Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

46. Edit, LabeledEdit, MaskEdit редакциялау терезелері.

Text қасиеті AnsiString деген жол типі бар. Осы типке меншіктесек, онда сандық ақпаратта оның автоматты түрде жолға айналуы жүреді. Мысалы:

Edit1->Text=5. / 2;

Компилятор қалыпты қабылдайды және терезеден «2,5» мәтіні пайда болады. Сандық ақпараттарды енгізіп жатқанда StrToFloat функциясын және StrToInt функциясын қолдану керек.

MaxLength қасиеті енгізілетін мәтіннің максимальды ұзындыіғын анықтайды. Егер MaxLength=0 болса, онда мәтін ұзындығы шектелмеген. Modified қасиеті орындалу барысында ғана қол жетімді. Ол терезеде мәтіннің редактрленуі жасалғанын көрсетеді. Егер осы қасиетті қолданғымыз келсе, онда оны қолданар алдында Modified қасиетіне false белгісіне қою қажет. PasswordChar қасиеті редактрлеу терезесін пароль енгізу терезесіне айналдырады. Үнсіз келісім бойынша PasswordChar мәні «#0»-ге тең. Осы қасиеттердің барлығы барлық редактрлеу терезесіне байланысты айтылды. Edit компонентінде осы барлық қасиеттер шектеулі. Ал LabelEdit компонентінде Edit –тен айырмасы жоқ болғанымен, белгі бар. Ол EditLabel қасиетімен беріледі. TBoundLabel класс объектісі болып табылады. Бұл класс барлық негізгі қасиеттерге ие: Caption, Color, Font, Layout, ShowAccelChar, WordWrap, Canvas.

MaskEdit компоненті Edit және LabeledEdit компоненттерінен EditMask қасиетінен жол маскасын беруге болатындығымен ерекшеленеді. Ол қолданушы синтаксисті қателер енгізуді болдырмайды. Мысалы: телефон нөмерлерін, паспорт номерлерін, мекен-жай, уақыт т.б

47. ListBox, CheckListBox, ValueListEditor, ComboBox, ComboBoxEx- тiзiмдерден таңдаудың компоненттерi

Қазір қарастырылытын компоненттер тізімнен таңдап алуды қамтамассыз етеді. Ол ListBox, CheckListBox, ValueListEditor компоненттері. Бұл компоненттерді қолдану қолданушы тізімнен дұрыс жауапты таңдап алған кезде ғана ақпаратты қатесіз енгізуді қамтамасыз етеді.

ListBox, CheckListBox компоненттері жол тізімдерін бейнелейді және қолданушыға қажетті жолды таңдап алуды қамтамассыз етеді. Осы екі компоненттің негізгі қасиеті жол тізімінен тұратын Items қасиеті болып табылады.

ListBox компонентінде MultiSelect қасиеті бар. Ол тізімнен көптеген таңдаулар жасауға рұқсат бере алады. Егер MultiSelect= false болса, онда қолданушы тізімнен тек бір ғана элемент таңдап ала алады. ListBox компонентін біраз қарастырдық енді осыған ұқсас компонент CheckListBox компонентін қарастырайық. Ол тізімді индикатормен береді. Ол тура ListBox сияқты бейнеленеді, бірақ әр жол жанында индикатор беріледі. Ол индикатор арқылы қолданушы таңдауын ауыстыра алады.

Енді ValueListEditor компонентін қарастырайық. Бұл редактрлеу терезесі «аты =мәні» түріндегі жол тізімі. Терезеде екі баған бар. Біріншісі «Key» екіншісі «Value». Key қасиеті аттардың индекстелген тізімі.

Ағылып түсетін тізімдерді қарастыратын компоненттер: ComboBox, ComboBoxEx.

ComboBox компонентінің бейнелену стилі оның Style қасиетімен анықталады. Ол келесі негізгі мәндерді қабылдайды:

-csDropDown- бірдей биіктіктегі ағылып түсетін тізім

-csSimple- бірдей биіктіктегі жиналған ағылып түсетін тізім

-csDropDownList- редактрлей терезесі жоқ жолдары бар ағылып түсетін тізім

-csOwnerDrawFixed- бірдеә биіктікті жолдары бар сурет пен мәтін бейнелене алатын ағылып түсетін тізім

-csOwnerDrawVariable- әр түрлі биіктіктегі жолдары бар сурет пен мәтін бейнелене алатын ағылып түсетін тізім

ComboBoxEx компоненті ComboBox компонентіне өте ұқсайды. ComboBoxEx компоненті ComboBox компонентінен тізімге суретті енгізу оңайлылығымен ерекшеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]