Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Management_100_ball_33_33_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
299.17 Кб
Скачать

50.Өзіңіздің кәсіби даму бағдарламаңызды құру.

Қазіргі таңда кез келген Қазақстан азаматы кәсіби білімді болуы үшін орта мектепті бітіргеннен бастап, колледж немесе ЖОО бакалаврін бітіреді. Менің кәсіби даму бағдарламам алғашқы 11 жылдық мектептен басталып, ҚазҰУ туризм мамандығы бойынша бакалавриатпен жалғасын тапты. 4 жылғы негізгі кәсіби білім алғаннан кейін 2 жылдық магистратураға түсіп, туризмдегі басқару ғылымының магистрі, ал одан кейін ғылым докторы дәрежесін алуға жоспар құрылған. Егер де мен туристік фирмада турагент қызметінен бастасам, басқару құрылымында барынша дамыған АҚШ елінде стажировкадан өту арқылы және жинаған тәжірибеме байланысты турменеджер қызметіне көтерілуге мүмкіндігім болады.

51.Персоналды бағалау әдістеріне сипаттама.

Персоналды бағалау әдістеріне сипаттама

Персоналдың бағалауы жұмысшының бос немесе жұмсалған жұмыс орнына сәйкестігін анықтау үшін жүзеге асырылады. Бос орынды жұмсау кезінде жұмысшының потенциалын, яғни кәсіби білім мен тәжірибесін, өмірлік және өндірістік тәжірибесін, денсаулық және жұмысқа қабілетін және басқа да ерекшеліктерді анықтау маңызды. Потенциалды бағалау нақты жұмыс орнында адамдардың қабілетін қолдану перспективасы жөнінде ойластыруға мүмкіндік береді. Жұмысшының жұмыс орнына сәйкестігінің талдауы белгілі бір уақыт өткенде қажет және еңбек нәтижелерін ескере отырып, шығармашылық потенциал және жеке салымды бірлесіп бағалау жолымен мүмкін. Персоналды ұйымдастыру олардың потенциалын, жеке салымын жоспарланатын карьера, жас, жұмыс орындарын жұмсау мерзімдерін және кәсіпорынның штаттық кестесінде бос орындардың болуын бағалау нәтижелерінен шыға кадрлардың үнемі қозғалысын қамтамасыз ету керек. Ғылыми негізделген персоналдың ұйымдастырылуы олардың өмірлік қызығушылықтарын ескере отырып, қызметтік карьераның жоспарлануын; жұмысшылар категориялары және кадрлар резервіне тәуелді мақсаты, бәсекелесуі немесе таңдалуының рационалды сәйкестелуін; бағалау нәтижелеріне тәуелді аппарат жұмысшыларының жоспарлы қозғалысын; жұмыс орнын жұмсау мерзімдері және басқару кадрларының жасын анықтауын; жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыруын; еңбек шарттары мен төлемін анықтауын жан-жақты қарастырады.

Қызметтерді бағалау критерийлері:

-Білімі мен өндірістік тәжірибесі

-Мінез-құлық монерасы

-Мақсаттылығы

-Интелектуалдық қабілеті

-Сөйлеу монерасы

-Кәсіби жарамдылығы;

52.Ұйымдастырушылық-басқарушылық басқару әдісі. Басқару қызметі ақылменен әкімшілдік әдістерді қолдануынсыз болмайды. Олардың көмегімен тұрақты байланыстар және арақатынастар, басқару аппараты бөлімшелерінің, бөлек қызметкерлердің құқықтарын және жауаптылығын ескеретін жайлар түріндегі басқарудың негізгі жүйелері қалыптасады. Әкімшілік әдістер бастықтардың меншік иелерінің өз қарамағындыларға тура әсер ету жолымен іске асады. Ол жасалған келісімшарттар, әкімшілік бұйрықтар арқылы, әртүрлі жайлар ережелер, нормативтер және басқа құжаттар, қарамағындағы адамдардың ұйымдық қызметін реттейтін, олардың тиісті тәртіп және жауаптылықты қамтамасыз етуші айқын жұмысы негізінде жүзеге аса алады. Әкімшілік әдісті қолдану масштабтары басқарушы орган мақсаттарымен, өндіріс ұйымдары деңгейімен, шешім қабылдаушы қызметкерлердің мамандығы және мәдениетімен анықталады.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық әдіс- нақты мақсаттарға жету, ұйымдастыру жағымен әсер ету жүйесі. Әкімшілік тұрғыдан бұйрық беру арқылы шешіледі. Бұл әдіс бір жұмысты орындау кезіндегі ұйымдастырудың әр түрлі жағдайлар, әр түрлі типтерде мүмкін болады.

-Қатаң реттеумен

-Икемділікті бейімделумен

-Жалпы міндеттерді дұрыс қоя білу

-Қызметтің ұйғарылатын шегін біліп алу

-Әкімшілік әдіспен нақты міндеттерін анықтау

Ұйымдастырушы әдістің міндеттері- бағынушылардың іс-әрекетін үйлестіру. Әдісте ұйымдағы нақты тәртіп жұмыс ұжымындағы ережелер қамтылады бұйрық беру, нақты міндеттерді бөлу, оперативті жарлықтар, олардың орындалу арқылы әсер етеді. Осы аталғандар ұйымдастырушылық тәртіпті, нақтылықты көрсетеді. Заңнамалар, ережелер, заңдар, жарғы, қаулы әкімшілік қолданылады. Қатаң тәртіп болады. Басшы-суб.ролін атқарады.

Аталған әдіс 3 формаға бөлінеді:

-Міндетті әдіс-бұйрық,міндет,тыйым

-Келістіруші әдіс-компромис,екі жақты келістіру

-Ұсыныс беру,қалау әдісі- түсіндіру арқылы ықпал ету;

Ерекшелігі басқа әдістерден:

Дерективтері нақты болады

Тәртіпке бағынбаған жағдайда жаза қолданады және жәжбүрлеу;

Маңызды 2 элементтен тұрады:

  1. Басқару құрылымына әсер етеді(кестеленуі нормалануы, түсіндірілуі, жобалануы қызметтің) Рекламенті-кестеленуі кез-келген қызметте болады. Нормалар-құқықтық, эстетикалық, этикалық нормалар жатады. Түсінд-жобалануы –жазбаша, ауызша түсіндірулер.

  2. Басқару процесіне әсер етуі: басшының жарлығы, ережелері, заңы, бұйрығы әсер етеді.

53.Келіссөз жүргізу әдістерін көрсетіңіз.

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды бiле бермейдi, сондықтан да ол “бесаспап данышпан” болуы да мүмкiн емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бiрден-бiр құралы жазбаша немесе ауызша сөзi немесе цифр тiлi. Менеджердiң жұмысы техникаға, есептеу операцияларына, т.б. қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиiмдiлiгi тыңдау жəне оқу, айту жəне жазу қабiлетiне байланысты, ол өз ойын басқа бiреулердiң санасына жеткiзе бiлуi, сондай-ақ адамдардың да пiкiрiн айқындай алуы тиiс Менеджерлiк шеберлiктiң маңызды жақтарының бiрi келiссөз жүргiзе бiлуi, əрiптесiнiң мүддесiне сəйкестендiре бiлетiн өнерi болуы тиiс. Мұның өзi, əсiресе, қарамағындағы адамдарға əкiмшiлiк билiк жүргiзе алмайтын басшылар үшiн де аса қажеттi қасиет. Келесi онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлiк фирмаға ұқсайтын болады деген негізделген болжам бар.

Гринхалдың пiкiрiнше, келiссөздi ойдағыдай жүргiзе бiлу шеберлiгi 4 кезеңнен тұрады:

1. Өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерiнiң мүддесi үшiн келiсiм жасайтын адамдармен арада тепе-теңдiк қарым-қатынас орнатуы қажет.

2. Өзiнiң келiсiм жүргiзетiн жақты ұнататындығыңды, оның

пiкiрлерiн ескеретiндiгiңдi бiлдiру қажет.

3. Келiсiм кезiнде қайшылық туа қалған жағдайда “мен бұған

келiсе алмаймын” - деп айтуды үйрену қажет жəне не себептi келiсе алмайтыныңызды айқын түсiндiру керек.

4. Өзiңiзбен əңгiмелесiп отырған адамның басқа мəдени дəстүрде тəрбиеленуi мүмкiн екендiгiн ұмытуға болмайды. Проблеманы шешудiң американдық жолы - бiрден-бiр дұрыс жол деп айтуға болмайды. “Əңгiмелесушiге өктемдiк ету - келiсiм жүргiзудiң тұрпайы əдiсi. Бiз ұзақ мерзiмдiк iскерлiк қарым-қатынас

орнатуға үйретемiз” (Гринхал).

54.Коммуникациялар. Коммуникациялар процесі. Басқару тиімділігі.

Коммуникация дегенiмiз - басшылардың тиiмдi шешiмдер қабылдау үшiн хабарлар, мəлiметтермен алмасуы жəне төменгi буындарға қабылданған шешiмдердi жеткiзуi болып табылады. Басқару қызметкерiнiң барлық түрлерiндегi ақпараттар, хабарлар, мəлiметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестерi деп аталады.т ”Коммуникация” термині латын сөзінен шыққан ”жалпы” деген мағынаны білдіреді. Берілетін ақпарат алынатын ақпараттарды жалпы белгілеуге тырысады. Осыдан барып коммуникация тек жай ғана ақпарат алмасу ретінде анықталып қана қоймай жалпы символдар көмегімен түсінуді білдіреді.Басшылар еңбегінің тиімділігі ақпараттармен алмасу сапасына байланысты болады‚ ақпараттар сапасы мақсаттарды жүзеге асыру дəрежесіне тікелей əсер етеді. Бұл дегеніміз жеке тұлғалар жəне жалпы ұйымдардың табысы үшін тиімді коммуникация қажет. Коммуникация - тиімді басқарудың кілті болып табылады. Коммуникациялар - ауызша жəне жазбаша‚ ресми жəне бейресми түрде көптеген арналар жəне əртүрлі бағыттар бойынша жүреді. Коммуникациялық процесс дегенiмiз - екi немесе одан да көп адамдардың, топтардың арасында хабарлар, мəлiметтер, жəне т.б. алмасуларын айтады. Оның негiзгi мақсаты - хабарлардың осы алмасуы үстiнде түсiнушiлiктi қалыптастыруы болып табылады. Хабарлармен алмасу процесiнде негiзгi 4 элементтi қарастыру қажет:

1. Жөнелтушi, жiберушi - хабарларды жинақтап, өңдеп жiберушi адам;

2. Хабар ету немесе жариялау - шартты түрде символдар арқылы берiлген хабар.

3. Арналар - хабарлардың берiлу құралдары.

4. Алып тұрушы немесе алыну - хабарларды қабылдауға арналған жəне оны өзiнше түсiндiретiн адам. Коммуникациялық процеске түскенде ақпараттарды жөнелтушi мен қабылдап алушы бiрнеше өзара байланысты кезеңдерден өтедi. Олардың мақсаты - байланыс арналарындағы ағып жататын ақпараттарды мейлiнше түсiнiктi етiп жүргiзiп‚ арналарды тиiмдi түрде пайдалану жəне хабарды құрастыру жəне оны қолдану үшiн екi жақтың да бастапқы идеяларын түсiнетiн жəне ортақтасатын арналардың болуы. Бұл өте қиын процесс, себебi əр кезеңде хабардың мағынасы бұзылуы мүмкiн немесе бiржолата жоғалуы мүмкiн. Ендi осы коммуникациялық процесстердің кезеңдерiн қарастырамыз; 1. Идеялардың тууы.2. Шартты белгi жəне арналардың таңдалуы.3. Хабарлар (тапсыру, алып беру).4. Декодтау. Ойлар жəне идеялардың тууы.

Хабарламалар мен хабар алмасу. Əрқашанда ойды немесе идеяны тұжырымдау арқылы iске асады. Басшы қажет деген идеяны бағыныштыларға беруi немесе алмасуы үшiн мынадай қорытынды жасау керек. 1. Жұмысшылар қандай өзгерiстер енгiзгенде аз уақытта өнiмдi көп шығарады.

2. Жұмысшылар бұл өнiмдi көп шығару не үшiн қажет болғанын түсiну керек. 3. Жұмысшылар бұл өзгерiстердi қандай жағдайларда жасай алады деген мəселелердi қамтуы

қажет. Шартты белгiлер жəне арналардың таңдап алынуы. Идеяны бермес бұрын жөнелтушi символдардың көмегiмен хабарды кодтау керек. Бұл үшiн жөнелтушi сөздер, дауыс ырғағы, дене қимылын қолданады. Бұндай кодтау идеяны хабарға айналдырады. Жөнелтушi сондай-ақ жiберу арналарын да таңдауы қажет. Арналарға материалдарды беру, электронды байланыс құралдары, компьютерлер бейне-ленталар‚ бейне конференциялар жəне тағы басқалары енгізіледі. Хабарларды беру арналары тек қана бiр құралдармен шектелмеуi керек. Хабар беру. Бұл кезеңге мəлiметтi жөнелтушi қабылдаушыға жететiндей арнаны табады. Ақпараттармен алмасу барысында екi жақ та аса маңызды рольдi атқарады. Ақпараттармен алмасу неғұрлым тиiмдi болуы үшiн бағынушы басқарушыға қабылдап алған ақпараттарды қалай түсiнгендiгi туралы, соған сəйкес келешектегi атқаратын iс-əрекеттерi туралы хабарлап отыру керек. Ақпараттармен алмасу қалыпты жүрiп отыру үшiн бiрт ақпараттарды жөнелтiп, екiншi жақ оны уақтылы қабылдап отыру керек. Сонда ғана басқару процесiнде комуникацияның ролi жоғары денгейге көтерiледi. Ұйымда ақпараттармен алмасу жазбаша есеп берулер, пiкiр алысулар түрiнде болғандықтан‚ бұл процесс баяу түрде өтедi . Сондықтан ақпараттарды пайдалану керек. Декодтау. Декодтау - алынған хабарды түсiндiру, ұғындыру. Түсiну немесе ұғыну жiберушiнiң символынқабылдаушының ойына, сана сезiмiне жетуi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]