Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

10. Интегралданған өңдеу ортасы терезесін конфигурациялық басқару.

Конфигурацияларды есте сақтауды бірнеше жолдар арқылы жасауға болады. С++ Builder-дің кезекті жұмысы басталғанда оған дейін жасалған конфигурацияны қайта келтіруге болады. Бірақ тек қана терезелер конфигурациясы емес,оларға енгізілген объект те қайта көрсетіледі. Сонымен қатар Код Редакторындағы курсордың орны да сақталады. Сол үшін ұолданушы тура аяқтаған жерінен жұмысын ары қарай жалғастыра алады. Бұл мүмкіндікті Tools | Environment Options командасын орындау арқылы жасалады. Ашылған диалогтық терезеде Preferences бетінде Autosave options опциялар тобында Project desktop опциясын қосу керек. Сонда ғана ағымдағы конфигурация және проектінің ашық файлдары автоматты түрде жұмыс аяқталған соң сақталады және автоматты түрде жаңа сеанс басталғанда қайта қалпына келеді. Осы опцияны қосқанда терезелер конфигурациясы әрбір проектіге қатысты сақталады. Конфигурацияны сақтау үшін View| Desktops | Save Desktop командасын орындау керек. Пайда болған диалогтық терезеде сақталатын конфигурацияның атауын беру керек. Бұл операцияны әр түрлі конфигурацияға бірнеше рет қолдануға болады. Нәтижесінде панелдегі тізімде қолданушы құрған конфигурациялардың атаулары шығып тұрады. Осыдан кейін қандай да бір проектімен жұмыс жасау барысында осы тізімдегі кез келген конфигурацияны ашуға болады. Ол үшін View | Desktops командасы арқылы конфигурациялар тізімін шығарып керегін таңдап алуға болады. Конфигурацияны таңдаған кезде Код Редакторы терезесіндегі ашық тұрған файлдар өзгеріссіз қалады. Конфигурацияда сақталады:а) Ашық терезелердің жиынтығы; б) терезелердің экрандағы орналасауы мен өлшемдері; в) әр терезенің күйі; г) терезенің қалыпқа келтірілуі. Жасалған конфигурациядан керек еместерін View | Desktops | Delete командасы арқылы алып тастауға болады. Сақталаған конфигурация үшін орнатылған әр түрлі қосымша терезелердің конфигурациялары түзету конфигурациясы ретінде қолданылады. Қайсысы екендігі View | Desktops | Set Debug Desktop командасы арқылы таңдалады. Түзеті режимінде қосымшаны орындауға жіберген кезде қолданушыға сақталған конфигурациялардың тізімі беріледі. Мысалы екі конфигурация сақталған болсын. Конфигурацияны орнату командасын орындау барысында түзету кезінде қай конфигурацияны көрсетсе,сол конфигурация қосымша орындалуға жіберілген кезде орнатылады. Аяқталған соң барлығы бастапқы қалыпқа келеді.

11. 23. C++ Builder-де проектнің ұйымдастырылуы.

С++ Builder проектісі формалардан, тақырыптық файлдары бар модульдерден,олардың орындалуынан, проектінің параметрлерін белгілеуден тұрады. Осы барлық ақпарат файлдарда орналасады. Осы файлдардың көбісі қосымшаны құру барысында автоматты түрде жасалады. Матрицалар,пиктограммалар сияқты ресурстар қолданушы басқа дерек көздерінен алған немесе көптеген инструменттер мен ресурстар редакторы көмегімен жасалған файлдарда болады. Компилятор да файлдарды жасайды. Қосымшаны жобалаған кезде С++ Builder келесідей файлдар құрады:

Проектінің негізгі файлы(.cpp)

С++ Builder .срр файлын қосымшаны инициализациялайтын және оны орындауға жіберетін WinMain негізгі функциясы үшін құрады.

Проект опциясының файлы(.bpr)

Бұл текстілік файлда проект опцияларының орнатылуы мен проектіге қандай файл компиляцияланатынын нұсқауы болады. Файл XML форматында сақталады.

Проект ресурстарының файлы (.res)

Проект ресурстары: пиктограммалар, курсорлары бар екілік файл. Үнсіз келісім бойынша тек проектінің пиктограммасы болады. Бейнелер Редакторы арқылы толықтырылады.

Модульді орындау файлы (.срр)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлы сәйкес келеді. Кейде қолданушы өзі формамен байланысы жоқ модульдерді құра алады.

Модульдің тақырыптық файлы (.һ)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлымен қатар оның форма класының суреттелуі бар тақырыптық файлы сәйкес келеді. Қолданушы өзі де керекті тақырыптық файлдарды құра алады.

Форма файлы (.dfm)

Бұл С++ Builder құрған формалар туралы ақпаратты сақтауға арналған екілік немесе текстілік файл.Оны текстілік файл түрінде немесе форма түрінде көруге болады. Әрбір форма файлына модуль файлы(.срр) сәйкес келеді.

Компоненттің тақырыптық файлы(.һрр)

Қолданушы жаңа компонент құрған кезде файл құрылады. Бұл файлдарды Include\VCL каталогында орналасқан компоненттер кітапханасынан қосуға болады.

Проектілер тобының файлы(.bpg)

Проектілер тобын құру барысында С++ Builder-да құрылатын текстілік файл.

Пакеттер файлы(.bpl және .bpk)

Бұл екілік файлдар С++ Builder-да пакеттермен жұмыс жасағанда қолданылады: .bpl – проектінің өзінің файлы, .bpk – пакеттің компиляциясы мен компоновкасын анықтайтын файл.

Проектінің жұмыс столының файлы(.dsk)

Бұл текстілік файлда проектімен соңғы жасалған жұмыс туралы ақпарат сақталады: ашық тұрған терезелер,олардың орналасуы мен көлемдері. Осыған байланысты жаңа сеанс кезінде алдындағы сеанстағы терезені көруге мүмкіндік болады. Файл тек Autosave options/Project desktop опциясы қосылғанда орындалады.

Келесі файлдарды компилятор құрады:

Орындалатын файл(.ехе)

Бұл қосымшаның орындалушы файлы. Ол автономды орындалушы файл болып табылады.

Модульдің объектілік файлы(.obj)

Бұл соңғы орындалатын файлға компоновкасы орындалатын компиляциядан өткен модуль файлы(.срр)

Динамикалық қосылатын кітапхана(.dll)

Бұл файл егер сіз жеке DLL-ды жобалаған жағдайда құрылады.

Символдар кестесінің файлы (.tds)

Қосымшаны ретке келтіруде реттеуші қолданатын екілік файл

Таңдамалы компоновка файлы (.il?)

Il(.ilc, .ild, .ilf, .ils) кеңейтілуінен басталатын файлдар,олар соңғы сеанстан кейінгі файлдардың қайталап компоновкасын жасауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]