Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

18. Проектге жаңа форма қосу.

Проектіге жаңа форманы енгізу әр түрлі әдістермен жасалуы мүмкін. Егер жаңа бос форманы енгізу керек болса, File| New командасын орындау керек. Енді проектке бұрын жасалған форманы енгізу әр түрлі әрекеттер нұсқасынан тұрады.Проектке дайын форманы қосу үшін Project| Add to Project командасын орындау керек.Ол кезде сол форманың атауы проектте бар форманың атауымен сәйкес болады,сол кезде “The project already contains a form or module named Form1”-«Проектте Form1 атауымен форма немесе модуль бар» деген ескерту шығады.Нәтижесінде форма проектке қосылмайды. Бұл модульге де қатысты болады,егер оған атау алдын ала беріліп қойылмаса,басқа каталогтан форма модулін қосатын болған жағдайда олардың атаулары сәйкес Unit1 болып қалады.Ол кезде де ескерту шығарылады.Сондықтан проекттегі форманың атын өзгертіп қою керек. Егер модульге қатысты болса,онда оны File| Save As командасы арқылы сақтап жаңа атау беру керек.Бірнеше қосымшалардың бірдей форманы қолданудың өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Егер бұл қосымшалар бірдей қолданушылармен қолданылатын бір-бірімен байланысқан топ құратын болса,онда ортақ формалардың болуы ыңғайлы болады. Егер форманы қолданатын қосымшалар әр түрлі болса немесе формалар онда әр түрлі мақсатта қолданылатын болса, бір қосымшада форманы өзгерткен кезде,егер оны компиляциялаған кезде оған дейінгі қосымшаның бұзылуына әкеліп соғады.Мысалы,формадағы бағдарламаның атын өзгеркен кезде,оған дейінгі қосымшаның да аты өзгертіледі,ал бұл қателікке әкеледі.

19. Форманың жеке көшірмесін жасау.

Басқа қосымшадан жаңа қосымшаға форманы қосқаннан кейін бірнеше қосымшалардың бірігіп форманы қолдануды болдырмау үшін Код Редакторы терезесінде осы форманың модуліне өтіп, модульді жаңа қосымшаның каталогында сақтай отырып File| Save As командасын орындау керек.Бұл кезде әр тұрлі қосымшалар бір форманың әр түрлі копиясын қолданады және олардың біреуінің өзгеруі қалғандарына әсерін тигізбейді. Форманың копиясын басқа да әдістермен құруға болады. Біріншіден, оны Windows немесе MS DOS құралдарымен құруға болады, жай ғана сәйкес файлдарды бір каталогтан екіншісіне көшіреміз. Бұл кезде форманың тек қана .срр модуль файлы емес, оның тақырыптық .һ файлы және бейне файлы .dfm екенін ұмытпау керек.Сол үшін барлық үш файлды көшіру қажет. Объектілік модуль файлын көшіресе де болады, себебі ол бағдарламада компиляция кезінде құрылады. Форманың автономды копиясын жасаудың келесі тәсілі – C++ Builder менюін қолдану. Кез келген уақытта ашылатын форманың файлын көрсетіп File| Open командасын және File| Save As командасын тізбектей орындауға болады. Бұл командалардың алғашқысы форманы ашады, ал екіншісі қолданушы көрсететін орын мен беретін атаумен сақталады. Мұндай операцияның артықшылығы-сақталатын файлдың жиынтығын ойлаудың қажеті болмайды. C++ Builder автоматты түрде тек .срр файлды емес, .һ және .dfm файлдарын көшіреді.

20. Депозитариядан форманы уақытша алу(заимствование).

C++ Builder-да тағы бір мүмкіндік бар – Депозитариядан проектке қосылатын форманы уақытша алу. Ол үшін File| New| Other командасын орындау керек,бұл кезде New Items(жаңа элементтер) терезесі ашылады. Forms және Dialogs беттерінде проектіңізге уақытша формалар алуға болады. Уақытша алынған форма терезенің төменгі бөлігінде орналасқан үш радиокнопка арқылы анықталады:Copy – көшіру, Inherit-мұрагерлікпен алу, Use-қолдану. Егер Copy кнопкасы қосулы болса файлдар жай ғана қосымшаға көшіріледі. Ол көшірмені өзгертуге бола береді,себебі ол Депозитариядағы формаға әсер етепейді.Осы режимді C++ Builder құрушыларымен Депозитарияға қосылған форманың бірін проектке қосу үшін қолдануға болады.Депозитариядағы кейбір дайын формалар өте қарапайым, орындалатын кодтары болмайды. Кейбіреулерінде қиын кодтар болады,оларды қолдануға болады. Шаблондарды қолдану қосымшаңыздың индивидуалдығынан айырады.Ал бұл жақсы қосымшаның өте маңызды критерийі болып саналады. C++ Builder-дің дайын формаларын тек қарап шығу үшін, кодтардың кейбір фрагменттерін немесе терезенің кеңістігін ұйымдастырылу принципін уақытша алу үшін қолдануға болады. Егер есепте қосымшаның тез прототипін құру керек болса,онда дайын форманы қолданып,соңғы вариантында өзінікіне ауыстыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]