
Құқықтың саналы-еріктілік сипаты –
Құқық бұзушылық құрамы – құқық бұзушылықтың құрамының міндетті
элементіне: құқық бұзушылықтың объектісі, құқық
бұзушылықтың объективтік жағы, құқық
бұзушылықтың субъектісі, құқық бұзушылықтың
субъективті жағы.
Әлеуметтік билік – адамдардыңм кез келген бірігуіне тән үстемдік пен
бағынушылық қатынастар.
Әлеуметтік нормалар – қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін,
қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.
Түсінік берудің тәсілдері – түсінік берудің екі түрі болады: ресми және бейресми.
Ресми түсінікті мемлекеттік орган береді. Ресми түсінік
түрлері: нормативтік түсінік беру, казуалдық түсінік
беру, сот органдарының ресми түсінік беруі, әкімшілік
органдарының түсінігі, дәлме-дәл түсінік беру, шектеулі
түсінік беру, кеңірек түсінік беру, аутентикалық түсінік
беру,легальдық түсінік беру, арнаулы заңды түсінік
беру. Бейресми түсініктерді заңгерлер,ғылыми
ұйымдар,мамандар береді. Олар: доктриналық және
жалпылама болып бөлінеді.
Қоғам құрылымы
Құқық нормасы құрылымы – оларға диспозиция, санкция, гипотеза жатады.
Субординация - қызмет жағдайында кішілердің үлкендерге, төменгі органдардың
жоғарғы органдарға бағыныштылығы. Жалпы алғанда, қызмет
ережелерін, сонын ішінде әскери тәртілті орындау деген ұғым.
Құқық бұзушылық субъектісі - мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас
субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен
әрекет қабілеттіліктің бірлігі).
Субъективтік құқық - субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері.
Құқықтық қатынас субъектілері - Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа
жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке
субъектілерге мыналар жатады:азаматтар;
екі азаматтылығы бар адамдар;азаматтығы жоқ
адамдар;шет ел азаматтары.
Сот прецеденті – келешекте үлгі болатын, заңнамада қажетті норма болған жағдайда
қабылданатын сот шешімі.
Мемлекет мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты
қасиеті.
Мемлекет және құқық типі – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен
нышандарын түсіну үшін қолданылатын әдіс.
Унитарлық мемлекет – саяси билік бір орталыққа бағынған, мемлекет ішінде өз
алдына басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекет түрі.
Өкілдік беру – белгілі бір қызметті атқаруға белілген құқық, билік.
Құрылтайшы нормалар – коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдардың
заңды тұлға ретінде жиналысы барысында ұйымдық-
құқықтық нысаны, құру жөнінде міндетеме, жарғысын
бекіту мәселелерін шешу.
Заңды дерек - құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін
немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды
айтамыз.
Деректік құрылым – белгілі құқықтық нәтиже тууға қажетті заңды деректердің
жиынтығы.
Федеративтік мемлекет - заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше
субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы.
Мемлекеттік құрылым нысаны – мемлекет құрылымы, мемлекеттің біртұтас және
аумақтық бөліктері ретіндегі ара қатынасы.
Басқару нысаны – мемлекетте жоғары билікті ұйымдастыру.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан
мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады.
Құқық функциясы - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін
көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары.
Мемлекет және құқық теориясы фукциялары - Мемлекет жəне құқық
теориясының үш негізгі
функциясы бар: Теориялық-
танымдық, Тəжірибелік-
қолданбалық, Тəрбиелі.
Заңды міндеттеме – құқыққа өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін
белгіленген заңды, әрі қажетті жүріс- тұрыстың мөлшері.
Заң техникасы – құқықтық актілерді тиімділігін арттыра түсу мақсатында
қолданылатын, оларды даярлау және ретке келтірудің амал-
тәсілдері мен ержелерінің жүйесі.
Заңдылықтың юридикалық кепілдемелері – 1.Материалдық кепілдік – егер де
субъектілер өзара қателіктер
жіберсе өздері келісімге келіп
нормативтік актіні дұрыс
орындауға тиіс. 2. Саяси кепілдік –
қоғамның саяси тұрақтылығы
заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді.
Қоғамдағы барлық бірлестіктер,
одақтар, ұжымдар, саяси партиялар
дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп
әсер етеді. 3. Моральдық кепілдік –
қоғамның инабаттылық,
парасаттылық деңгейі болса
заңдылық, тіртіп те жақсы болуға
тиіс. 4. Заңды кепілдік –
мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті
бақылап отыратын арнаулы
органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.