Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

29. Object TreeView терезесі және Редактор Коды диаграммасының беті.

Object TreeView терезесі қолданушы қосымшасындағы бар барлық визуалды және визуалды емес компоненттер талын көрсетеді.Ол компоненттер арасындағы әр түрлі байланыстардың түрлерін көрсетеді:аталық және еншісіндегі компоненттердің арақатынасы, компоненттердің қасиеттері арқылы байланыс, деректер жиынтығы байланысы және т.б.Объектілер талы терезесін формаға қандай да бір панельдер,компоненттер орналастырған соң қарауға болады.ИӨО конфигурациясында ол терезе экранның сол жақ бөлігінде орналасқан.Немесе егер ол терезе көрінбейтін болса,онда View| Object TreeView командасын орындау керек.Егер талдағы бір төбені ерекшелеп алатын болса,сәйкес компонент формада ерекшеленеді,ал Объектілер Инспекторында оның қасиеттер мен оқиғалар беттері ашылады.Сол үшін Объектілер Талдары арқылы формада «жоғалған» элементті табуға болады.Компоненттерді бір аталық контейнерден келесіне көшіру үшін,талда сәйкес төбені басқа аталық төбеге,мысалы,басқа панельге апарып қою керек.Формадағы компонент бұл кезде жаңа аталықтың өрісіне орын ауыстырады.Тура осы жолмен деректер қорымен жұмыс кезінде деректер көздерін,жинағын,деректерді көрсету компоненттерін тасуға болады.Диаграмма құру үшін Объектілер Талы терезесі Код Редакторының Diagram бетімен бірге қолданылады.Бұл беттегі Name терезесі құрылатын диаграммаға қандай да бір атау беруге мүмкіндік береді. Description терезесі диаграмманың тесктілік суреттелуін құруға мүмкіндік береді.Егер берілген модульге бірнеше диаграмма құрылған болса,сол жақтағы шығатын тізімнен керек диаграмманы таңдап алуға болады.Тізім жанындағы сол жақ тез кнопкасы жаңа диаграмманы құруды бастауға мүмкіндік береді.Оның оң жағында диаграмманы өшіретін тез кнопка орналасқан.Ең басында диаграмма өрісі бос болады.Оған керек компоненттерді қою үшін олардың төбелерін Объектілер Талы терезесінен алып қою керек.Көшірілген компоненттер бейнелерінің арасында олардың арасындағы байланысты суреттейтін нұсқағыштар автоматты түрде пайда болады.Осыдан кейін оларды диаграмма терезесінде көрнекі етіп қою ғана қалады.Егер нұсқағыштардың орта нүктелерінің бірінен тартатын болса,нұсқағыш майысады.Осылайша,нұсқағыш сызығын бөлік-сызықты етуге болады.

30. Компоненттер тобымен жұмыс істеу.

Формада қандай да бір операциялар қолданылатын компоненттер тобын ерекшелеуге болады. Ерекшелеуді екі әдіспен жүзеге асыруға болады.Егер компоненттер тікелей форманың өзінде және бір-бірінің жанында орналасқан болса,онда ол топты ерекшелеу үшін олардың айналасына курсормен рамка жасау керек,сол кезде олардың бәрі ерекшеленген болады.Егер топтың компоненттері тікелей формада орналаспай,мысалы,панельде орналасқан болса,онда оларды рамкамен ерекшелеу мүмкін емес.Сонымен қатар форманың әр жерінде орналасқан топтың компоненттерін де рамкамен ерекшелеуге болмайды.Бұл жағдайда ерекшелеу басқалай жасалады.Керек элементтерді курсормен Shift-ті басып тұрып белгілеу керек.Осылай ерекшеленген барлық компоненттер топқа енетін болады.Ерекшеленген компоненттер тобына мынадай операциялар қолдануға болады:

  • Курсормен ерекшеленген элементтің бірін тарту арқылы,оларды біруақытта орын ауыстыру.Бұл формадағы компоненттерді олардың өзара орналасауын бұзып алмау үшін ыңғайлы болады.

  • Объектілер Инспекторында барлық топқа ортақ қасиеттерді беру. Объектілер Инспекторының қасиеттер бетінде топты ерекшелегенде олардың тек ортақ қасиеттері көрінеді.Ал Name компонент атауы немесе Caption жазуы жоғалып кетеді.Барлық ерекшеленген компоненттердің шрифтін,бейнеленуін,түсін белгілеуге болады.

  • Топтың барлық компоненттеріне ортақ қандай да бір оқиға өңдеушіні тағайындауға болады. Жобалау барысында мұндай қажеттілік жиі туындайды.

  • Барлық топты Clipboard алмасу буферіне Edit| Copy командасы арқылы немесе Ctrl+C батырмалары арқылы көшіруге болады.Осыдан кейін басқа форма ашып оған Clipboard-тан Edit| Paste командасы немесе Ctrl+V батырмалары арқылы топты орналастыруға болады.Бұл бір формадан екіншісіне фрагменттерді тасудың оңай тәсілі.Бұл тәсілді компоненттер тобын бір панельден екіншісіне тасуда қолдануға ыңғайлы.

  • Топтың компоненттерін өлшемдері мен өзара орналасулары бойынша түзету.

Түзету кезінде Edit| Align – орналасуды түзету, Edit| Size – өлшемдерді түзету, Edit| Scale – масштаб бойынша командаоары қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]