Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

54. Windows құжаты үлгісіндегі мәліметтерді бейнелеу-ListView компоненті.

ListView компоненті Windows стилінде кесте, тізім,үлкен және кіші пиктограмма түрінде деректерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпаратты көрсеті стилі ViewStyle қасиетімен анықталады және ол жобалау процессі кезінде қойылуы мүмкін.Ол мынадай мәндерге ие бола алады:vsIcon-үлкен белгілер, vsSmallIcon – кішкентай белгілер, vsList-тізім, vsReport-кесте.ListView-дің негізгі көрсетілетін ақпаратты суреттейтін құрам-Items.Жобалау кезінде ол арнайы редактормен қойылады. Онда New Item және New SubItem кнопкалары бар. Бірақ еншісіндегі түйіннің мағынасы бөлек: ол кесте түрінде vsReport режимінде шығатын ақпарат.Әрбір түйін үшін Caption қасиеті белгіленеді – бұл пиктограмма жанында пайда болатын жазу. Еншісіндегі түйіндер үшін бұл қасиет vsReport режиміндегі кесте ұяшықтарындағы жазуларға сәйкес келеді.Image Index қасиеті пиктограмма индексін анықтайды. Индекс ImageList-тің жеке компоненттерінде сақталған бейнелер тізіміне сәйкес келеді. Бұл компоненттерге сілтеуішті vsIcon режимі үшін LargeImages қасиетінде, vsSmallIcon, vsList, vsReport режимдері үшін SmallImages қасиетінде беруге болады.Индекстер 0-ден басталады. Егер 1 индексін көрсететін болса, пиктограммалар бейнеленбейді. Item Properties панеліндегі Share Index қасиеті берілген объектіге екінші пиктограмманы қосуға мүмкіндік береді. Ондай пиктограмма объектінің қосымша характеристикасы ретінде бола алады. State Index деп көрсетілген индекс ListView компонентінің StateImages қасиетінде көрсетілген, ImageList жеке компоненттінде сақталған бейнелер тізіміне сәйкес келеді.Тізімнің Selected қасиеті қолданушы ерекшелеген тізім элементін анықтайды. Columns қасиеті vsReport режимінде кестелердің тақырыптарын анықтайды.Ол кезде ShowColumnHeaders true мән қабылдауы керек.MinWidth, MaxWidth қасиеттері тақырыптың пиксельдер бойынша минимальды және максимальды енін анықтайды. Енін өзгерті барысында OnSectionResize оқиғасы генерацияланады.

55. График түрiнде берілген мәлiмет бейнесi компоненттерiнiң тiзiмi.

Компонент

Бет

Сипаттамасы

Image (сурет)

Additional

Графикалық ақпаратты ұсыну үшін қолданылады:пиктограммалар, метафайлдар.

Негізгі қасиеті - Picture

DrawGrid (суреттер кестесі)

Additional

Графикалық ақпаратты бағандар мен жолдар көмегімен көрсету үшін қолданылады

Суреттерді орналастыруға арналған канва Canvasқолданылады. Ұяшықтарға суреттерді орналастыру үшін DrawCell оқиғасы қолданылады. Мысалы:

void __fastcall TForm1::DrawGrid1DrawCell(TObject *Sender, int ACol, int ARow, TRect &Rect, TGridDrawState State)

{

int ind=ARow*DrawGrid1->ColCount+ACol;

if (ind<=ImageList1->Count-1)

ImageList1->Draw(DrawGrid1->Canvas, Rect.left+10, Rect.Top+10, ind, true);

}

мұндағы ACol, ARow – қайтып салынатын ұяшықтың бағаны мен жолын білдіреді, TRect &Rect параметрі берілген ұяшықтың канвада орналасу облысын анықтайды, бұл облысқа сурет орналасады, State параметрі ұяшықтың жағдайын анықтайды, ол келесі жағдайларда болуы мүмкін: gdSelected, gdFocused, gdFixed және State үнсіз келісім бойынша әр түрлі жағдайда бола алады.

Shape

Additional

Штрихталған геометриялық фигураларды салу үшін қолданылады. Негізгі қасиеттері – Shape (stEllipse, stRectangle, stRoundRect), Brush

Chart (диаграммалар мен графиктер)

Additional

Бұл компонент TeeChartкомпоненттер отбасына жатады,олар графиктер мен диаграммаларды құру үшін қолданылады. Диаграмма редакторын шақыру үшін компонентті екі рет шертеміз, Edit Chart терезесі пайда болады. Онда келесі жапсырмалар орналасқан: Series – диаграммалар түрлерін таңдау, General – диаграмма масштабын, өлшемін өзгерту, басып шығару, экспорттау, Titles диаграмма тақырыбын орнату, Legend диаграмма легендасының параметрін яғни белгілер тізімін көрсету, Panel диаграмма орналасатын панельдің параметрін орнатады, 3D диаграмманың сыртқы келбетін орнатады, еңкейту, жылжыту, қалыңдығын өзгерту, т.б.

Chartfx(диаграмма, график)

ActiveX

Диаграмма және графиктер редакторы

F1Book (Excellбеттері)

ActiveX

Сандық ақпаратты енгізіп оны өңдеуге арналған компонент

VtChart (диаграммалар)

ActiveX

Диаграммаларды тұрғызу аймағы

PaintBox (сурет салу терезесі)

System

Сурет салуға арналған жұмыс аймағын құруға арналған

MediaPlayer (аудио және бейне плеер)

System

Аудио және бейне файлдарды ойнатуға арналған құрал саймандар панелін құруға арналған

Animate (дауыссыз клиптерді ойнату)

Win32

Дауыссыз .aviформаттағы бейне клиптерді ойнату үшін қолданылады

Progresss

(процесстің орындалуын көрсету)

Win 32

Белігілі бір уақытты алатын процестің орындалу ретін сипаттайтын компонент

Қолдану мысалы:

void __fastcall TForm1::Timer1Timer(TObject *Sender)

{

if (Timer1->Enabled==true)

ProgressBar1->Position=ProgressBar1->Position+1;

}

Gauge (процестің орындалуын көрсету)

Win 32

Процестің орындалуын сызғыш ретінде, мәтін немесе секторлық диаграммалар ретінде көрсету үшін индикатор құру.

void __fastcall TForm1::Timer1Timer(TObject *Sender)

{

if (CGauge1->Progress<100 )

CGauge1->Progress= CGauge1->Progress+1;

else

{

Form1->Visible=false;

Timer1->Enabled=false;

Form2->Show();

} }


56. Кнопкалар,индикаторлар және басқарушы элементтер.

Button (командалық батырма)

Standard

Қосымшада қолданушы белгілі бір командаларды орындау үшін батырма қызметін атқарады.

BitBtn (графикалық батырма)

Additional

Биттік графикалық батырмаларды құру үшін қолданылады (Мысалы, \/ ОК)

SpeedButton

(фиксациялық және графикалық батырма)

Additional

Фиксацияланған басулы күйдегі батырмаларды және мәзірдегі командаларды қайталайтын батырмалары бар құрал саймандар панелін құру үшін қолданылады.

RadioGroup (радиобатырмалар тобы)

Standard

Радиобатырмалар тобын құру үшін қолданылады. Негізгі қасиеті – Items

RadioButton

( тәуелді айырып қосқыш)

Standard

Тәуелді айырып қосқыш, Негізгі қасиеті –Checked

UpDown(санауыш-батырма)

Win32

Санауыш-батырма, Editкомпонентімен бірге қолданылып, сандық ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді.

CheckBox

(тәуелсіз айырып қосқыш)

Standard

Жалаушысы бар айырып қосқыш, қолданушыға бағдарлама опцияларын қосып немесе өшіруге мүмкіндік береді. Негізгі қасиеті –Checked

CheckListBox

(индикаторлары бар батырмалар)

Win32

ListBox және CheckBox компоненттерінің біріккен комбинациясы

TrackBar

(жылжытқыщ)

System

Жылжыту процесін басқаруға арналған

ScrollBar

(айналдыру жолағы)

Standard

Айналдыру жолағы

Timer (таймер)

Win32

Процедуралар мен функцияларды белгілі уақыт интервалында жүктеу үшін қолданылады. Негізгі оқиғасы –On Timer

Басқарушы кнопка ретінде Button қолданылады немесе кнопкада BitBtn пиктограммасының болуы қажетті. SpeedButton кнопкалары шапшаң кнопкалар ретінде және басылып түрған күй керек болған инструментальды панельді құру үшін қолданылады. RadioGroup компоненті кез келген уақытта тек біреуі ғана қосулы болатын әркез орналасқан радиокнопкалардың тобын құруға арналған. Егер әр кезде радиокнопкаларды орналастыру қажет болмаса,онда GroupBox панелінде орналасқан RadioButton компоненті қолданылады. Қолданушы қосып,өшіре алатын әр түрлі опцияларды қосымшаға енгізу үшін Checkbox индикаторлары пайдаланылады.

3 - блок

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]