
- •Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
- •Астана, 2007
- •Оқу уақытын бөлу
- •6. Пәннің мазмұны
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Негізгі әдебиеттер:
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Практикалық сабақтар
- •I сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, жаттаңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Жарық
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.
- •5. Хабарлы сөйлемдерді мәнерлеп оқыңыз, көшіріп жазыңыз, аударыңыз.
- •II сабақ
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Жылу
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Бұйрықты сөйлемнің жасалуына көңіл бөліңіз.
- •5. Бұйрық райлы етістіктерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.
- •6. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, жасалу жолдарын көрсетіңіз.
- •7. Төмендегі лепті сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Аударыңыз.
- •III сабақ
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •4. Кестені пайдалана отырып, жақсыз сөйлемнің жасалу жолын түсіндіріңіз.
- •5. Жақты сөйлемдерді бір бөлек, жақсыз сөйлемдерді бір бөлек жазыңыз.
- •IV сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Өсімдіктердің құрылысы
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сөйлемнің бастауышын табыңыз.
- •V сабақ
- •1. Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Жаздық дәнді астық дақылдары. Бидай.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Кестеге қарап, өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •VI сабақ
- •Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.
- •Бақша дақылдары
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Кестені пайдалана отырып, баяндауыштың жасалу жолына көңіл бөліңіз. Баяндауыш
- •5. Кесте бойынша өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •6. Сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан болғанын анықтаңыз. Синтаксистік талдау жасаңыз.
- •VII сабақ
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Жеміс-жидек дақылдары
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз. Пысықтауыш
- •4. Кестеге сәйкес өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •5. Пысықтауыштарды тауып, қай сөз табынан екенін талдаңыз. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
- •VIII сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Көкөніс дақылдарын жіктеу
- •3. Кесте бойынша пысықтауыштың мағыналық түрлеріне өз сөйлемдеріңізді құрастырыңыз. Пысықтауыштың мағынасына қарай түрлері
- •4. Пысықтауыштарды түр-түріне ажыратып, көшіріп жазыңыз.
- •IX сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқып, аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қорғаулы жер
- •3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз. Анықтауыш
- •4. Мына сөздерді анықтауыш етіп сөйлем құраңыз.
- •5. Кестені пайдалана отырып, жанама толықтауышқа 5 сөйлем жазыңыз.
- •6. Тура және жанама толықтауыштарды тауып, қай септікте тұрғандығын көрсетіңіз. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
- •X сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
- •2.Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Топырақ құрамы
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Кестеге сүйене отырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің жалғаулықтарын қатыстыра отырып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөйлемдерді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелерін көрсетіңіз.
- •XI сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқып, аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Кесте бойынша өз ойыңызды айтыңыз. Құрмалас сөйлем
- •5. Төмендегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз.
- •XII сабақ
- •1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Планетаның орман қоры
- •2. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.
- •3. Мына сөйлемдерді бірақ, сонда да, әйтсе де жалғаулықтарын қатыстырып, қарсылықты салаласқа айналдырыңыз.
- •4. Төмендегі сөйлемнің екінші компонентін ойдан қосып, қарсылықты салалас жасаңыз.
- •XIII сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, жаттап алыңыз.
- •2.Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қазақстан Республикасының орман қоры
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сондықтан, өйткені, сол себепті жалғаулықтарын қатыстырып, себеп-салдар салалас құрмаласқа айналдырыңыз.
- •XIV сабақ
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қазақстанның экологиялық мәселелері
- •3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •5. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға сұрақ қойыңыз.
- •XV сабақ
- •1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қазақстанның қызыл кітабы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға сұрақ қойыңыз.
- •4. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •Сөж тапсырмалары
- •I сөж тапсырмасы
- •II сөж тапсырмасы
- •2. Төмендегі өлеңдерді оқып, жаттап алыңыз.
- •III сөж тапсырмасы
- •1. Көшіріп жазып, жақсыз сөйлем баяндауыштарының қалай жасалғанын көрсетіңіз.
- •2. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.
- •IV сөж тапсырмасы
- •1. «Өсімдіктердің құрылысы» мәтіні бойынша жапыраққа, тамырға жасушаға ауызша сипаттама беріңіз.
- •2. Мына мақал-мәтелдердің бастауыштарын тауып, астын сызыңыз.
- •V сөж тапсырмасы
- •1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Жаздық арпа
- •2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
- •3. Мәтіннен бастауышы бар сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыштың қай сөз табынан екендігін көрсетіңіз.
- •VI сөж тапсырмасы
- •2. Есім баяндауыштар мен етістік баяндауыштардың ерекшеліктерін салыстыра талдаңыз.
- •VII сөж тапсырмасы
- •1.Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •2. Мына сөздерді пысықтауыш етіп сөйлем құраңыз.
- •VIII сөж тапсырмасы
- •1. Мәтінді аударыңыз. Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері
- •IX сөж тапсырмасы
- •X сөж тапсырмасы
- •Топырақтың маңызы
- •Мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді теріп жазыңыз.
- •XI сөж тапсырмасы
- •1. «Қазақстан топырағының агрохимиялық қасиеттері» мәтінін мазмұндауға дағдыланыңыз.
- •2. Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •XII сөж тапсырмасы
- •1. «Планетаның орман қоры» мәтінінен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз.
- •2. Мына сөйлемдерді және, да, де, та, те жалғаулықтарын қатыстырып, салалас құрмаласқа айналдырыңыз.
- •XIII сөж тапсырмасы
- •Тропиктік ормандар мәселесі
- •2. Төмендегі нұсқау бойынша құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
- •XIV сөж тапсырмасы
- •1. Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
- •2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
- •3. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •XV сөж тапсырмасы
- •2. Тағы қандай қорықтарды білесіз? Әңгімелеп беріңіз.
- •Cтуденттердің білімін анықтауға арналған тест сұрақтары
- •Мазмұны
- •Агрономия факультетінің мамандықтарына арналған
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстан территориясының қанша пайызын орманды жерлер алып жатыр?
2. Ірі орман өрттері қай облыстарда болған?
3. Қазақстан ормандарын неше топқа бөліп қарастыруға болады?
4. Бірінші топқа қандай ормандар жатады?
5. Екінші топқа қандай ормандар жатады?
6. Үшінші топқа қандай ормандар жатады?
4. Сондықтан, өйткені, сол себепті жалғаулықтарын қатыстырып, себеп-салдар салалас құрмаласқа айналдырыңыз.
1. Ол баяу оқиды. Ол аз дайындалады. 2. Мен мәтінді түсінемін. Мен сөздерді білемін. 3. Самат досына хат жазбады. Уақыты жоқ. 4. Біз киноға барған жоқпыз. Емтиханға дайындалдық. 5. Ең жақсы тіл – ана тілі. Оны құрметтеу керек. 6. Біз сыйлық сатып алған жоқпыз. Ақшамыз болмады. 7. Ермек сұраққа жауап бере алмады. Сабаққа дайындалмады. 8. Үйге кіре алмады. Кілтімді жоғалтып алдым. 9. Сабаққа бармаймын. Ауырып қалдым.
5. Сөйлемдердің ішінен талғаулықты салаластарды тауып, олардың басқа салаластардан айырмашылығын көрсетіңіз.
1. Не біз барайық, не олар барсын. 2. Ертең мен не театрға барамын, не киноға барамын. 3. Сізге не Мұрат бірдеңе айтқан, не Ержанның сөзін естігенсіз. 4. Әсет біресе жатады, біресе тұрады. 5. Бүгін біз не үйде боламыз, не қонаққа барамыз. 6. Студенттер біресе тақтаға қарайды, біресе дәптерге жазады. 7. Сен біресе қатты сөйлейсің, біресе ақырын сөйлейсің. 8. Жазира біресе кітап оқиды, біресе теледидар қарайды. 9. Не бор жоқ, не тақта жоқ. 10. Не ұшақпен бар, не автобуспен бар.
XIV сабақ
Қазақстанның экологиялық мәселелері.
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты, мақсат, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.
Мәселе - поблема
Шөл - пустыня
Аймақ - регион
Су көздері – водные источники
Шекара - граница
Мұнай - нефть
Ауыр өнеркәсіп – тяжелая промышленность
Жеңіл өнеркәсіп – легкая промышленность
Ауыз су – питьевая вода
2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Қазақстанның экологиялық мәселелері
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2925 км., Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін Қазақстанның жалпы ауданы Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер бір-бірін алмастырады: орманды дала, дала, шөлейт, шөлді. Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр.
Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы басты мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды.
В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық кешен шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың шоғырлануы, ауанның ластануы және ормандардың тозуы.
Бұл аймаққа солтүстік-шығыс облыстар – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола жатады. Аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі және жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.
С аймағына оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің ластануы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы. Оны суару үшін Арал және Балқаш бассейндерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт өзгермелі шөл аймағында жатыр.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз су сапасының нашарлығы балалар арасындағы жұқпалы аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.