Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК агрономия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
682.5 Кб
Скачать

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанда қызыл кітаптың бірінші томы қай жылы шығарылды?

2. Қызыл кітапқа енгізілген қандай құстарды, өсімдіктерді, жануарларды білесіз?

3. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғап қалу үшін қандай шаралар қолданылады?

3. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға сұрақ қойыңыз.

1. Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді. 2. Мен оқуды бітірген соң, ағам екеуміз ауылға барып жұмыс істейміз. 3. Ол шетелге кеткелі, екі жыл болды. 4. Біз театрға келгенде, концерт әлі басталмапты. 5. Мен дүкенге келген кезде, адам көп болды. 6. Мәтінді оқыған соң, сұрақтарға жауап бер. 7. Сабақ біткен соң, бәріміз кино көруге барамыз. 8. Мен оқу бітіргенше, ағам зауытта жұмыс істейді. 9. Сен келгенде, мен кітап оқып отыр едім. 10. Баласы алтыға келгенде, әкесі оны оқуға берді.

4. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Денсаулығы болмаған себепті, ... . 2. Күні бойы далада көп жүргендіктен, ... . 3. Мұғалім ауырып қалғандықтан, ... . 4. Арман озат оқушы болған себепті, ... . 5. Жұмыс бітпегендіктен, ... . 6. Емтиханға әзірленбеген соң, ... . 7. Жаңбыр жауған соң, ... . 8. Кеш болып қалғандықтан, ... . 9. Уақыт аз болған соң, ... . 10. Үйде азық-түлік біткен соң, ... .

Сөж тапсырмалары

I сөж тапсырмасы

1. «Жарық» мәтінін мазмұндауға дағдыланыңыз.

  1. Сұраулы сөйлемдер қатыстырып еркін тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз.

  1. Өзіңіздің таңдаған мамандығыңыз жөнінде 10 хабарлы сөйлем ойлап жазыңыз.

II сөж тапсырмасы

1. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Давайте сходим в кино. 2. Пусть он расскажет о себе. 3. Иди на урок. 4. Вставай, умывайся, одевайся, завтракай и делай домашнее задание. 5. Пусть приберут дома. 6. Пусть студенты отнесут книги в библиотеку. 7. Прослушайте текст и составтье к нему вопросы. 8. Пусть она идет в гимнастический зал. 9. Пусть ученики сидят в классе и ждут учителя. 10. Пусть Серик выпишет новые слова в тетрадь и переведет их на русский язык.

2. Төмендегі өлеңдерді оқып, жаттап алыңыз.

  1. Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы – менің туған өлкем! (Ө.Тұрманжанов.)

  1. Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! (Ы.Алтынсарин.)

  1. Біз жас ұлан аспандағы

Толған толық айдаймыз.

Алтын заман аясында

Жарқыраймыз, жайнаймыз!

  1. Сен ағаштың көркісің,

Гүлдене бер, көктей бер!

Мен елімнің көркімін

Салтын, сәнін келтірер! (Н.Байғанин.)

III сөж тапсырмасы

1. Көшіріп жазып, жақсыз сөйлем баяндауыштарының қалай жасалғанын көрсетіңіз.

1. Бүркіттің мына хатынан кейін өле қоюдың қажеті болмас. 2. Бұл

сапарымның оң, я теріс боларына кімнің көзі жетіпті. 3. Сондай адамдарды сұрау мен мазалаудың қажеті қанша? 4. Адамның көңілін күшпен жылдамдатуға болмайды, түсіндіру арқылы ғана жылдамдатуға болады. 5. Менің әлі де айтарым – заңды бұзуға болмайды. 6. Көтереді деп арта беруге болмайды, нар көтермейтін де жүк бар. 7. Маған осының керегі не? 8. Аңға таршылық істемесе болар. 9. Тағы бір соғып кетуге тура келеді. 10. Мырза ойлануда. Өңінен ештемені болжап болмайды. 11. Енді сізге айтуға тура келеді. 12. Алғыс сөзден аяқ алып жүргісіз. 13. Жарайды, бізге де бір тынығу керек шығар. 14. Сондай бекер мінездің керегі не?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]