Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Management_100_ball_33_33_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
299.17 Кб
Скачать

48.Шешім қабылдау мазмұны мен түрлері.

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау - басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез- келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шім қабылдаудан басталады. Кәсіпорындардың, ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижешесі басшының дер кезінде шеім қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуін, ал оның жеделдігі мен дұрыстығын басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны, адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиын болмайды.Басқарушылық шешімнің түрлері: - белгілі жағдайдағы шешім; - белгісіздік жағдайдағы шешім –тәуекелге бару. Мексон бойынша шешім қабылдаудың үш түрі бар. 1. Ұйымдастырушылық шешім а)бағдарланған; б)бағдарланбаған Ұйымдастырушылық шешім қабылдаудың негізгі екі бағыты бар: -жеке; - топтық; 2. Интуивтивті шешім 3. Рационалды шешім Нарықты экономикаға өту кезеңінде ұйымдарда өндірістік процесстер мен əлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың күрделілігі соғұрлым алуан түрлі шешімдер қабылдау қажеттігін туғызады. Алайда кейбір елеулі белгілерді пайдалана отырып‚ басқарушылық шешімдеоді жүйе-жүйеге жіктеп‚ олардың негізгі түрлерін бөле көрсетіп‚ сипаттауға болады.Жоғарыда аталған басқару шешімдерінің түрлерімен басқада шешім түрлері əртүрлі белгілері арқылы бөліп көрсетуге болады. Шешiмнің түрлерi 1. Шешiм объектiсi бойынша -мақсатқа немесе құралға бағытталған;-құрылымдық (жағдайлық);2. Алғашқы ақпараттардың сенiмдiлiгi бойынша-ақпаратқа (қажеттi, жеткiлiктi);-жинақталған ақпаратқа (тəуелдiлiкке негiзделу);3. Шешiм мерзiмi бойыншf-ұзақ мерзiмдi; орта мерзiмдi, қысқа мерзiмдi; 4. Басқарушы иерархиялық құрылымымен байланысы бойынша -стратегиялық; тактикалық, оперативтiлiк; 5.Қайталануы (жиiлiгi) бойынша -кездейсоқ (бiрреттi) ; рутикалық (қайталанатын); 6.Жеткiлiктiлiгi (объектi деңгейiне) бойынша -жалпы (жалпы жүйелiк) ; -жеке (азмаматдандырылған). 7.Шешiм қабылдау процессiнiң сипаты бойынша - бiрiккен; - кезектi; 8.Шешiм қабылдау сипаты бойынша -жеке дара (жеке); топтық (ұжымдық); -дискурсттық (ойдан құралған); -интуктивтi (ойша); 9. Бағдарламау мүмкiндiгi бойынша -бағдарланған; - бағдарланбаған; 10. Мəлiметтердi өзгерту есебi бойынша -қатты; икемдi; 11. Тəуелдiлiк дəрежесi бойынша -автономиялы; қосалқы; 1.Күрделiлiгi бойынша - жай; - орта күрделiлiк; - күрделi. Шаруашылық жүргізетін жүйелердің барлық буындарында қабылданатын шешімдердің оңтайлылығына аса үлкен көңіл бөлуді қажет етеді.

49.Басқару ғылыми мектебінің қалыптасуы.

Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңці басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм»деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алгаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерик Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым түрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Ф. Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Оның теориясын Эрик Эмерсон (1853-1947), Генри Форд (1863-1931), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. «Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, өндірістің қүлдырауымен түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]