мақсаттық белгіленуі бойынша: шығындық және техникалық бағалау және технологиялық, экономикалық, оперативті, өндірістік, күнтізбелік, жоспарлы нормативтер.

Еңбек нормасының жүйесі бойынша кәсіпорын иелеріне фирма мамандарының жұмыстарын әртүрлі элементтерімен кешендерін орындауға жұмсалған шекті еңбек шығындарының жиынтығы – уақыт нормасы. Бұл - өнім бірлігін дайындауға, бір жұмысты немесе қызметтерді орындауға, жұмыс уақытын қажетті немесе ғылыми негізделген шығындарды бейнелейді (минут) дана, сағ(дана)

Өндірілім нормасы – жұмыс уақытының сәйкес есептік кезеңде дайындалған өнімдердің қажетті кешенесін белгілейді. Жұмысшылар санының нормасы, өндірістік процестерге қызмет көрсететін, берілген жұмыс көлемін орындау үшін сәйкес категориядағы жұмысшылардың қажетті санын анықталады.

Қызмет көрсету нормасы – бір жұмысшы топ бригадаға бекітілген аудан және басқа да өндірістік объектілерінің өлшемі жұмыс орындарының саны өндірістік тапсырмалардың нормасы, ол бір жұмысшыға немесе бригадаға жұмыс уақытының берілген (смена, апта, ай, тоқсан) орындалатын жұмыстар немесе қызметтер, дайындалған өнім, номенклатуралары бекітеді.

Басқару нормасы – бұл кәсіпорынның сәйкес бөлімінің бір жетекшісіне бағынатын жұмысшылар санын шектейді.

Жұмыс уақыт номенклатурасына: еңбек процесінің ұзақтығы , жұмысшының еңбек сыйымдылығы және жұмысшылар сананың нормативті жатады.

Ұзақтық нормативы- бір станок немесе жұмыс орындағы жұмыс бірлігі орындалатын жұмыс уақыт есептік шамасы.

Еңбек сыйымдылығының нормативы – бір өнім өндірісіне кететін әртүрлі жұмыстарды орындауға жұмсалған еңбек шығының жоспарлы шығыны.

Еңбек сыйымдылығының нормативі 3 бөлінеді:

  1. технологиялық көрсеткіштер – дайындық жұмыстарды детальді құру және дайындау, машиналарды жинау және монтаждау сияқты еңбек құрамына техниканың әсер ететін негізгі жұмысшының еңбек шығынына байланысты.

  2. өндірістік емес - өнім өндіруге жұмылдыратын негізгі және қосымша жұмысшының шығындары кіреді.

толық емес – белгілі бір өнім бірлігін өндіруге өнеркәсіптік - өндірістік персоналдардың еңбек шығынының жалпы шамасын сипаттайды.

12.Өз ұйымыңызда әңгімелесу процесін басқару.

Басшылар жұмыс уақытының көп бөлігін өзінің қарамағындағы аамдармен әңгімелесуге жұмыстың орындаулын бақылауға келушіледі қабылдап жаңа мәліметтер алуға арнайды. Мұның өзі кездесуді ұйымдастырғанда 1 жұиысшылардың сеніміне ие болу үшін 2 әңгімелесуші қолайлы әрі түсінікті нышанда оған қажетті мәліметтерді беру жұмыс тәжірибесін көрстеу, пайдалы инициативаны қолдау үшін іскерлік танытуды қажет етеді. Өзінің ой пікіріңді, позицияны жеткізудің, осыған көз жеткізудің ең қолайлы жолы жылы жүзді әңгімелесу. Әңгімелесу жиі өткізіле бермейтіндіктен, әсіресе кездесуге әр түрлі мамандар мен басшылар қатысатын болса және егер де әңгіме өткізу инициативасы қызметі жоғары адамдар тарапынан болған жағдайда мұндай әңгімелесуде барлық мүмкіндікті пайдалану қажет. Осыған орай әңгімелесудің тәртібімен, тактикасымен, сондай-ақ әңгімелесушінің ой-ниетін бағалау тәсілімен жете танысудың маңызы зор. Г.П.Мициг алуан түрлі жағдайға қатысты іскерлік әңгімені өткізудің негізгі 4 принциптерін ажыратады: 1. Әңгімелесушінің көңілін аудару(әңгіменің басталуы); 2. Әңгімелесушіні сөзге тарта білу(мәлімет беру); 3. Мұқият негіздеу принципі(дәлелдеу); 4. Бізбен әңгімелесушінің тілегін айқындап, күдігін сейілту. Іскерлік әңгімені өткізудің маңызды нұсқауларын есте сақтау қажет: 1. Әңгімелесушінің сөзін ақырына дейін мұқият тыңда; 2. Әңгімелесуші адамның иландыра айтқан сөзін ешқашан теріске шығарма; 3. Мүмкіндігінше сыпайы, ашық-жарқын кең пейілді, өнегелі бол; 4. Қажетті жерінде жігерлі бол, бірақ әңгіме барысы қызу айтысқа ұласқанда салқынқандылық көрсет; 5. Әріптесіңіздің мінез-құлығындағы ерекшеліктерді қаншалық білгендігіңізге, әрі әңгімені дұрыс арнаға салатындығыңызға байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]