Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652.25 Кб
Скачать

27. 59. Формада компоненттерді «көп қабатты» орналастыру.

Компоненттер өте жиі панельдерде орналасады. Одан басқа панельдер бірінің үстіне бірі орналасады,сонда формада компоненттердің «көп қабатты» орналасуы болады. Егер компонентті кітапханадан формаға емес,панельге апарса,онда бұл панель оған аталық болып табылады. Оны енді аталық панельден тыс ешқайда қоюға мүкін болмайды.Егер компонентті берілген панельге орналастырмай,басқа панельге немесе тікелей формаға орналастыру керек болса,онда оны Clipboard ауысу буфері арқылы жасауға болады.Тасымалданатын компонентті курсормен ерекшелеп, оны Clipboard-та Edit| Cut командасымен немесе Ctrl+X пернесі арқылы қиып алуға болады.Одан кейін формада немесе компонентті көшіру керек болатын панельге басып, Edit| Paste командасын немесе Ctrl+V пернесі арқылы қоюға болады. Компонент Clipboard-тан жаңа орынға тасымалданады және панель немесе форма болатын жаңа аталығы пайда болады.Жобалау процесі кезінде панельді тасымалдау барысында ол формада немесе басқа панельде орналасқан қандай да бір компоненттерді басып қалуы мүмкін.Ол басылып қалған компоненттердің көріну-көрінбеуі олардың Z-тізбегіндегі орнына байланысты болады.Белгі секілді терезелі емес компоненттер әдейі көрінбейтін болады,себебі олар Z-тізбекте кез келген терезелік панельдерден төмен орналасады.Ал басқа терезелік панельдер,кнопкалар,өзгерту терезелері компоненттердің көрінуін басқаруға болады.Бұл Edit| Bring To Front және Edit| Send To Back меню командасымен орындалады.Олардың алғашқысы ерекшеленген терезелік компонентті Z-тізбектің төбесіне ауыстырады және ол басқа барлық терезелік компоненттерді басып тастайды.Ал екінші команда ерекшеленген терезелік компонентті Z-тізбектің ең төменіне орналастырады және кез келген басқа Z-тізбекте жоғары орналасқан компоненттер оны жауып тастайды.Бұл командаларды оңайырақ орындауға болады:оң жақ батырманы басып,оларды шыққан менюден таңдап алу.

28. «Жоғалған» компоненттерді іздеу.

Кейде формада бар болған компоненттің табылмай қалуы мүмкін.Бұл бірнеше себептермен болады.Мысалы,егер AutoSize қасиеті true етіп қойылған және Caption жазуының мәнін өшіріп TLabel белгісін қолданса,онда белгінің горизонталь өлшемі 0-ге дейін кішірейеді және қосымшаны орындау барысында Caption мәні өзгермейінше ол формада көрінбейтін болады.Компонент егер Z-тізбекте одан жоғары орналасқан басқа компонентпен жабылған болса «жоғалуы» мүмкін.Басқа да себептер әсер етеді,мысалы,компонент фонмен түстес болып кететін түс таңдалған кезде. «Жоғалған» компонентті оның атауын Объектілер Инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан тізімнен таңдап табуға болады.Бұл тізімде формадағы барлық компоненттер тұрады.Егер одан керекті компонентті таңдап алса,онда формада оның айналасында үстінен басқа панельмен немесе басқа компонентпен жабылаған болған жағдайда да көрінетін маркері бар рамка пайда болады.Бұл кезде Объектілер Инспекторында табылған компоненттің қасиеттер мен оқиғалар беттері көрінетін болады.Егер іздеу мақсаты сол компонентке қандай да бір қасиеттер немесе оқиғалар өңдеушілер мәндерін белгілеу керек болса,одан басқа ештеңе жасаудың қажеті жоқ.Егер басқа компонентпен немесе панельмен жабылған компонентке жету керек болса,онда оларды уақытша бір жерге ығыстыру керек,немесе оларды Z-тізбектің төменіне ығыстыратын Send To Back командасын орындау керек.Формада компонентті табудың тағы бір тәсілі – оның төбесін Объектілер Талдарында ерекшелеу.Ештеңені қозғалтпай үстінде бірнеше панелдер жатқан панелді алу,немесе панелдермен басылған формаға жету сұрағы маңызды болып табылады.Ол үшін жоғарғы панельді ерекшелеп Esc пернесін басу керек.Объектілер Инспекторы терезесінде төменде жатқан панельмен байланысқан беттер ашылады.Esc пернесін тағы басатын болса, келесі қабаттың беттері ашылады және т.с.с,барлық форма беттері ашылғанға дейін.Егер панельдің бір ғана қабаты болса,онда форма беті ең алғашқы Esc пернесін басқанда ашылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]