Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

66. Күрделі жүйелердін құрулымы. Күрделі жүйелердін мысалдары.

Күрделі жүйенің 4 белгісі:

1. "Күрделі жүйелер иерархиялық болады және олар ең төменгі деңгейге дейін ішкі жүйелерден құрала береді."

2.Жүйедегі компоненттердің қарапайымдылығы таңдау қолданушының еркіне беріледі.

3. "Компоненттер арасындағы байланысқа қарағанда компонент ішілік байланыс мықтырақ. Бұл компоненттер ішілік жоғары жиілікті өзара әрекеттесуді компоненттер арасындағы төменгі жиілікті өзара әрекеттесуден бөлуге мүмкіндік береді.

4. "Иерархиялық жүйе ұйымдасқан, комбинацияланған ішкі жүйенің бірнеше типтерінен тұрады. "

Күрделі жүйе мысалы Дербес компьютердің құрылымы. Дербес компьютер (ДК) – күрделі қиындықты құрал. ДК көбісі бірдей негізгі элементтерден тұрады: жүйелік плата, монитор, клавиатура және сыртқы жады құрылғысы. Осы бөліктің кез келгенін алып оларды құрамды бөліктерге бөлуге болады.Жүйелік плата,мысалы,жедел жадыдан, орталық процессор(ОП) және перифериялық құрылғылар қосылған шина. Бұл бөліктерді де тағы бөлуге болады. ОП басқару регистрі мен схемалардан тұрады,ал олардың өзі қарапайым диодтар, транзисторлардан құралады. Бұл күрделі программаалау жүйесінің мысалы. Дербес компьютер оның барлық құрамдас бөліктерінің функционалды жұмыс жасауына байланысты дұрыс істейді. Бұл бөліктер бірігіп логикалық бүтіндікті құрайды. Осылайша монитор мен қатқыл дискі құрылғыларын бір-біріне тәуелсіз түрде зерттеуге болады. Осы жолмен ОП-дің арифметикалық бөлігін жадының жүйесін қарастырмай көруге болады.Яғни ДК-ның иерархиясынң деңгейлері абстракцияның әр түрлі деңгейін көрсетеді және әрқайсысын жеке қарастыруға болады. Абстракцияның әр деңгейінде жоғары деңгейдің функциясын қамтамасыз ететін құрылғылар тобын кездестіруге болады. Мысалы, жады синхронизациясын орындау барысында компьютердің логикалық элементтер деңгейінде қалуға болады.. 

67. Хаосты ретке келтіру. Декомпозициянын қызметі.

Декомпозиция- есептің структурасын және кіші бір- бірімен байланысқан есептерді шешу арқылы үлкен бір есепті шешетін ғылыми әдіс. Декомпозиция әдісі кез келген қарапайым жүйені күрделі жүйе деп қарастырады. Әр жүйе қосымша жүйелерден тұрады.жүйе ретінде материалды объектілер ғана емес құбылыстар да қарастырылады.

Декомпозицияланған жүйенің графикалық түрдегі кескінін иерархиялық құрылым деп атайды. Бұл жүйенің анализі үшін гоафтар теориясы қолданылады. Ол графтық модельден математикалық модельге өтуге мүмкіндік береді.

Декомпозицияның қасиеттері:

1.Бөлшектердің функционалды мақсаты.

2.конструкты құрылғы

3.структуралық қасиеттері

4.этаптар мен процесстер типі

68. Декомпозициянын қызметі. Абстракциянын қызметі.

Программалу екі түрлі түсініктемеге негізделеді:декомпозиция және абстракция.Декомпозиция кезінде есеп біренше бөліктерге бөлінеді:

-әрбір есептің қаралу деңгейі бірдей болады;

-әрбір есеп тәуелсіз шешіледі;

-алынған нәтижелер мәні біріктіріледі;

Программалауда абстракциялаудың келесі түрлері бар:

  1. Процедуралық абстракция.Программалау тілімен берілген жаңа операцияның виртуалды машинасын кеңейтуге көмек береді.Мысал ретінде сессия соңында нәтиже шығару.

  2. Спецификация арқылы абстракциялау.Ол есептеу процессінен бастап процедуралық абстаркциялауға дейін жүреді.Бұл әрбір процедураға оның жұмысын айтып кетесің.Мысалыға екі санның квадраттарының қосындысын табу үшін тек ғана SQ(x,y) деп жазссақ болды.Бұл берілген функция спецификациясы болып табылады.

  3. Деректер абстракциясы.Обьект типтерін берілген обьектіге қолданылатын операциялар жиыны ретінде келтіруге болады.Мс,String типі,бұл тип обьекті тырнақшаға алынған символдар қатары.S1,S2 сөз болсын,онда оларды бір-біріне қосуға болады.S1+S2

  4. Итерация арқылы абстракциялау.Ол циклге қатысы жоқ ақпаратты қарастырмайды.

  5. Басқару абстракциясы.Ол өзіне итерация арқылы абстракциялау мен тізімді басқаруға арналған құрылғылар жиынын қамтиды.

Модульдік абстракция.Бұл программаны бірнеше бөліктерге бөліп қарау,әр бір бөлік өзіне тиісті өлшемге,сыртқы ортамен нақты өлшенген интерфейске ие

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]