Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

31. Компоненттер фиксациясы.

Компоненттерді ұқыпты орналастырып және түзеткеннен соң оның орналасуын фиксация жасаған жөн. Өйткені жобамен жұмыс істеп жатқанда курсормен белгілеп жатқан кезде абайсызда компоненттерді қозғалтып жіберуіңіз мүмкін, сондықтан түзету жұмыстарын қайта басынан жасай керек болады. Осы келеңсіз жағдайлар болмас үшін Edit|Lock Controls командасын орындаймыз. Бұл команда формадағы барлық компоненттердің орнын қозғалып кетпейтіндей фиксация жасайды. Болашақта компоненттерді өзгерту керек болса, онда қайтадан Edit|Lock Controls командасын орындаймыз. Бұл компоненттерді өзгертуге мүмкіндік туғызады.

32.58.Депозитария- проект және формалар қоймасы.

Депозитарияға (Repository қоймасы) File| New| Other командасын орындағанда кіре аламыз. Сол кезде New Items диалогты терезеcі ашылады. Бұл жерде біз Borland мамандары жасаған Builder C++ программасына енгізілген дайын формаларды таңдай аламыз.

Алдында сәтті жасалған жобаңызды қайта қолданғыңыз келгенде оны каталогтан іздеп табу өте қиын болады. Алайда біз сол сәтті жасалған жобаларымызды тіркеп қою мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Мұндай мүмкіндікті Депозитария көмегімен аламыз.

Депозитария формаларды сақтап қана қоймай оны иеленеді. Депозитарияда форманы сақтау үшін кез келген озіңіз жасаған формаларыңызды қолдануыңызға болады. Депозитарияға форманы кіргізбез бұрын оның модулі міндетті түрде файлда сақталуы керек. Форманың үстіне тышқанның оң батырмасын басып Add To Repository бөлімін таңдаймыз. Сол кезде диалогты терезе ашылады. Содан соң Title бөліміне форма атын жазамыз. Келесі бөлім Description –ға түсінік ретінде сипаттама жазуға болады. Page бөлімінде Депозитария беттерін таңдауға болады. Author бөліміне автор ретінде өзіңіз туралы жазуға болады. Барлық бөлімдерді толтырып болған соң OK батырмасын басамыз. Енді осыны келесі приложенияларда қолдана аламыз. Ол үшін File| New| Other командасын орындаймыз және ашылған New Items бөлімінен сол форманы іздеп тауып ала аламыз.

33. Code Insight-ты қолдану.

Бұл құрал Код Редактор терезесінде орналасқан және ол код жазғанда үлкен көмегі тиеді. Ол көптеген жағдайларда сипаттамалар аттарын, әдістерін, оқиғаларды, аргументтер түрін және т.б анықтап айтып бере алады. Code Insight екі режимде жұмыс істейді: автоматты және автоматты емес. Автоматты режимі жаңадан бастағандарға өте пайдасы зор, ал тәжірибелілерге ол кедергі келтіреді. Сондықтан автоматты режимді ошіріп Code Insight керек кезде ғана шақыру мүмкіндігі бар. Ол үшін Ctrl+Shift+пробел немесе Ctrl+пробел пернелерін басамыз. Code Insight келесі функцияларды орындайды: 1. Кодты аяқтау. Егер приложенияда компонент атын жазып содан соң (- >) белгісін қойып біраз күте тұрсаңыз барлық қасиеттер тізімі жазылған терезе шығады. Керегін таңдап Enter бассақ керек код жазылады. Осылай Code Insight-тің автоматты режимі жұмыс істейді. Егер автоматты режим өшірулі болса сол көмекті,жеңілдікті шақыра аламыз. Компонент атын жазып(- >) белгісін қойып Ctrl+пробел пернесін басамыз. 2. Функция ,процедура және әдістер параметрі. Егер де Code Insight автоматты режимде жұмыс істеп тұрса, онда функция атын жазғаннан соң жақша ашсақ онда параметрлер тізімі және түрлерін көреміз. Және де аргумент мәнін енгізіп жатқанда келесі параметр түрі көрініп тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]